400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Менің Отаным-Қазақстан" атты зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің Отаным - Қазақстан" атты зияткерлік ойын әзірлемесі сыныптан тыс іс-шара өткізгенде қажет. Әзірлеме 4-сынып оқушыларымен өткізілді. Бұл әзірлеме осы сыныпта оқу бағдарламасында берілген бірінші тарауға сәйкес қосымша қайталау сабағы кезінде де қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан»

атты зияткерлік ойын



Мақсаты:  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға үлес қосу, тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елін-жерін мақтан етуге баулу.


Армысыздар құрметті оқушылар! Бүгін сіздермен «Менің Отаным –Қазақстан» зияткерлік сайысын өткіземіз. Сайысымыз 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне байланысты ұйымдастырылған іс-шара.

Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,

-деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, сіздерді білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушылар деп ойлаймын.

Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.


Ойынымыз 3 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең«Полиглот». Берілген сұрақтарға жауап беріп, жауабын үш тілде айтады.
3 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері, атақты адамдары көрсетіледі. Сіздер олардың атауын, кім екенін табу керексіздер.

1 – кезең: Бәйге.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз


1.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)

2.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді? /1 – желтоқсан/

3.Нұр-Сұлтан қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)

4.Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты? оқтар Әубәкіров)

5.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?(қазақ тілі)

6.4 маусым қандай мереке?(Мемлекеттік рәміздер күні)

7.Қазақстанда неше облыс бар?(14 облыс)

8.Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ....»(ормансыз бұлбұл)

9.Қазақстанның қай демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды? (Бурабай)

10.Қазақстан республикасының рәміздерін ата.(Ту, Елтаңба, Гимн)

11.Қазақстан жерінің үлкендігі бойынша әлемде нешенші орында тұр?(9-орын)



2 – кезең: Полиглот.
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
..


1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)

2. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы(Ит - сабака - dog)
3. Әр адамның шағын отаны( Жанұя - семья - family)

4. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
6. Ең зор байлық (денсаулық – здоровье – health)
7. Не қылыштан да өткір? (тіл – язык – tongue)

8. Баланың тілі – бал, ананың несі бал? (сүт – молоко – milk)

9. Оқушыға кім сабақ жүргізеді? (Ұстаз – учитель - teacher)


3 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері, атақты адамдары көрсетіледі. Сіздер олардың атауын, кім екенін табу керексіздер.

Осымен бүгінгі сайысымызды қорытындылаймыз. Қош сау болыңыздар!

















1.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)

2.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді? /1 – желтоқсан/

3.Нұр-Сұлтан қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)

4.Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты? (Тоқтар Әубәкіров)

5.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?(қазақ тілі)

6.4 маусым қандай мереке?(Мемлекеттік рәміздер күні)

7.Қазақстанда неше облыс бар?(14 облыс)

8.Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ....»(ормансыз бұлбұл)

9.Қазақстанның қай демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды? (Бурабай)

10.Қазақстан республикасының рәміздерін ата.(Ту, Елтаңба, Гимн)

11.Қазақстан жерінің үлкендігі бойынша әлемде нешенші орында тұр?(9-орын)



1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)

2. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы(Ит - сабака - dog)
3. Әр адамның шағын отаны( Жанұя - семья - family)

4. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
6. Ең зор байлық (денсаулық – здоровье – health)
7. Не қылыштан да өткір? (тіл – язык – tongue)

8. Баланың тілі – бал, ананың несі бал? (сүт – молоко – milk)

9. Оқушыға кім сабақ жүргізеді? (Ұстаз – учитель - teacher)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
29.09.2020
1869
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі