400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің Отаным-Қазақстан" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 4 сыныпқа беретін мұғалімдерге арналған. Ішінде тақырыпқа сай әр түрлі тапсырмалар бар. Оқушылардың білім деңгейін көтеру; сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сынып

05.02.2019ж

Кобзаренко Т.А.

Сабақ тақырыбы:

Менің Отаным -Қазақстан

Сабақың мақсаты:


оқушылардың білім деңгейін көтеру; сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу.

Әдісі:

сұрақ-жауап, ой қозғау


Сабақтың барысы

I. Психологиялық кезең

II. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

— Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады?

— Тудан.

— Көк түс нені білдіреді?

— Ашық аспанды білдіреді.

— Сары түс нені білдіреді?

— Күн сәулесін білдіреді.

— Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?

— Қазақстан.

— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)

(Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату)


III. Жаңа сабақ


Кіріспе бөлімі:

— Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз.


IV. Сөздікпен жұмыс


Жаңа сөздер
Құрлық — суша, материк
Еуразия — Евразия
Жазық дала — равнина
Шөл — пустыня
Аймақ — край
Қорық — заповедник
Белес — преграда, трудности


V. Мәтінмен жұмыс:


а) тізбектеп оқыту;
ә) әр топ бір-біріне 3 сұрақтан қойып, жауап береді.

Қазақстан — біздің Отанымыз

Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да кездеседі.

Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.

«Медеу» мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.

Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. 1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. (слайд көрсетіледі)

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

1. Қазақстан Республиксы қай құрлықта орналасқан?
2. Қазақстанның жері қандай?
3. Қазақстанда қандай мұз айдыны бар?
4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
5. Мәтінді қысқаша мазмұндау, оқушылардың түсінгендерін тыңдау.

VI. Серіту сәті


«Елім менің» өлеңінің бір шумағын әнімен айту.

«Елім менің»
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!


VII. Грамматикалық тапсырмалар орындау


1. Тапсырма. «Ойлан, тап!» Өлең жолдарындағы «Атамекен» сөзіне синоним сөзді тауып айт.

2. Тапсырма. Дәптермен жұмыс. Төменде берілген мақал — мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.

Ел іші — ........
Отансыз адам — ......
Отан — оттан да .....
Отан отбасынан ......

Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.

3. Тапсырма. Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстан Республикасы ...... орналасқан.

Н.Ә.Назарбаев ...... Президенті.

Қазақстанның табиғаты .....


VII. Сабақты бекіту, қорытындылау


— Алда үлкен мереке. ҚР-ның Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін. Осында отырған қонақтарымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңді жазыңдар.

(Балардың жазған тілектері тыңдалады).


Үйге тапсырма:


Үш деңгейлік тапсырма орындау.

Жасыл кеспе. Мәтінді оқу, аудару, әңгімелеу.

Қызыл кеспе. Мәтін бойынша диалог құрастыру.

Сары кеспе. «Менің Отаным — Қазақстан» шағын шығарма жазу.


Бағалау






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
1800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі