400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің Отаным-Қазақстан» ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды Отанын сүюге, ҚР рәміздерін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерлерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға жауап берулерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Менің Отаным-Қазақстан»

Ертеңгілік

«Айналайын» тобы















«Менің Отаным-Қазақстан»

Мақсаты: Балаларды Отанын сүюге, ҚР рәміздерін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерлерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға жауап берулерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың портреті, ҚР туы,елтаңбасы, картасы.

Өтілу барысы:

І. Қолдарына жалау ұстап, музыкамен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші:

-Саламатсыңдар ма,балалар! Еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Айналайын» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

-Мынау менің қолымдағы глобус деп аталады. Біздің Қазақстан Республикасы мына жерде орналасқан. (аймағын көрсету)

Ендеше,Қазақстанға саяхат жасайық.

-Біздің Президентіміз кім?

-Астанамыз қай қала?

-Біздің рәміздеріміз қаңдай?

ІІ. Тәрбиеші: Жарайсыңдар! ҚР рәміздері туралы тақпақтарымызды айтайық.

Арнур: Елтаңбасы Елімнің

Неткен әйбат,әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортасында аспан әлемі.

Айзере: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биік іліп қояды.

Руфина: Таныс маған әр тасы,

Туған елімнің картасы.

ІІІ. Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді сендермен «Киіз үй» ойынын ойнайық. Шарты: Орамалдың ұштарынан ұстап,әуен ырғағымен билейді. Әуен тоқтағанда орамалды жоғары көтереді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

ІҮ.Хор «Ел қорғауға әзірміз».

Ү.Би «Көк тудың желбірегені».

ҮІ. Тәрбиеші:Балалар, сендер білесіңдер ме,біздің көптеген қалаларымыз бар. Сол қалаларда не өсетінін және нелер бар екенін. Кәне, тағы ҚР саяхат жасап көрейік.

«Менің сүйікті қалам» ойыны. Шарты: ҚР картасы ілінеді. Балалар қалаларды атап, суреттерді қояды.

ҮІІ. Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгін сендермен Отанымыз туралы білетінімзді, өнерімізді ортаға салдық. Ендеше, Қазақстанымыз гүлдене берсін деп, әрқашан туымыз көкте желбіресін деген тілекпен туымызды ілейік.

Бақытты ел-бұл Отан,

Бәріне мен иемін.

Біздің Отан-ұлы Отан,

Ұлы Отанды сүйемін.

-Осымен Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі