15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің Отбасым
Білім саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:Отбасы туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Отбасындағы сыйластығын нығайту.
Балаларды орыс тіліне, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту. Отбасы мүшелерін қазақ, орыс, ағылшын тілінде танып білу. Отбасы мүшелеріне байланысты өлеңдер, айтқызу.
Қажетті құрал-жабдықтар:Отбасы суреттері, слайд тақта,
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Сәлемдесу
|
Шеңберге тұрып,бір –біріне жылы лебіздер айтады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балалар бүгін біз оқу қызметімізде «Отбасы» туралы әңгімелесеміз.
-Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар.
-Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отанымыз. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Балалар отбасымыздағы басшы кім?
Ал, ана сендерді өмірге әкелген адам.
Ал ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер? Ал, аға-апа, іні-қарындас ол, сендердің туған бауырларың.
Отбасындағы адамдар бір- бірімен қандай болуы керек?
Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз?
Қазақта: «Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер»- деген нақыл сөз бар.
-Дастархан басында ата мен әже қай жерде отырады?
- Ал, шәйді кім құйып береді?
Сол үшін адамға ең қымбат отбасы деп аталады
Балаларға қайталап айтқызу «Менің отбасым», «Моя семья», «My family»
Отбасы туралы слайд көрсету
Балалардың отбасына деген жүрек жарды ыстық ықыластарымен өз үйлерін тұрғызу
Сергіту сәті: Отбасы мүшесінде неше адам бар
Өлең оқу
Шығармашылықпен айналысу
Балалар алдарында тұрған үйге отбасы мүшелерін орналастырамыз
Ойын: «Жұптасу ойыны»
Отбасы мүшесіндегі адам санына қарай жұптасу 2,3,4
|
Балалар жауап береді
Атамыз,әжеміз әкеміз,анамыз, аға, әпке,іні.
Айкүнім өз отбасын қазақ тілінде таныстырады Н.Айзере орыс тілінде А.Абылай ағылшын тілінде
Балалар отбасына деген тілектерін айтады
Т.Айзере Е.Өтетілеуов «Біздің шаңырақ» Атамнан басталар, Әжеммен қосталар. Отбасым мыналар; Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Бір туғанағам бар, Бір туған апам бар Бәрін жақсы көремін Еркелеймін, еремін!
С.Дияс М.Қуанышбеков «Сен бақытты ұлансың»
Анаң- күнің, жүрегің, Әкең-өмір тірегің. Сен- бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! Әжең- асыл ардағың, Атаң- дана қорғаның. Сен- бақытты ұлансың, Бәрі саған қансын!
Ағаң- қамқор асқарың, Інің- мөлдір аспаның. Сен –бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! Қарындасың-қанатың, Ел-Отаның-жанатың. Сен- бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын!
Ойынның шарты бойынша ойнайды
|
Рефлексивті түзетушілік |
Қоштасу: Біз бүгін ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімелестік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасында ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысып,сұрақтарға жауап бердіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі оқу қызметімізді айақтайық.
|
Сұрақтарға жауап береді
Балдай тәтті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Ойынменен өседі, Ойымыз бен санамыз. Қол ұстассақ бәріміз, Жарасады сәніміз Көріскенше күн жақсы Сау болыңыз бәріңіз! |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: отбасы мүшелерін атауды.
Түсінеді: отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген