Оқу іс- әрекетін ұйымдастырудың технологиялық
картасы
Аптаның тақырыбы:
«Біздің тұңғыш
Президентіміз»
Өткізілетін
күні: 03.12.14 ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл
дамыту
Тақырыбы: «Менің Отаным
Қазақстан»
Мақсаты: Өз Отаны туралы білу.
Тұңғыш Президентті білу.
Әдіс - тәсілдер: «Шаттық
шеңбері» ,әңгімелесу, сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ жасыру, «Бұл
қай кезде болады?», «Ауа райының өзгерістерін
тап» ойындары, көркем
сөз.
Құрал - жабдықтар: көрнекі
суреттер, ойын атрибуттары, сюжетті
суреттер
Сөздік қор: табиғат, ауа
райы.
|
Іс–әрекет
кезеңі
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Балалардың іс -
әрекеті
|
Талдау
|
|
жағымды
|
жағымсыз
|
|
Мотивациялық -қозғаушы
|
1. «Шаттық
шеңбері»
Кел, балалар,
күлейік!
Күлкіменен
түлейік!
Күлкі көңіл
ашады,
Күліп өмір
сүрейік! 2.
Жұмбақ
жасыру
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
|
Өлең мазмұнына сәйкес
қимылдарды орындайды.
-
Қыс
мезгілінде
|
|
|
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
1.«Бұл қай кезде болады?»
дидактикалық ойыны
Мақсаты:
Жыл мезгілдері туралы
білімдерін кеңейту.
2.
«Табиғат туралы мақал
-мәтелдер айту»
«Жер - қазына, Су - гауһар»
«Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып
қалмас!»
3. Сергіту сәті «Киіз
үй»
Керегені
жазайық,
Шаңырақты
құрайық,
Уық болып
иіліп,
Киіз үйдей
болайық.
4.«Ауа райының өзгерістерін тап»
ойыны
Шарты: Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін
табу.
|
Суретке қарап, жыл мезгілдерін
тауып айтады.
Бірнеше рет қайталап, еске
сақтауға тырысады
Қимылмен орындап
айтады
(Балалар ойынды шарты бойынша
ойнайды.)
|
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
1.
Сұрақ-жауап
- Қандай жыл мезгілдерін
білесіңдер?
- Қандай ойындар
ойнадық?
-Қандай жыл мезгілін
ұнатасыңдар?
2.Балалар жұмысына
талдау жасап, мадақтау жүргізіледі.
|
Балалар жауаптары
тындалады.
|
|
|
Күтілетін
нәтиже: Өз ойларын толық айта
алады. Қыс мезгілі жайлы түсінік
алады. Ойындарды
бірлесіп ойнай
алады.
Оқу іс-
әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Аптаның тақырыбы:
«Отан қорғаушылар
күні»
Өткізілетін
күні: 02.05.17
ж
Білім беру саласы:
Қатынас
Бөлімі: Тіл
дамыту
Тақырыбы: «Отан» өлеңін
жаттау
Мақсаты: 1 сәбилер тобы: Өз
Отаны туралы білу.
2 сәбилер тобы: Есте сақтау
қабілетін дамыту, жатқа айта білу.
Құрал - жабдықтар: көрнекі
суреттер, ойын атрибуттары, сюжетті
суреттер
Сөздік қор:
Отан.
|
Іс–әрекет
кезеңі
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Балалардың іс -
әрекеті
|
Талдау
|
|
жағымды
|
жағымсыз
|
|
Мотивациялық -қозғаушы
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
Көк тудың
желбірегені
Жаныма қуат
береді.
Таласқа түссе жан мен
Ту
Жан емес маған
керегі-
Көк тудың
желбірегені.
|
Шеңбер бойына тұрып,
қимылдар жасайды.
|
|
|
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Кіріспе
әңгіме:
-Отан деген
не?
-Отан деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
-Біздің ұлтымыз- қазақ.
Отанымыз- Қазақстан Республикасы деп
аталады.
-Бүгінгі біздің оқу іс-
әрекетінде ақын Ермек Өтетілеуұлының “Отан” өлеңімен
танысамыз.
“Отан” өлеңін мәнерлеп оқып
беру.
Әңгімелеу.
-Отанды біз “атамекен” деп
айтамыз, өйткені оны бабамыз бен атамыз мекен еткен. Отанды әркім
анасындай бағалап, қастерлейді. Өйткені Отан бізді баласындай
өсіріп, аялайды.
Отан деген -
атамекен,
Отан деген - туған
жер,
Отан-
ана,
Отан-
үлкен
Қазақстан- туған
ел.
|
Балалардың
жауабы.
Мұқият
тыңдайды.
Қосыла
қайталайды.
|
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
-Отан туралы қандай өлең,
тақпақтар білесіңдер?
Мақал- мәтелдер
айту.
|
Өлең, тақпақтар,
мақал- мәтелдер айтады.
|
|
|
Күтілетін
нәтиже:
Түсінеді: өлеңнің
мазмұнын.
Қолданады: мақал- мәтелдер
арқылы ой- өрісі кеңейеді.
Қабылдайды: өз Отанын, жерін
сүіп, құрметтеуді.