жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отбасым
«Менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам»
(ата-аналарға арналған психологиялық тренинг)
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Барысы:
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар!!! Бүгінгі «Менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам» атты психологиялық тренингімізді бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді екен. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Ал сіздердің ата-ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі психологиялық тренингімізге қатысып отырған ата-аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпін!
І
.
«Ассоциация әдісі». Алдарыңыздағы
форматты пайдалана отырып, топ болып
жақсы отбасында... атты аяқталмаған
сөйлемге толықтырулар жазуыңыз сұралады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін әр топтың
мүшесі қорғаулары сұралады.
ІІ. «Социограмма» әдістемесі.
Мақсаты: отбасындағы қарым-қатынасты, психологиялық ахуалды анықтау.
Нұсқауы: алдарыңызға берілген ақ қағазда дөңгелек суреті берілген. Яғни, сіздерге мынадай тапсырма отбасында неше адам бар, сол адамдарды дөңгелек етіп саламыз. Бол мысалы үшін бала, немере, ата, енеміз болуы мүмкін. Әр салынған дөңгелектің ішінде атауын жазып кетуіміз керек.
Интерпретациясы:
Дөңгелектің жиі орналасқаны болса – отбасындағы қарым-қатынастың жиі кикілжіңдердің болатынын білдіреді.
Ал, алшақ болса – отбасында бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтіндеріңізді айтады.
Дәл ортасына салынған шеңбер – дара тұлға деп санайтынын білдіреді.
Отбасының бір мүшесі шеңберге түспей қалса – отбасындағы сол адаммен жиі кикілжіңге келетінін білдіреді.
ІV. «Сұрақ-жауап» тренингі
Мақсаты: бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлетінін анықтау.
Нұсқауы: берілген сұрақ бойынша әр тапсырманы орындау.
Газет беттеріндегі мақалаларды, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап жүресіздер ме?
Иә – қолдарын шапалақтау.
Жоқ – аяқтарын тарсылдату.
Сіздің жанұяңызды кім басқарады?
Ана – жаулық байлау.
Әке – сақалдарын сипайды.
Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бір ретте ықпал жасай ма?
Иә – екі қолдарын жоғары көтеру.
Жоқ – төмен түсіріп қою.
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?
Әке – қолдарын алға созу.
Ана – жымию
Екеуі десеңіздер – қолдарын шапалақтау.
V. Ситуациялық сұрақтар
1. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды,
сіздің әрекетіңіз...
2. Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз..
3. Балабақшадан балаңыз басқа баланың ойыншығын алып келді, әрекетіңіз.
4.Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?
VІ. «Жан жүрек сыры»
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады соны жазу тапсырылады.(айналайын, ботам,
жұлдызым, т.б.)
Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен?
Ең
бастысы сүйе білу керек, жылылық,
мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың
пікірін, не қажет ететінін тыңдай
біліңіз. Ата- аналар қолымыздағы
алтынымызды жақсылап тәрбиелейік,
бізоларға үлгі болар бейне екенімізді
ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден,
денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан
құралады.
Психологтың қорытынды сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
Жалпы
білім беретін М. Өтемісов атындағы орта
мектеп
«Менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам»
(ата-аналарға арналған психологиялық тренинг)
Мектеп психологы: Мусина А.А
Нұрханова Г.Т
Атырау
– 2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген