400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы түсінік беру. Өзі, жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету. Ұсақ қол саусақ моторикасының икемділіктерін арттыру. Ойын арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты:

Білімділік: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі, жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету.

Дамытушылық: Ойын арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Коррекциялық: Ұсақ қол саусақ моторикасының икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Баланың назарын сабаққа аудару.

Балаларды ыңғайлы отырғызу.

Саусақ жаттығуларын жасату арқылы балалардың көңіл –күйін көтеру.

Саусақ жаттығуы: «Санамақ»

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық ,екеуміз

Бас бармағым -атам,

Балаң үйрек -әжем,

Ортан терек -әкем,

Шылдыр шүмек -шешем,

Кішкентай бөбек- мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз- бесеуміз.

ІІ .Өткен сабақты қайталау.

«Үй құстары» туралы әңгімелеу.

«Етек-етек» ойыны арқылы сабақты қайталау.

ІІІ. Сергіту сәті:

Бала,бала,балапан,

Қандай қызық алақан,

Саусақтарым әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бір қадам алға басамыз,

Саусақпенен соқ-соқ-соқ,

Бір қадам артқа басамыз,

Аяқпенен топ-топ-топ.

ІV. Жаңа сабақ: «Менің отбасым»

Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата,апа, әке,шеше,аға,іні,қарындас,әпке т.б. Олар кез-келген істі бірігіп атқарады, бір-біріне көмектеседі.Отбасында біз үлкендерді сыйлауға,кішілерге көмек көрсетуге ,оларға қамқор болуға үйренеміз.

«Кім жоқ?» дидактикалық ойыны:

Ойының шарты:Педагог тақтаға отбасы мүшелерінің суретін іліп қояды.Балалар көздерін жұмады. Педагог тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін табады.

V.Қорытындылау: «Біз не білдік?»

Отбасының бірлігі болса, мықты болады.

Отбасы үшін кішкентайлардың көмегі де өте қажет.

Өз ата-әжеңді, әке-анаңды, аға-ініңді, әпке-қарындасыңды құрметте!

VI.Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан баланы мақтап,сабақты аяқтау.

Қош сау болыңдар, балалар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі