400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұ.О.Қ:Сөйлеуді дамыту."Менің отбасым" Мақсаты:Отбасыт туралы түсінік беру,әр балаға отбасын сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты:Отбасы туралы түсінік беру, Әр балаға отбасын қадірлеуге, сыйлауға үйрету.

Білімділік:Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ –жауап арқылы әңгімелеуге, отбасы туралы тақпақтарды жатқа айтқызуға үйрету.

Дамытушылығы:Есте сақтау ,көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін қиялын,қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік:Үлкендерді құрметтеуге ,сыйлауға ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Отбасы суреті,үй.


1.Шаттық шеңбері: Қайырлы күн деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз


1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ата?

3.Қыста ауа-райы қандай болады?


Психологиялық ойын :Қысқы құбылыс.

Күн бұлттады (қабағын түйеді)

Қар жауды.(балалар айналып отрады)

Бір кезде жел соқты,боран болды (У-У-У)

Күн ашылды.балалар жылы киініп балабақшаға келді.


Тәрбиеші:Балалар көздеріңді жұмыңдар,мен сендерге қызық көрсеткім келіп тұр.

Жабық тұрған үйдің макеті

Балалар не көріп тұрсыңдар?

Тәрбиеші: Бұл Нұрсұлтанның үйі .Нұрсұлтан аулада ойнайды.

Ал, балалар сендер үйде кіммен бірге тұрасыңдар?

Дұрыс.әр адамның өз үйі болады.Онда оның отбасы мүшелері тұрады.Бір үйде тұратын адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

Олай болса бәріміз тақтаға қарайықшы.

Бұл суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

Иә,балалар бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір –біріне ыстық ықыласпен,аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

-Дұрыс айтасыңдар .Ендеше мына суретке назар аударайықшы,кімдердің суреті?

-Ата,әже,әке, ана, бала

Өте жақсы.Балалар отбасы дегеніміз -ең жақын адамдардың ошағы,бір шаңырақ астында жақын ,тату-тәтті сыйластықпен ,ынтымақпен тұратын адамдар тобы.Отбасы мүшелеріне –ата,әже,әке, ана,бала жатады.

-Иә ,балалар барлық үйдің өз отбасы болады,олар бір –бірімен тату-тәтті тұрады. Бірге тамақтанады,бірге теледидар қарайды,бірге серуендеді.

Жеке жұмыс :Өз отбасылары туралы суретке қарап әңгімелеу.

Дидактикалық ойын: Ойлан тап

Мен сендерге жұмбақ жасырамын .Мұқият тыңдайық


Ол өте мейірімді,ақ шашты, көзінің астында ұсақ әжімдері бар,ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді

Бұл кім? (әже)

Оны қалай білдіңдер?


Ол көзілдірік киеді,көп кітап ,газеттер оқиды.Ол әжеге көмектеседі,дүкенге ,базарға барады.немерелеріне қарайды.

Бұл кім? (ата)

-Ал,сендердің аталарың қандай?


Ол жер бетіндегі ең әдемі, сен үшін ең қымбат адам .сендерді еркелетеді,мейірлене иіскейді?

Бұл кім?(ана)

Аналарың сендерді қалай еркелетеді?


Ол салмақты да, байсалды ,барлық бос уақытын сендермен өткізеді,сендерді циркке апарады.демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.

Бұл кім?(әке)

Балалардың тақпағы


-Балалар сонымен қатар отбасы мүшелеріне аға –іні,апа-қарындастарыңда жатады екен.олар сендерге қамқор болады.


Сергіту сәті


Дидактикалық ойын: Көңілді доп

1.Отбасының ең үлкен адамы кім?

2.Бізге қалтасынан көп кәмпит алып беретін кім?

3.Анаңның үйде болғаны жақсы ма?

4.Анаңды құшақтаған жақсы ма?

5.Анаңа көмек бересіңбе?

6.Үйге қонақ келген ұнайма?

7Үйге қонақ келгенде шулаймыз ба?

8.Қонақтарды қалай қарсы аламыз?

9.Әкеңе қалай көмектесесің?

10.Үлкендердің айтқанын тыңдаймыз ба?

11.Үлкендерге жол береміз бе?

12.Үлкендерді көргенде амандасамыз ба?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі