400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру. 2. Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық , таза жеткізе білуге дағдыландыру. 3. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызыметінің технологиялық карта

Топ: І-сәбилер тобы

Білім беру саласы: «Таным

Ұйымдастырылға оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты:

  1. Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру.

  2. Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық , таза жеткізе білуге дағдыландыру.

  3. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.

Сөздік жұмыс: шаңырақ, бақыт, туысқан

Билингвалды компонент: отбасы – семья, ана – мама, әке - папа

Оқу қызыметі бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбер құру.

Ә.Қонарбаевтың «Бала, бала, балақан» әні орындалады.

Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды.

Ұйымдастыру

шылық - қозғаушылық

1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?

-Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді. Себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы – дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата-ана,

Отбасы – ол туыстарымыз,

Отбасы – ол шаңырақ.

-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.

2.Сергіту сәті: Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңімен орындалады.

3.Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.

-Мына отбасында ата, әже бар екен, балалар, тағы кім бар?

-Төрде кім отыр?

-Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.

-Шайды кім құйып беріп отыр?

-Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамыз бен әжеміз бар ғой?

4.Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Менің отбасым» Берілген суреттердің ішінен (анасын)отбасы мүшесін табу.

-Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз. Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетеміз.


5.Ойын: Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген.

Балалар жауап беруге тырысады.







Балалар бірге қайталайды.





Мазмұныны сәйкес қимылдар жасайды. Балалар бірге қайталайды.





Саусақтарды көрсетіп айтады.

  • Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.

  • Отбасы мүшелері жиналып шай ішіп отыр.

  • Ата отыр.

  • Анасы шай құйып беріп отыр.

Балалар педагогтің көмегімен бірге орындайды.

Балалар өз ойларын айтады.

Балалар ьірге қайталап айтады.

Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

6.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.

Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: отбасы мүшелерінің туысқандық қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне қамқор болу керектігін;

Игереді: отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіне тиесілі міндеттерді;

Меңгереді: отбасындағы адамгершілік, әдептілік нормаларын сақтай білуді;


Тәрбиеші:Ажигулова Б






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі