|
Пәні: Сауат ашу
Күні:
Сынып:
1 «ә»
|
Мектеп: №73ЖББОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Алданазарова
Г.А
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Менің отбасым. М дыбысы
мен әрпі.Менің атам
|
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын
оқу
1.2.1.2 Оқудың түрлерін
(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)
қолдану.
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы
бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру
(мұғалімнің
көмегімен).
1.3.8.1 Жазу жолын,
жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,
әріп элементтерін каллиграфиялық талаптар-ға сай
жазу.
|
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді
меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп,
тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы
талқылайды.
Кейбірі:
Алған
білімді өмірде қолдана алады.
|
|
Жетістік
критерийлері
|
Айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу
арқылы, мәселені түсінгенін көрсете
алады.
|
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне
деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
|
Тілдік
құзыреттілік
|
М дыбысы мен
әрпі.
|
|
Сабақ
барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
5
минут
|
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б.Бөрiбаев/
– Балалар, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген
қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасымен
шығармашылық жұмыс жасай алу білігін бағалау
№1 1.
Сызба және сөздердің көмегімен
оқушылардың мәтінді оқуы жүзеге асырылады.
Оқушылардың берілген сөздер мен сызбалар арқылы «Мынау – менің
атам. Оның аты – Марат. Ол – ұста. Мен атамды жақсы көремін»
мәтінін оқуын
ұйымдастыру.
Мәтіндегі атасының аты, оның
қызметі әр баланың қалауы бойынша
айтылады.
(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын
ажырату, хормен, тізбектей,
жекелей оқу білігін бағалау.
№2 Оқылым.
Мата Марал алма мал
адам маса томар шама мол Марат Арман ал алма отыр отырма сула
сулама
|
Таныстырылым, оқулықпен
жұмыс
|
|
Сергіту сәті
1
минут
|
Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық
жорғалап.
/Б.Бөрiбаев/
|
Сергіту сәтіне арналған
жинақ
|
|
Қызықты тапсырма
8 минут
Аяқталуы
16
минут
|
(МК; Ұ;
Қ) Сұрақтар қоя
білу, дәлелдеулер жасай алу
білігін бағалау.
3.
Сурет және сызба арқылы
сөйлем/мәтін құратыңыз. Алмас, Алмат, Мараттардың малтатас туралы кімге айтқанын
сызықпен дұрыс жүру арқылы тапқызыңыз:
Алмас әкесіне малтатас
туралы айттты. Алмат малтатас туралы ағасына айтты. Марат малтатас
туралы атасына айтты,
т.б.
№3 Балалар малтатас туралы кімге
айтты?
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия

|
Кеменің
суреттері
|
|
Дифференциация –
оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті
жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап
отырсыз?
|
(Ө; Қ) Әріп элементтерін
дұрыс, көркем жазу білігін бағалау Жазу жолын, жоларалық
кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп
элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды
ұйымдастыру.
М дыбысы менн әрпі бар
сөздерді буын санына қарай сызбаға сәйкестендіріп
жазу.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары
оқушылар айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне
көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз,
ашулы)
|
Өнер, ана тілі
сабағы
Оқушыларды
бір-біріне деген құрмет көрсетуіне
тәрбиелеу.
|