400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Отбасы мүшелері, олардың аты-жөндерін, мамандықтарын атауға үйрету. сөздік қорларын молайтын, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық «Көгершін» тобына арналған

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі №2


Өткізу күні: 07.09.2021 жыл

Тәрбиеші:Капышева Ж.В.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Менің отбасым.»

Мақсаты:Отбасы мүшелері, олардың аты-жөндерін, мамандықтарын атауға үйрету. сөздік қорларын молайтын, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту. отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: отбасы суреттері, презентация.

Билингвальді компонент: ана- мать, әке- отец, әже- бабушка, ата- дедушка.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.


2. Негізгі бөлімі:

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ

Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар?
 (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.


Отбасы туралы әңгімелеу.


Ойын " Көңілді доп"
- Отбасы мүшесін ата.
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.


Санамақ айту:

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым - атам,

Балан үйрек - апам,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек - анам,

Кішкентай бөбек - мен.

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде – бесеуміз


«Ғажайып үй салайық»


3. Қорытынды:

Жүректен жүрекке

Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі