Материалдар / Менің отбасым

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына арналған эссе
Авторы:
08 Маусым 2023
208
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің отбасым
Өзімді таныстыратын болсам, менің атым –
Инабат. Мен 4 - сыныпта оқимын, оқу үздігімін. «Отан отбасыдан басталады» деген ақылды сөзді кітаптан оқыдым. Отанның бір кішкентай бөлшегі - отбасы. Әр адамның туған туыстары болады. Сол сияқты менің де өз отбасым бар. Бір шаңырақтың астында әжем, әкем, анам, екі інім тұрамыз. Менің жанұям, жақындарым - мен үшін аса қымбат адамдар.

Мен – әжемнің үлкен немересімін. Әжем маған әрқашан мейірімді, әдепті бол,- деп ақылын айтады. Мен үлкен адамға жол беремін, айтқан ақылдарын тыңдаймын. Асыл әжемнің арқасында барлық әдептілік пен мейірімділікке үйрендім. Мен әжемнің пісірген тәтті бауырсақтары мен тоқаштарын жақсы көремін.

"Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі бұлақ, Бала - жағасындағы құрақ" деген мақал бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкем. Әкемнің аты –
Бауыржан, ол байланыс саласында инженер болып жұмыс істейді. Әкемнің жұмыстан келгенін асыға тосамыз. Себебі әкем жұмыстан келген соң, мен және екі інім - барлығымыз сурет салғанды жақсы көреміз. Ал демалыс күндері әкемізбен бірге әр түрлі ойындар ойнаймыз. Әкем маған және інілеріме суда жүзуді, велосипед тебуді үйретті. Жазда біз велосипедпен жарысамыз, футбол ойнаймыз, ал қыста хоккей ойнына барамыз. Біз асқар тау әкемізді үлгі тұтамыз.

Ал аяулы анамның аты –
Эльвира, үй шаруасында. Анам тамақты өте дәмді пісіреді. Мен анама үй жинауға көмектесемін, інілерімді ойнатамын. Менің әкем мен анам – мейірімді адамдар. Олар менің жақсы оқып, білімді болуымды тілейді.
Біз отбасымызда бақытты, тату - тәтті тұрамыз. Әр түрлі мейрамдар мен туған күндерімізде үлкен дастархан жаямыз, туған - туыстармен бірге тойлаймыз. Менің отбасым - ең үлгілі отбасы.

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы
Әд-Фараби атындағы № 21 мамандандырылған гимназия

Орындаған: Совет Инабат



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ