400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы туралы түсінік балаларды үлкенді құрметтеуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру дағдысы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: . Балалардың «Отбасы» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту, отбасында кімдер тұратынын, отбасы мүшелерінің не істей алатынын айта алуға үйрету.
Сурет бойынша сөйлемдер құрап айтуға машықтану. Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, тіл дамыту.
Өзара сыйластыққа, кішіпейілділікке, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ойын, жұмбақ, мнемотехника әдісі.

Көрнекіліктер: Отбасы суреттер,слайд,бейнебаян,интерактивті тақта.

Блингвальді компанент: Менің отбасым- моя семья- my family, ана-мать,мама-mother,әке-отець,папа-father, Аға-старший брат-brother, әпке-старшая сестра- sister.

Оқу қызмет кезеңдері


Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі


Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көріп қуанам!

(үш тілде айту)

Шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


















































































































































Рефлекциялық-түзетушілік

Ендеше, балалар, орындарыңа жайғасыңдар.

-Қане, балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,шешуін тауып көріңдер!

Жұмбақ:

Маған да, саған да,

Жақын,туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар,олар,кім?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар! Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Менің отбасым»

Бізге ең жақын,ең қымбат жандар отбасында тұрады.Ата,әже,әке,ана,аға,әпке,сіңлі,қарындас-отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер.Олар бір-бірін жақсы көреді,сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді.

«Ғажайып сәт»

-Балалар,бүгінгі оқу қызметіміздің қонағы-«Балапан» телеарнасының кейіпкері-Білімпаз ата.Ол бізбен тікелей телекөпірге шыққалы тұр.Қәне,экранға назар аударайық!

Білімпаз ата:

-- Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Менің атым - Білімпаз ата! Мен сендердің отбасыларың жайында білгім келеді және отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім. Сол тапсырмаларды мүдірмей орындасаңдар, «Білімді балапан» атағына ие боласыңдар. Ал, ендеше, іске сәт, балақайлар!

-Олай болса балалар топ болып жарысамыз қай топ жеңсе сол топ «Білімді балапан» атағына ие болады.

1-топ «Сұңқар»тобы

2-топ «Күншуақ»тобы

3-топ «Айшуақ»тобы

«Кім жоқ?» ойыны. Балаларға экраннан отбасы  мүшелері бірден көрсетіледі. Балалар кімді көріп тұрғандарын айтады.Мысалы:
-    Балалар, көздеріңді жұмыңңдар... енді көздеріңді ашыңдар, отбасы мүшесінің біреуі жоқ болады ,кім екенің табады?
-    Әже жоқ (ойын осылай жалғасады).

Балалар, енді сендерді «Баламен бетпе-бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.
 - Бұл фотосуретте кімнің отбасы?

-Балалар, сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?
Келесі тапсырма
«Кім не істейді?» деп аталады.Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып  сөйлем құрайды: 
      Сергіту сәті.
Экраннан бейне сергіту жаттығуы жіберіледі.

-Балалар, кім отбасы туралы мақал-мәтел біледі?
Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
1.    Отан  - отбасынан басталады.
2.    Отбасы – шағын мемлекет.
  
3.  Ағасы бардың – жағасы бар, 
        Інісі бардың – тынысы бар.

4.   Ана сүті бой өсіреді,
        Ата тілі ой өсіреді.
5.    Ана – бұлақ,
        Әке – асқар тау,
        Бала – жапырақ.

Ал, балалар, сендер отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме? Білсеңдер, айта қойыңдар.

Білімпаз ата:
-    Жарайсыңдар, балапандар! Мен сендердің білімдеріңе риза болып тұрмын. Барлығың да «Білімді балапан» атағына лайықсыңдар. Мен басқа да бүлдіршіндерге баруым керек. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
-     Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде кімдер туралы айттық?
-    Не үйрендік?
-    Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
-    Ендеше, балалар барлығымыз өз отбасымызды сыйлайық,ақылды болайық.Жарайсыңдар балалар!

Бүгін «Сұңқар»,«Күншуақ»,«Айшуақ»,тобы үш топта «Білімді балапан» атағына йе болдыңдар.Білімпаз атаның тапсырмаларын орындауда үш топтын достығы жеңді.

Балаларды мақтау,мадақтау.






-Отбасы














































- Бұл – менің отбасым.
- Мынау – менің анам.
- Оның аты –



Нұрай:

-Анам тамақ пісіреді.

Ерсұлтан:
-Әкем кітап оқиды.

Інжу:
-Атам теледидар көреді. 
-Ағам сурет салады.

Нұрасыл:
-Інім текшемен ойнайды.

Әсем:
-Әпкем сабақ оқиды.

Балалар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады


Өздеріне таныс отбасы туралы үш тілде тақпақтар айтады,.












-  Сізге көп рахмет, Білімпаз ата, сау болыңыз!













-Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: отбасы мүшелерін атап, олардың не істейтінін айта біледі;
Түсінеді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін игереді;
Қолданады: суреттерді сөйлетіп, отбасы мүшелерін әже, ата, әке, ана, аға, әпке, іні, сіңлі, қарындасты ажыратып, оларды орынды атай алады





















«Айшуақ» бөбекжай балабақшасы





Shape1

«Менің отбасым»

«Моя семья»

«My family»





















Picture 5



Ересек «Күншуақ» тобы

Тәрбиеші: Т.Идоят



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі