№
4 ҰОҚ
Білім беру
саласы: Әлеумет.
Бөлімі:
Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!
Мақсаты:
Отан туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
1.Қазақстанның
кең-байтақ, бай
мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін дамыту:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен таныстыру.
-
Балалардың қызығушылығын,
ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз
Отаны туралы білуге деген құштарлығын ояту.
-
Туған жерін сүюге,
қадірлеуге үйрету.
Күтілетін
нәтижелер:
орындайды:
тақырып бойынша берілген
тапсырмаларды.
түсінеді:
мемлекет астанасы
дегенді.
қолданады:
алған білімдері мен
дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: кілем, карта, Астана қаласының суреттері, тудың суреттері.
Сөздік жұмыс:
Отан.
Билингвалды
компонент: Отан – Родина, астана – столица.
ҰОҚ
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі Шаттық
шеңбері.
–
Сәлеметсің бе, Күн шуағы!
Сенің шуағың ертемен бізді оятты. Күн шуағы бізге әрдайым нұрын
шашады. Рақмет саған! Біз өстік, саған қарай қол созамыз,
қонақтарға жылы лебіздерімізді білдіреміз! Бір-бірімізге жақсы
көңіл күй сыйлайық. Күн шуағы, сен бүгін бізбен бол!
–
Өте жақсы, балалар! Саяхатқа
шыққыларың келе ме?
–
Мен сендерге сиқырлы
кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.
-
Негізгі
кезең
–Біз кілемшемен туған
өлкеміздің үстінен ұшып бара жатырмыз. Біздің Отанымыз қалай
аталады?
–
Картадан еліміздің аумағын
көрсетіп, Отанымыз туралы әңгімелеу.
Билингвалды
компонент:
Отан – Родина, астана –
столица.
Сөздік
жұмысы:
Отан (Родина) – туған ел,
өскен жер.
–
Балалар, біз қазір елді
мекендер үстінен ұшып барамыз: кішкентай үйлер, киіз үйлер,
жайлауда мал жайылып жүр, ешқандай көлік түрлері, түтіндеп жатқан
фабрикалар мен зауыттар көрінбейді. Табиғаты әсем, ауасы таза, суы
мөлдір.
–
Бұл не екен?
(Ауыл).
–
Бұл еліміздің ең басты
қаласы –Астана.
Астананың үстінен ұшып
барамыз. (Астана қаласындағы жаңа ғимараттардың суреттерін
көрсету).
–
Астана – столица. Астананы
елорда деп те атайды. Өйткені ол еліміздің ордасы, басты қала
дегенді білдіреді.
Сергіту сәті: «Жақсы
ма?»
–
Күн шыққаны жақсы
ма?
–
Жел соққаны жақсы
ма?
–
Достарыңмен бірге жүрген
жақсы ма?
–
Анаңды құшақтаған жақсы
ма?
–
Отаныңда өмір сүрген жақсы
ма?
–
Үйде болған жақсы
ма?
–
Би билеген жақсы
ма?
–
Отанымның азаматы болған
жақсы ма?
–
Саяхатымызды ары қарай
жалғастырайық. Басқа елдердей Қазақстан Республикасының да өзінің
рәміздері бар. Үлкен ғимараттардың үстінде Қазақстан
Республикасының Туы желбіреп тұрады.
– Осы
ғимараттың қасында тоқтап туды мұқият қарастырайық.
14
Педагог тудың суретін
көрсетеді.
– Туда
не бейнеленген? Балалар, туды жалау деп атауға болады.
«Қазақстан жалауы» өлеңін
тыңдау.
Көк аспандай
көкпеңбек
Көк емес ол тектен-тек
–
Елдің ашақ
қабағы.
Ақ ниеті алтын
күн,
Асқақ арман
қыраны
Жалауы – бұл
Халқымның мәртебесі, туы,
ары.
– Өлең
не туралы?
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы туралы әңгіме:
–
Қазақстан Республикасының
туы көк түсті. Ол – тазалық пен пәктіктің нышаны. Тудың ортасында алтын күн бейнеленген. Ол – байлық пен
берекенің белгісі. Күннің астында шарықтап ұшқан алтын қыран
орналасқан. Ол еліміздің күшін білдіреді. Тудың сол жағында ою
бейнеленген.
Қазақстанның әр азаматы өз
елінің рәміздерің құрметтеп сыйлауға міндетті.
3.
Рефлексия.
–
Міне, саяхат та
аяқталды.
–
Сендерге саяхат ұнады
ма?
–
Біз қай жерлерде
болдық?