Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Менің Отаным Қазақстан 4-сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Менің –Отаным Қазақстан . Біздің еліміз кең байтақ ,ұшы –қиыры жоқ шексіз жазира дархан дала .Ата – бабамызға ежелден бері қоныс болған кең дала менің –Атамекенім , Отаным. Отан .Қандай мағыналы сөз . Отанды құрметтеу анамыздың ақ сүтімен ,әкелеріміздің парасатты ақылымен әр жалындаған жастың жүрегіне жетуі керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
10493
3 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қашықтан өткізілетін Республикалық интернет байқауына қатысу өтінімі
Қашықтықтан өткізілетін Республикалық интернет байқауына қатысу өтінімі Қатысушының аты-жөні, тегі | Жасы | Облыс қала, аудан , ауыл, білім беру ұйымының атауы, сыныбы , курсы | Байқаудың , номинацияның, жқмыстың атауы | Байланыс мәліметі(ұялы телефон, эл. адресі) | Жетекшінің аты- жөні, тегі жұмыс орны мен қызметі | Жетекшінің байланыс мәліметі (ұялы телефон, эл. адресі) |
Амангелдиева Шарапат Талғатқызы | 13 | Жамбыл облысы, Байзақ ауд.Абай ауылы Абай атындағы орта мектеп 8сынып | «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Менің Отаным -Қазақстан» | 87766026444 | Ибраимова Салтанат Мұсақызы | 87766693895 |
Менің Отаным – ҚазақстанБайлығым қазағымның кең даласы,Ырыстың ұясындай сай-саласы.Туған жер қасиетіңнен айналайын,Таусылмас ұрпағымның қазынасы. «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, ер қайратыңа мін дағы өрге бас» деп Баубек Бұлқышев айтқандай Отан, Атамекен, Туған тіл, Тарих – бұлар құлаққа жағымды асыл ұғымдар. Шыр етіп дүние есігін ашқан шақалаққа анасының ақ сүтімен, әжесінің әлдилеген бесік жырымен Отанға деген құрмет, бабамыздан қалған тіліміз, дініміз рухани азық болып қалыптасары сөзсіз. Менің Отаным - көк байрағы желбіреген тәуелсіз Қазақстан. Отан әр адамның туып өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлығы, халқы, тілі, діні, салт-дәстүрі. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерге ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамды. Қазақстан - даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазынаға толы құт мекен. Қазақстан жер көлемі жағынан Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орынды алады. Міне, қазақ даласы – қазақ байтақ. «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады. Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік» деп толғаған жыршылар. 1991 жылы қазақ даласының төсінде жаңа өмір шуағын төкті. Қазағымның көк байрағы көкке көтерілді. Қазақстан өз тәуелсіздігін жария етті. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық, жалынды жастарымыздың арқасында жүзеге асты. Елбасымыз қазақ жерін «Ұлы Дала» деп атады. Бабаларымыз Ұлы Даланың ұрпақтары, біз солардың жалғасымыз. Ұлы Даланың мұрагеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі. Ежелден қазақ халқы татулық пен бейбітшілікті, достықты ту еткен қонақжай, салт-дәстүрі қалыптасқан ел. Қазақстан халқы көп ұлтты. Бауырмалдық пен достық мекені.Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолында. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбіршілігімен танылды. Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттің дамуына қамқорлық жасаудың үлгісін көрсетті.«Отаны бірдің- тілегі бір, жүрегі бір» деп Н.Ә Назарбаев айтқандай біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, егеменді ел болып ендік. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің бейнесіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген Көк Байрағымызды, көгінде әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңда ерекше азаттық, шаттық сезім билейді. Биыл Тәуелсіздікке- 25жыл. Бұл күн – қазақ халқының ұлттық тарихында алтын әріппен жазылған күн. Бұл күн – сөнбеген шырақтың қайта жанған күні. Ал, бүгінгі қазақ елі – ата-бабалар аңсаған тәуелсіз, егемен ел.Менің Отаным – Қазақстан қанатын кең жайған қыран құс сияқты жас мемлекет. Ел Президенті айтқандай, Азия барысына айналар күнде алыс емес. Осындай үкілеген ұлы үмітке, біздер, жалындаған жастар алып барары сөзсіз.
Қашықтан өткізілетін Республикалық интернет байқауына қатысу өтінімі
Қашықтықтан өткізілетін Республикалық интернет байқауына қатысу өтінімі Қатысушының аты-жөні, тегі | Жасы | Облыс қала, аудан , ауыл, білім беру ұйымының атауы, сыныбы , курсы | Байқаудың , номинацияның, жқмыстың атауы | Байланыс мәліметі(ұялы телефон, эл. адресі) | Жетекшінің аты- жөні, тегі жұмыс орны мен қызметі | Жетекшінің байланыс мәліметі (ұялы телефон, эл. адресі) |
Бақтыбек Інжу | 13 | Жамбыл облысы, Байзақ ауд.Абай ауылы Абай атындағы орта мектеп 8сынып | «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Менің Отаным -Қазақстан» | Ибраимова Салтанат Мұсақызы | 87766693895 |
Менің Отаным - Қазақстан «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік» Н.Ә Назарбаев Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Қазақстан – қазақ халқының мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз туылды, тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келді. Ол –біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз. Себебі, осы кең байтақ жерімізді жау қолына бермей, қасық қаны қалғанша ата-бабаларымыз күресті. Жоңғар-қалмақ шапқыншылығынан бастап, Исатай мен Махамбет көтерілісіне дейін, бертін келе желтоқсан көтерілісіне дейін өз елін қорғаудан танбады. Бейбітшілік, бостандық, тәуелсіздік алу үшін, еліміздің құт-берекесін сақтап қалу үшін найза ұшына үкі тағып, ұл-қызды сақтап, дәм-тұзды ақтап, шапқан жау болса көмірдей балқытып, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптап, басынан сөз асырмай, танымайтын жат елмен танысып, жаңа үйреткен жас тұлпардай жарысып, тұтқыр сары желімдей жабысып, бітімге келгізіп өз елінің аумағын осы күнге дейін сақтап, бізге аманат етті. Міне, сол себепті де біз өз жеріміздің болғанына, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға қуанып Атамекен мәселесіне өте терең ілтипатпен қараған халықпыз. Жалпы «Атамекен» сөзі қазақ халқының, ата баба жерін ерте кезден иемденіп келе жатқандығымызды білдіреді. «Кіндік кесіп, кір жуған», «кіндік қаны тамған» деген сөз туған жерге байланысты айтылған. Бәрі де өзінің туған мекеніне жылы жүрекпен, терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер. Атамекен мен ұлт, Отан ұғымдарының арасындағы тамыры терең байланыс осыдан туындаған. Менің Отаным –қазақтың ұлан-байтақ кең даласы, жусан иісіне толы самал желі, нұр сәулелі күні, жасыл желек жамылып гүлге оранған жері, қыран бүркіт еркін самғаған көк аспаны, менің туған өлкем! Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу –тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның алдындағы ғана емес, өз тағдыры алдындағы жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның жарастығын ойлаған адам ғана жарастықты дүниеде өмір сүре алады. Тек азат адамдар мен тәуелсіз халықтар ғана дүниеде ондай жарастық орната алады. Ата-бабамыз айтпақшы: «Ынтымақты елде бақ тұрады». Өйткені халық бостандыққа жетпей тұрып, қоғам бостандыққа жетпейді. Қоғам бостандыққа жете алмай тұрып, адам бостандыққа жете алмайды. Сондықтан да, бүгін күллі жалпақ әлем бостандықты ту еткен жарастықты аңсайды. Ендеше, адамдар мен қоғам, мемлекет пен халықтың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі ешкім тіл тигізе алмас қасиетті ұғым. Қазіргі адамзаттың ең басты мұраты, ең асыл игілігі. Демек, заман бәрібір біздікі. Бостандыққа ұмтылған адамдар мен азаттыққа ұмтылған халықтардікі. Тәуелсіздікке ұмтылған мемлекеттердікі. Оны түсінбеу өзін де, өзгелерді де қара суға теріс ағызу болып табылады. Ол үшін өтпелі кезеңнің келеңсіздіктерін көлденең тартудың да жөні жоқ. Қолымызға зар илетіп, қан төгіп қондырған азаттық құсын бір үркітіп алсақ, қайта айналып ол құс қонғанша қай заман?! Олай болса, Тәуелсіз еліміздің көгеріп-көркею жолында күш-жігерді аямаймыз. Тарихтың қандай қатал сынына да табандылықпен төтеп бере аламыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, байлығымызда, бақытымызда болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Өйткені, Тәуелсіздік бәрінен қымбат, бәрінен ұлы! Менің көз алдыма Елбасының бастауымен ертеңіне қолтаңба қойған, ақ қанаты көк аспанға қанатын кере жайған армандай биіктің асқарына құлаш ұрған Қазақ елі ерекше елестейді. Жиырма төрт жылдың ішінде алып елге айналған Қазақстанымыз өскелең жастардың көкейіне игі мақсатқа жету жолында «алынбайтын асудың» жоқтығы туралы батыл ойларды ұялатты. Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашанда жастарға жігер береді. Көсіліп жатқан ен дала мейір-махаббатқа бөленіп, күннен-күнге құлпырып келе жатқандай. Қазақстан – ұшқыр қиялдың, өміршеңдіктің, шашасына шаң жуытпас жүйрік технологияның, дөңгеленген дүниенің озық жаңалығын дарытқан ғылым-білімнің, ақылдылықтың символы. Қазақ тектілігінің, ұлт ұрпағының тегеуріні қайыспас табандылығының айнасы іспетті. Даму қарқыны жүйріктей жүйіткіген еліміз дүние жүзіндегі абзал елге айналарына шүбәміз жоқ. Бір біз емес, әлем халықтарының да әлдеқашан күмәні сейілген. Ұрпақ үшін мерейлі мақтаныш, келешегіне сенімділік сыйлаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сын сағаттарда сүріндірмес сарабдал саясаты жаһанды мойындатуда. Мен тәуелсіз елдің ұланы екенімді мақтан етемін, егемен елімнің ертеңіне, жарқын болашағына деген азаматтық жауапкершілікті сезінемін. Иә, әрбір азамат өз Отаны үшін жанын қиюға, Отанды қорғауға міндетті деп ойлаймын. Тәуелсіз елім, жерім, Отаным деп атқа қонып, қолына найза ұстап өткен батыр бабаларымыздың алдында бүгінгі ұрпақ – біз қарыздармыз. Олар ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келген кең байтақ қазақ жері – өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы, тапсырған аманаты. Сол ата-бабаларымыздың аманатын атқарып, жері мен байлығына ие болу, тәуелсіз елдің дамуына үлес қосу біздің борышымыз.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)