Материалдар / Менің Отаным Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің Отаным Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің Отаным Қазақстан" атты ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
749
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан  
Мақсаты: 
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. 
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, Астана қалаларына байланысты суреттер, слайд
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеп, тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстырамын. 

І-жүргізуші:


Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.


ІІ жүргізуші:


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 


І жүргізуші: Армысыздар қадірлі де ұлағатты ұстаздар!


ІІ жүргізуші: «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


І жүргізуші: Біздің Отанымыз - Қазақстан деп аталады

ІІ жүргізуші:
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. 


І жүргізуші:

Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.


ІІ жүргізуші:
Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет.

Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
  
Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
-Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?

(ой - пікірлерін тыңдау) 
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.


1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы:   Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген. Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары - өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.
  
І-жүргізуші:
Ал, ендеше оқушылардың Отан туралы дайындаған өлеңдеріне кезек беріп, тыңдай отырайық.

1 - оқушы: 
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң, 
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың. 
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң, 
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың. 
2 - оқушы: 
Отан - жерім, Отан - суым, 
Отан - қуат, нәр береді. 
Отан - ұран, Отан - туым, 
Отан мәңгі гүлденеді. 
Сүйемін мен Отанымды, 
Гүл жайнаған жерімді. 
Сүйемін мен ата - анамды, 
Мені өсірген елімді. 


3 - оқушы:
Тас жаратын семсердей тілімдесің 
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің. 
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан 
Ойым да, түнім де, күнімдесің. 





4 - оқушы: 
Отан - менің өзегім, 
Қиының болса төземін. 
Алдағы бақыт шақтарды, 
Жүрегіммен сеземін. 
5 - оқушы: 
Отаным - менің өзегім, 
Қырыңды шарлап, кеземін. 
Білу керек әр ұрпақ, 
Бес саусақтай өз елін. 
6 - оқушы: 
Отаным - мәңгі қорғаным, 
Қалаймын бақыт қонғанын. 
Сүйемін және сондықтан, 
Өзенін, көлін, орманын. 
7 - оқушы: 
Бақытты боп жүргенім, 
Сенің арқаң, Ұлы Отан. 
Елім менің тірегім, 
Құшағыңда гүл атам. 
8 - оқушы: 
Ата, Әжем, Әкем, анам - 
Төртеуі де «Отан!» маған 
Төртеуі де «Ботам» дейді 
«Ер азамат атан!» дейді 
Мақтанамын Отаныммен, 
Отаныма «Ботамын»мен 
9 - оқушы: 
Сарқылмайтын қуатым, 
Тірегімсің сен, Отан! 
Мәңгі соғып тұратын, 
Жүрегімсің, сен Отан! 

ІІ-жүргізуші:


Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін. 
10 - оқушы: 
Біз жас ұлан - Отан ана өркені 
Үміт артқан болашағы, ертеңі. 
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, 
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені. 

11 - оқушы: 
Отан дейміз кең - байтақ астананы, 
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. 
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ 
Ол бірақ өз үйіңнен басталады. 


12 - оқушы: 
Қазақстан - көк байрақты ел едің, 
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. 
Өзің менің мақтанышым, тірегім, 
Өзің менің қуанышым, бақытым 

13 - оқушы 
Қыран құсым көк аспанда самғасын, 
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр! 
Жас ұландар, берік ұста туыңды 
Жарқыратып туған елдің таңбасын. 

Бәрі: Ол біздің - Қазақстан! 
Гүлниза : «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.  

І-жүргізуші:

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.


І-жүргізуші:

Ия Ту, Елтаңба, Әнұран.

Енді осы рәміздер туралы қысқаша айтып берейін.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен ел болдық. Биыл 27 жыл. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының Әнұраны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының Туы.

1-оқушы:
 Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.



2-  оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.


       3-оқушы: Өзіңдікі- елің де,
  Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
 
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы  Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

ІІ-жүргізуші:


Хор: «Атамекен»  

Мұғалім: 
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады? 
- Қоғалы
Туған жеріміз Қоғалы біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. 

І-жүргізуші:
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз? 
1. Туған жер - тұғырың 
Туған ел - қыдырың.  Айша
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.  Нұрдаулет
3. Туған жер – алтын бесік.  Алмасбек
4. Туған жердің топырағы да ыстық.  Дариға

Мұғалім: Ал енді Қазақстан елінде қанша облыс бар? Ия, дұрыс айтасыңдар. 14 облыс бар. Қазір сол облыстарды рет-ретімен орналастырамыз.

 Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.


ІІ-жүргізуші:


Ән: «Біз Отанның ұланымыз!»

Орындайтын «Жігіттер» тобы

І-жүргізуші:

Би: Қыздар биі


І-жүргізуші:

Ән: «Қазағым»

Орындайтын: Иса Ақбота







Қорытынды: М.Мақатаевтың «Үш бақытым» әнімен қорытындылаймыз.


Ең бірінші бақытым –халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмайымын.

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым тілі менің

Тас жүректі тіліммен тілімдеймін

Кей-кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші Отан деген

Кім мықты?- десе біреу Отан дер ем

Оты сөнген жалында жан барсың ба?

Ойланбай- ақ кел дағы от ал менен!


ІІ-жүргізуші:


Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет.


І-жүргізуші:


Осымен бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан » атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Сау болыңыздар! 































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!