Материалдар / "Менің отбасым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасы тақырыбында эссе жазу кезінде қиналмай жазады деп ойлаймын!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
488
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен Ердалы Маржан Талғатқызы.Өзімнің отбасым туралы кішігірім айтып берсем. Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Әрбір адамзаттың — алтын ұясы десе алдымен отбасы ойымызға орала кетеді. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Біздің отбасын үлкен отбасы десе де болады. Мен өз отбасым жайлы толығырақ айтқым келеді. Менің отбасымда жеті адам бар. Олар:әжем,әкем мен анам, 2 ағам,мен және інім.Біздің отбасымыз бақытты. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. Себебі менің отбасым қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін тәтем, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Біздің отбасының ерекшелігі дастарқан басында әрдайым атамның асты бастауымен және тамақтан кейін бата берген соң ғана орнымыздан тұрамыз. Әжем бір бірімізге сөйлегенде жылы да мейіріммен сөйлеуімізді әрдайым айтып отырады. Сендер бір біріңе қонақсыңдар. Әрдайым бір біріңді бірінші көргендей және ұзақ уақытта сағынып көргендей бағалаңдар дейді. Мен отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.Мен отбасымды мақтамаймын мен олармен мақтанамын.Олар мені әрқашанда қолдайды сүрінсем ала қарай жетелейді.Ал жетістіктерге жетсем менен бұрын қуанады.Мен жабырқасам көңіліме күлкі силайды.Өзгелер отбасын қалай жақсы көрсе мен өз отбасымды олардан артық жақсы көремін!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!