жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отбасым
|
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім |
Мектеп: Шолаққорған жалпы орта мектебі |
|||||||
|
Күні: 10.11.2017ж. |
Мұғалімнің аты-жөні:Шойынбаева.М |
|||||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны: 0 |
|
||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Менің отбасым |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.2.Отбасы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесінің өз орнын анықтау |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар білуге тиісті: Отбасы, отбасылық дәстүрлер сөздерінің мағынасын түсіне алады. Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Сюжетті суреттің көмегімен баяндайды, отбасы тақырыбында мәтін құрай алады. Кейбір оқушылар білуге тиіс: Алған білімдерін өмірде қолдана алады. |
|||||||
|
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
|||||||
|
Бағалау критерийлері |
Отбасы және өзінің туыстарын біле алады. Туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтай алады. Оқушылар ұжымда, топта, жұппен жұмыс жасайды алады. |
|||||||
|
Дескрипторлар |
Отбасы және өзінің туыстарын біледі. Туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды. Оқушылар ұжымда, топта, жұппен жұмыс жасайды. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Отбасы-ең жақын адамдардың бірге өмір сүруі. Отбасылық дәстүр: ұрпақтан-ұрпаққа берілген дәстүр, тәртіп, өзін-өзі ұстау ережелері. |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Отбасындағы мүшелерді құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, бірін-бірі тыңдауға үйренеді. |
|||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Сауат ашу, көркем еңбек |
|||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Дереккөздерді іздеу. |
|||||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар осы жаңа тақырыпқа дейін «Отбасы» ұғымын біледі. Отбасы арасындағы туыстық қарым-қатынасты ажырата алады. |
|||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Шаттық шеңбері. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. «10 сұрақ» ойыны арқылы алдыңғы білімдері жайлы ой қозғадым.
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына осы алдыңғы бөлімде өткен мектеп туралы жазылған стикерді жапсырады. Ортаға шыққан оқушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. |
Шаттық шеңбері Интербел сенді тақта |
||||||
|
Сабақтың ортасы. 25 мин |
« Түймедақ» ойыны. Гүлдің ортасына «Отбасы»сөзін жазып қоямыз. Оқушылар әр гүлге осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. Дискриптор: Оқушылар отбасындағы адамдар жайлы мағлұмат алады. Топпен жұмыс. «Қонақжайлық» ойыны Топтық, жұптық тапсырмалар. Сынып оқушыларын 3-4 топқа бөлу. Әр топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар рөлдерін бөліседі. Рөльдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны талқылайды.
Дәптермен жұмыс. «Отбасы», « дәстүр», сөздерін пайдаланып сөйлем құрайды.
«Өрмекшінің торы» ойыны. -Отбасыңда неше адам бар? Атаңа көмектесесің бе? -Анаңа жәрдем бересің бе? -Ініңді немесе қарындасыңды ойнатасың ба? Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы пысықтау. (Саралау жұмыстарын жүргізу) Дискриптор: Оқушылар отбасының шежіресі, дәстүрлерін біледі. Отбасы мүшелері қазақтың салт-дәстүрлерінің адам өміріндегі қажеттілігін сезінеді. Сергіту сәті. «Көңілді күн» әуеніне билеу. «Интервью» әдісі арқылы «Тату-тәтті отбасы» ойынын жүргіземін. Сенің анаңның анасы саған кім болады? ----------------(Нағашы әже) Менің анамның қызы, бірақ мен емес? ---------------(Әпке, сіңлі) Сенің әкеңнің әкесі?-----------(Ата) Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады? -----------------(Көке) Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? ------------------(Әпке) Дескриптор: Оқушылар отбасыдағы адамдардың туыстық қарым- қатынасты ажырата алады. «Дәстүрлер» суретпен жұмыс Оқушылардан өздеріне таныс суретті таңдау. («Шашу», «Тұсау кесу» т.б) Оқушылар өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады. |
Түймедақ тың суреті Оқулық Дәптер Жіп Микрафон Оқулық |
||||||
|
Сабақтың соңы 10мин |
»Сақина» әдісі. Оқушыларға әшекейлі тізбек көмегімен өз отбасын бейнелеуді ұсыну. Түрлі-түсті қағаз жолақшаларына өз есімін, анасының, әкесінің, атасының, әжесінің, ағасының, әпкесінің есімін жазады. Әр жолақты сқина етіп бекітеді де, барлық әшекейлі тізбектерді біріктіреді. Нәтежиесінде отбасы тізбегі шығады. Әркім қайталанбас өз отбасы бар екенін байқайды. Оқушылар бір-бірінің әшекйлі тізбектерін біріктіре алады. Оқушылар барлық әшекйлі тізбектерді біріктірсе, не болатыны жайлы тұжырым жасауды сұраймын. Дескриптор: Оқушылар отбасыдағы адамдардың туыстық жақын адамдарды қадірлеуді үйренеді. Сөздік қорлары көбейеді. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады |
Сақина |
||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Оқушылардың қабілетіне қарай түрлі деңгейлік тапсырмалар орындаттым, ойын ойнату арқылы баланың белсенділігін арттырдым. |
Бағалау- бүгінгі сабақтағы көңіл-күйді «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалаймын.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы . . |
||||||
|
Ойынды көбірек ойнату арқылы шапшаңдыққа үйретемін. Қабілеті жоғары оқушыларға іздену тапсымаларын беру. |
Бағалау критерийлері бойынша Қалыптастырушы бағалау арқылы |
Қауіпсіздік техникасы сақталды |
||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттары дұрыс қойылды. Сабақта саралау сұрағы дұрыс жүргізілді. Уақытты ұтымды пайдаландым. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдерім арқылы оқушылардың белсенділігі артты. Топтық, жұмыстар пайдалану Отбасы туралы көптеген мағұлмат алады. |
|||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. 2.Жоспарланған ойындар сабақтың өтуіне тиімді болды. Алайда келесі жолы басқа да қызықты ойындар өткізуім қажет. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Жұптық, топтық тапсырмалар сабақты жақсартуға ықпал етті. 2.Көрнекілік пайдалану сабақты жақсы түсінуге ықпал етті. Оқу мақсатына жететін тапсырма беру, ресурстарды дұрыс пайдаландым. Бірін-бірі оқыту жүргізілді. Көпшілігі жиі кездесетін сөздерді тұтас оқыды, түсініп оқыды. Кейбіреуі тақырыпқа байланысты керекті сөздерді, сызбаны қолданды. |
||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген