400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің Отаным Қазақстан!» ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Балауса"бөбекжай балалар бақшасы МКҚК










Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан!»




"Бұлақ" тобы





Тәрбиеші: Есенкельдина К.С












Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан!»

Мақсаты: Отан, Атамекен, Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту, әңгіме мазмұнын түсініп айтуға өз пікірлерін айтып, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Патриоттық сезімге тәрбиелеу, балалардың ой-өрісін кеңейту және Отанға деген махаббатты арттыру.Туған жерінің табиғатын,елін, жерін, отбасын сүю.Еліміздің байлығын қорғауға,егемен елімізді өркендетуге.Болашақ Қазақстанның білімді ұрпағы болуға тәрбиелеу. Қазақстаның кең байтақ бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру. Балаларың қызығушылығын , ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу. Отан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, Астана туралы фото-көрме (жүрекшелер тілектермен),буклеттер ,рәміздер президенттің суреті, Астана қаласының суреттері, интеративтік тақта.

Сөздік жұмыс: Отан, Астана, Тәуелсіз.

Көптілділік:  Отан – Родина, homeland, астана – столица, capital, Тәуелсіз-Независимость, independence.

1.Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар

Өте жақсы, балалар!

-Балалар отан деген сөзді қалай түсінуге болады?

Отанды неліктен «туған жер» деп айтамыз?

Тимур қане тақпағыңды айтып берші.

Тимур:

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз.

Әрбір қазақ баласы,

Өзім сонда тұрар дер.

Бұл қазақтың даласы,

Ата-бабам туған жер.

Отан- ол біздің еліміз, жеріміз, туымыз, табиғатымыз, айналадағы қоршаған ортамыз.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Менің Өтаным тәуелсіз Қазақстан!».Тәуелсіз ел деп-өзінің президенті, туы, елтаңбасы, ән ұраны бар деп атайды.

2.Ұйымдастыру-шылық ізденіс

-балалар қазір жылдың қай мезгілі

-Қазақстан республикасының президенті кім?

-дұрыс айтасыңдар. Енді мына суреттер не көріп тұрысындар?

-тудың түсі қандай?

-Тудың ортасында күн бейнеленген астында қалықтаған қыран құстың суреті бейнеленген , ал сол жақ шетінде ұлттық ою өрнектелген.


Мынау қазақстанымыздың мемелкеттік ел таңбасы.

-елтаңбаның негізі шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.

Отан тарих. Отан тіл

Отан өлең, отан жыр Арина

Көтерген көкке ел даңқын

-ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Тәуелсіздік жолыңда,

Талай-талай тер тамған  Никита

Билігім өз қолымда

Еркіндігім ел таңба

«Отан отбасынан басталады»,-неге айтамыз?

Ренат сенің отбаснда неше адам бар,кіммен сен тұрасың?

Алмат сенің отбасыңда кім бар?

Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар? -Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ме?

1.«Отан отбасынан басталады»(Влад).

2.«Жері байдың-елі бай»(Арина).

3.«Отансыз адам-ормансыз бұл-бұл»(Алена).

4.«Отан ұшін отқа түс күймейсің»(Ержан)

Сергіту сәті:

Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз

Тек алға-алға бастаймыз

Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)

Болашаққа самқаймыз .

2006 жылы 6 қаңтарда президенттің ұлықтау рәсімінде «Менің қазақстаным» болып әң ұраны шырқалды.

Қазақстан мемлекетінің рәміздерін айтып беріңдерші?

Ән-ұран туралы Паша айтып береді

Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнімсөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым.

Жүрсем егер дүние кезіп.

Балалар, біздің өзіміздің әнұранымыз, туымыз, елтаңбамыз бар, тәуелсіз мемлекет екенбіз. Біздің бас қала қандай қала?

Көркем сұлу Астанадан: Ақ орда, Бәйтерек, Думан мен Ханшатыр (ойын-сауық орталықтары) бар. Міне мынау – Қазақстанның картасы. Кең байтақ Қазақстан. Ол – жерге де, елге де бай мемлекет, себебі Қазақстанда көптеген байлықтар бар: мұнай, темір, көмір, күріш, мақта, астық-бидай. Балалар сендер өз елдеріңді сүйесіңдер ме?

-балалар сендер қай елде тұрасындар?

-қазақстанның бас қаласы қай қала?

Алтын дәні даласы бар.

Ақ күмістей қаласы бар. Айым

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің туған өлкем

-біздің тұратын ауылымыз қалай аталады?

-Біздің еліміз қандай ел?

-Отанымызды жақсы көремізбе?

-біздің ұлттық тіліміз қазақ тілі

Көптілділік: Отан – Родина, homeland, астана – столица, capital, Тәуелсіз-Независимость, independence.

Тақпақтар:

Отан жерім. Отан суым

Отан қуат нәр береді.

Отан ұран. Отан жыр

Отан мәңгі гүлденеді.

Туған күнің құтты болсын!


Құтты болсын отаным!

Құт береке той мереке

Бола берсің әр дайым.

Тәрбиеші: Ендеше сол еліңе. Туған жеріне қандай тілек білдіргілерін келеді? Міне менде әдемі қорапша, ол жай қорапша емес, сиқырлы қорапша, оның ішінде жүрекшелер бар, осы жүрекшелерді алып маған көрсетіңдер, мен сендердің тілектердіңді оқып беремін.

1.Отанымыз аман-тыныш болсын! 2.Аспанымыз ашық болсын!

3.Балалардың жүздерінен күлкі кетпесін!

4.Күніміз жарқырап тұрсын!

5.Астана көркейе берсін!

6.Президентіміз аман болсын!

Тәрбиеші: Сендер Қазақстанның картасына сол тілектерді жапсырып қойыңдар. Сендердің тілектерің орындалады.

Шаңырақты құрамыз.

«Отан – оттан да ыстық», - деп айтады ғой. «Отанды қорғайтын сендерсіңдер. Отанды сүйіп, құрметтеңдер».

«Ел байлығын, жер байлығын, егеменді елімізді сақтайтын – сендерсіңдер». Осымен біздің сабақ аяқталды. Бәрілерің жақсы қатыстыңдар. Рахмет!

Ән: «Отан»

Би: тулармен

3.Рефлексті-түзету

Бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелестік?

Қортындылау. Балаларды мақтап мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі