400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал әлеумет саласында көмегі мол. Бұл материалда қоршаған ортамен танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып тәрбиешісі

Биязбаева Алмагуль Толеухановна

Білім беру саласы:

«Әлеумет»

ҰОҚ:

Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы:

Менің отбасым

Бөлімі:

1.Мен және қоғам

Бөлімше:

1.1 Мен және менің отбасым

Оқу мақсаты:


0.1.1.2 Отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу.

ҰОҚ мақсаты:

Отбасы мүшелерін атайды, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті біледі. Өзінің отбасы туралы айтып береді. Отбасы мүшелерін құрметтеп сыйлай біледі.

Күтілетін нәтиже:



Өзінің отбасы олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айта біледі.

Отбасы мүшелерін атайды.

Өзіне тиісті міндеттерді біледі.

Өзіне тағылған жауапкершілікті біледі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Шаттық шеңбері, «Аяқталмаған сөйлем» әдісі, жұмбақ, АКТ, саралау әдісі, сергіту сәті, «Көңілді доп» ойыны


Пайдаланатын ресурстар


Суреттер ,желім,А3 форматы, доп.


Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті.

Баланың әрекеті

ҰОҚ басталуы

Психологиялық ахуал туғызу(тәрбиеші жетекшілігімен жүргізіледі)

Шаттық шеңбері:

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар

Керегелер керіліп

Өрімдей боп өрілер

Бәріміз тұрсақ айналып,

Киіз үй болып көрінер

Балалар амандасады, көңіл-күйлері көтеріледі.


Өтпелі сабақпен байланыс

«Аяқталмаған сөйлем» тиімді әдіс тәсілі арқылы жаңа сабаққа жетелеу. Балалар айтылған ойды жалғастырады

Мысалы:

Мен өз отбасымды...,

Менің отбасым мені...білемін,

Менің отбасымда...бар.

(Сыни ойлау, коммуникациясы дамиды)

Балалар сөйлемді аяқтайды.

Негізгі бөлім























Жұмбақ жасыру

Онсыз қызық жоқ маған,

Онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы,

ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен

(сыни ойлау, коммуникация)

- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.

АКТ –арқылы видеоролик көрсету https://youtu.be/E28nqFq0MEg
Бұл видеороликта кімдерді көрдіңдер?

- Иә, бұл видеороликта сүйіспеншілігі мол, отбасы мүшелерін көрдік.
Отбасы туралы әңгімелеу.

(сыни ойлау, коммуникация)

«Саралау» әдісін қолдана отырып, саралау мақсатында тапсырма беру үшін балаларды суреттер арқылы үш топқа бөлемін.

  1. топ «Ата мен әже»,

2-топ «Әке мен ана»,

3- топ «Бала»

1-топқа тапсырма: Ата мен әже қолданатын заттарды атау;

2-топқа тапсырма: Әке мен ананың жиі айтатын жақсы сөздерін айтып беру;

3- топқа тапсырма: Отбасына байланысты туыстық атауларды айтып беру.

Жекелей саралау әдісінде ерекше көмек қажет ететін балаға бақылау жасап жеке тапсырма беремін: Атаның суретін бояу

(сыни ойлау, коммуникациясы дамиды, командалық жұмыс жасауға дағдыланады)

Сергіту сәті

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын

Шаң тозаңды қуамын

(Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын)

Ойын «Көңілді доп»

(Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын)

Балаларға допты бере отырып сұрақ қою:

- Отбасы мүшелерін атап берші;

-Отбасыңда кімді қатты жақсы көресің?

- анаңа ,әкеңе қалай көмектесесің?

Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?

Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?

(сыни ойлау, коммуникация)



Балалар жұмбақты шешеді









Балалар интерактивті тақтаға назарларын аударады











Топка бөлініп, тапсырмаларды орындайды.













Сергіту сәтін орындайды.






Балалар ойын ойнайды

Рефлексия

Ұйымдастырылған оқу қызметін балаларға «Үш шапалақ» әдісі арқылы кері байланыс ұсынамын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі