Материалдар / «Менің Отаным-Қазақстан» № 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің Отаным-Қазақстан» № 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің Отаным-Қазақстан» № 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2024
2158
38 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іс-шараның тақырыптары

«Менің Отаным-Қазақстан» № 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

9 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Білім алушыларға «достық», «қайырымдылық», «мейірімділік» құндылықтары туралы кеңінен түсінік беру; сынып ішінде осы құндылықты қалыптастыруда оқушы мен ұстаздың рөлінің маңыздылығына мысалдар келтіру.Әлеуметтік жобалардың құндылықтарды дәріптеудегі маңыздылығын топтық жұмыс арқылы көрсету

- оқушыларды төтенше жағдайларда көмекке келетін қызметтермен таныстыру. Төтенше жағдайлар қызметі мен сенім телефондарының нөмірлерін қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.

Құндылық :

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

«Бірлік және ынтымақ»

«Жасампаздық және жаңашылдық»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру


35 мин


































Білім алушылармен жүректер тарату арқылы сәлемдесу!

Білім алушылар тақтаға қолдарындағы жүректерді достарына жаңа оқу жылына тілек айту арқылы орналастырады.


Білім алушыларға почтадан келген хатты оқуып беру

Қымбатты оқушылар бұл хат сіздерге жасырын достарыңыздан Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып жаңа оқу сіздерге жаңа оқу жылында мықты жобалар ұсынып жан жақты дамуға шақырамын

Сіздердің сыныпқа берілетін жоба _____________

Сынып жобасы бізге шешім қабылдауға ойымызды ашық жеткізуге қоға мәселелеріне белсенділік танытуға 6 құндылыққа негізделген тәрбиені бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді


Ой қозғау:

Балалар, сынп жобасы бізге керек пе?

Сынып жобасы арқылы қандай құндылықтарды бойымызға сіңіреміз?

Құрметті білім алушылар Тәрбиенің негізі – оқыту, тәрбие және дамудың бірлігін қамтитын үйлесімді дамыған тұлға «Толық адам» ұлттық идеалы болып табылады. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс. Тәрбиенің мәні – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиет- терін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Құндылықтар адамның белгілі бір әрекет етуге деген тұрақты сенімін білдіреді және жеке адамның да, бүкіл қоғамның да өркендеуінің негізі болып табылады. Құндылық білім алушының өмірлік ұстаны- мына, іс-әрекетіне, мінез-құлқына, дүниетанымына және этикалық нормаларды сақтауына әсер етеді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті:

Тәуелсіздік және Отаншылдық

Бірлік және Ынтымақ

Әділдік және Жауапкершілік

Заң және Тәртіп

Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік

Жасампаздық және Жаңашылдық


Осы құндылықтарды негізге ала отырып жоба жұмысымен айналысамыз (перезентация)

Достық алақаны Берілген конвертттен сыныптың жоба жұмысына қатысты өз ойығызды ашып жазыңыз, жоба жүргізу барысында сіздің ол көзқарасыңыз міндетті түрде қаралады.


Сыныптың жоба конвертінің мақсатын айқындап ресми түрде білім алушыларға қол қойғызу (оқушыларға жобаны қабылдауға үлкен мотивация болмақ)


Табыс тіліеп жаңа оқу жылына

Қадам бастық біздер жаңа сыныпқа

Бір біріне қолдау беріп дос болған

Бастау алған Мейірім мен достықтан

(Құрметті білім алушылар сіздерді жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын)

Тапсырмаларды орындау «Құпия қорапшаны ашу»

1-топқа тапсырма

«Мейірімділік» тақырыбына ситуациялық сұрақтар әзірлеу

2- топқа тапсырма

«Менің досым қиындыққа тап болса» тақырыбында ой қозғау

3-топқа

«Қайырымдылық» тақырыбында өлең шығару

Құрметті оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы «мейірім мен қолдау, менің адал досым, қайырымдылық» тақырыбындағы құндылықтар туралы түсінік алып, талдай алдыңыздар.



Жоба паспортын жасайды топпен

















Оқушылар конверттен алған алақанға өз ойларын жазады


(Сынып жобасын жүргізу арқылы білім алушылардың бір біріне деген құрметтері артып, сыныпта қамқорлық пен мейірімділік құндылықтарының дамитынына көзін жеткізу)


слайд



































Қауіпсіздік сабағы


10 мин


































































































































Қорытынды:
















 

1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»


Сабақтың мақсаттары: оқушыларды төтенше жағдайларда көмекке келетін қызметтермен таныстыру. Төтенше жағдайлар қызметі мен сенім телефондарының нөмірлерін қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.

Негізгі міндеттер:

      1. Оқушыларды «Шұғыл қызметтердің» негізгі нөмірлерімен таныстыру.

      2. Шұғыл қызметтерге қандай жағдайларда қоңырау шалу керектігін түсіндіру.

      3. Жедел қызмет операторына ақпаратты дұрыс және нақты жеткізуге үйрету.

      4. Оқушыларға сенім телефондарының болуы туралы хабарлау.

Материалдар мен ресурстар:

Жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондары. Рольдік ойындарға арналған телефон аппараттары. Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

Төтенше жағдайларда әрекет ету үшін қажетті телефон нөмірлерімен танысу.

Нұсқаулар:

  1. Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңырау шалыңыз.

  2. Егер сіз ренжіген болсаңыз, ұрланған болсаңыз немесе қатты қорқатын болсаңыз, 102-ге қоңырау шалыңыз.

  3. Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ке қоңырау шалыңыз.

  4. Сізге әрқашан 112 қызметі көмектеседі.

«Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,

112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

  • «111» нөмірі – 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел

топтарымен байланыста.

111

2.Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

Қазақстанда шұғыл көмек алу үшін «Шұғыл қызметтер» жұмыс істейді. Төтенше жағдайда әрекет ету үшін қажетті телефон нөміріне қоңырау шалу керек және құтқару тобы шұғыл түрде көмекке келеді. Телефон арқылы психологиялық қолдау көрсетеді.

Адамдарға жедел көмек көрсететін, құтқару қызметтері бар. Дабыл белгілерін қосып, олар арнайы машиналармен көмекке тез келеді.

  1. мысал

  • Егер адамдар отқа ұқыпсыз қараса немесе сымдарда тұйықталу болса, не болады?

  • Бұл жағдайда қайда қоңырау шалу керек?

Мұндай жағдайда дереу өрт сөндіру бөліміне 101 немесе 112 телефоны бойынша қоңырау шалу керек.

Жедел қызметке қоңырау шалған кезде хабарлау қажет:

Алдымен қоңырау шалып, мекенжайды айту керек, байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі. Қай жерде болды: аулада, пәтерде, қоймада және т.б.

Нақты хабарлау: теледидар, жиһаз жанып тұр; газдың иісі сезіледі.

Егер диспетчер сұраса, сіз үйдің, кіреберістің, пәтердің нөмірін, кіреберіске кіру кодын және т.б. нақтылауыңыз керек.

  1. мысал

Егер сіздің өміріңізге қауіп төніп тұрса, біреу үйге кіріп, есікті қағып, көшеде тұрып, қалада адасып қалса немесе сізден жеке затты алып кетсе.

  • Көмек алу үшін кімге жүгіну керек?

Мұндай жағдайда 102 немесе 111, 112 нөміріне қоңырау шалу керек. Полицияға қоңырау шалу кезінде сіз өзіңізді таныстырып, болған жағдайды түсіндіруіңіз керек.

  1. мысал

Егер сіз кенеттен әткеншектен құлап, қатты жарақат алсаңыз, үйде бірдеңе жеп, ішіңіз ауырса немесе досыңыз қиындыққа тап болуы мүмкін.

  • Мұндай жағдайда қайда қоңырау шалу керек?

Жедел медициналық көмек сізге көмектеседі. Сізге 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керек.

  • Операторға нені хабарлайсыз?

Операторға атыңыз бен фамилияңызды, жасыңыз бен мекенжайыңызды міндетті түрде хабарлау керек. Жағдайды, не болғанын және кіммен болғанын сипаттау керек. Оператор сізге дәрігерді жібереді және жедел жәрдем жоқ кезде не істеу керектігін айтады. Дәрігерлер сізге міндетті түрде көмек көрсетіп, емдейді.

Жедел қызметтердің бірыңғай телефоны бар, оған қоңырау шалу арқылы сіз кез келген жағдайда көмек сұрай аласыз. Бұл телефон – 112. Төтенше жағдайларда ең бастысы – тыныштық сақтау және операторға сізге не болғанын түсіндіре білу.

«Есте сақта!»

  1. Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

  2. Егер сізді ренжітсе, тонап кетсе немесе қатты қорқытса 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

  3. Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ке қоңырау шалыңыз.

  4. Сізге 112 қызметі көмектеседі.

3.Қорытынды. Пайдалы сілтемелер:

https://drive.google.com/file/d/1-DK6vY097pSASztikbI4JKDX2cg0CFc/view https://drive.google.com/file/d/1f-XnfFNgrplQsC-G4-xKAt5m89kWbz85/view























































Пайдалы сілтемелер:

https://drive.google.com/file/d/1-DK6vY097pSASztikbI4JKDX2cg0CFc/view https://drive.google.com/file/d/1f-XnfFNgrplQsC-G4-xKAt5m89kWbz85/view


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!