Пәннің
аты:
Тәрбие
сағаты
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
Тахиров Р.Р.
|
Сабақтың
атауы
|
«Менің
отбасым»
|
Мақсаты
Күтілетін
нәтиже
|
Мақсаты:
Оқушыларға
отбасы туралы түсінік беру.
Отбасы
мүшелерін сыйлай білуге тәрбиелеу.
|
Тыныштық
сәті
|
Тыныштық
сәті.
-Балалар,
дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу
ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға
болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз
табиғаттың ең көркем жерінде екенін
елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта
жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп
сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде
боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер
бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің,
шөптің және балдың иісін сезесіз.
(тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын,
көңілді құстар ән салып жатқанын
естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта
тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды
тындайық. Алақаңдарыңызды күннің
көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан
және көктемгі жылы күннің сәулелерін
сезіңіз (тыныштық).
1,2,3
көзімізді ашайық.Қолымызды жайып,
бізге өмір, денсаулық, қуаныш және
жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа
«Рахмет» деп айтайық.
Сізге
«тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде
болдыңдар?
|
Оқушылар
дем алып, ерекше күйге бөленеді,
мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
|
Топқа
бөлу
|
|
Гүлдер
арқылы топтарға бөлу.
|
Қызығушылықты
ояту
|
Өзің қандай мәліметтер
қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер
етті?
|
Сергіту
сәті
|
«Қаражорға»
биі
|
Жаңа
сабақ
|
Әңгімелесу
•
Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
•
Өзара сыйластыққа қалай жетуге
болады?
• Достарыңмен арада қандай
сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын
еркін айтуына және сыйласымды қарым
- қатынас
жасау адамның өзіне
байланысты екенін түсіндіру.
Мәтінмен
жұмыс
Әңгімені оқып, талдау арқылы
адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында
сыйластық қажет екенін ұғындыру.
Үш
дос М.Төрежанов
• Балалар неліктен
бірге ойнай алмады?
• Бір - бірімен
сыйластықта болу үшін адамның бойында
қандай қасиеттер болуы керек?
Ойын
- жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға
жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші)
суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға
қағаздан жасалған ағаш жапырақтары
таратылып беріледі.Жапырақтардың
артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін
сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер
жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы
сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер
үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен
ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса
- «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы
сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз
болсын, сізге рахмет,
отырыңыз,
ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз,
айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой,
кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес,
жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы
бол.
|
Рефлексия
|
Ойын
- жаттығу бойынша орындалған тапсырма
нәтижесін қорытындылау
- Балалар,
енді үлкен ағашқа ілінген сөздер
үлкенге құрметті білдіреді, сондық
-
тан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші
ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті
білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы»
деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы
ойдағыдай орындап шықтыңдар деп
ойлаймын.Енді, оқулығымызда берілген
жаңа ақпаратпен танысайық.
Жаңа
ақпарат
Адамдар бір - бірін сыйлап,
түсіне білсе жақсы қарым - қатынас
жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық
достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар
бір - бірін кешіре, түсіне білгенде
ізгілікке жетуге болатынын және өзара
сыйластық қана достыққа әкелетінін
түсіндіру.
Жаңа ақпаратты дәптерлеріне
жаздыру.
Тапсырма
Бүгінгі
сабағымызда айтылған ой - пікірлерді
қалай түсінгендеріңді байқау
үшін
мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі
тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің
айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа
(сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2
топқа тапсырма : «Менің тыңдар
ақылым»
Бос жолдарға үйдегі
үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын
жаз.
Жариялау.
Жүректен -
жүрекке
Қолымызға мына кішкене
жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең
жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп
ата - анамды,
Ардақтап әпке,
ағамды,
Қамқор боп сіңлі -
ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Бәрін
де жақсы көремін,
Үнемі көмек
беремін.
Үлкенді сыйлау -
кішілік,
Үлгілі мінез -
кісілік.
Осындай жылы жүректерге
толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты
көңілмен ән салып, сабағымызды
аяқтаймыз.
|
Кері
байланыс
|
Соңғы
тыныштық сәті:
Балалар,тыныштық
сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге
қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші.
Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың
арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық
сезімдері басым екенін сезініңдер.
Сездіңдер ме,сезген болсаңдар,
сендердің жүректерің жылы да мейірімді.
Олай болса,сендер де көп қайырымды
істер жасап, қамқорлық көрсете
аласыңдар.
Бағалау
парақшаларын толтыру.
Смайликтер
арқылы кері байланыс орнату
|
Смайликтерді
өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|