Білім беру
дағдысы: Коммуникативтік.
Шығармашылық.
ұйымдастырылған
іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Менің
отбасым».
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін
кеңейту, отбасы мүшелерін,
туысқандарын айта білуге
үйрету. Балалардың өз отбасына деген
сүйіспеншілігін арттыру,
үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге
тәрбиелеу.Жаңа технология
түрлерін пайдалану,балалардың шығармашылық интелекттік қабілетін
дамыту.
Отбасы мүшелерінің
суреттері.
Шаттық –
шеңбер:
Біз қандаймыз,
қандаймыз
Шұғылалы
таңдаймыз.
Күлімдеген
күндейміз,
Ренжудіде
білмейміз.
Қуанамын менде, қуанасың
сенде,
Қуанайық
достарым,
Арайлап атқан
күнге!
Жыл-мезгілі туралы айтып
өту.
Т:
- Балалар қане барлығымыз
тыңдайқшы (сол кезде балалардың сыңғырлаған дауысы
естіледі).
Т:
- Балалар, біз кімдердің
дауысын естідік?
Б:
-
Балалардың.
Т:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бұл бақытты балалардың күлкісі.
- Ал біздер, жанымызда кімдер
болғанда бақытты боламыз?
Б:
- Ата, әже, әке,
ана.
Т:
- Бүгінгі біздің ашық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттіміз:
Сөйлеудідамыту. «Менің
отбасым».
Т:
- Енді сендермен «Кім тез
табады?» ойынын ойнағым келіп тұр.
-
Өзі мейірімді, шашы
ағарған,
Кешкілік ертегі айтып
береді?
Бұл
кім?
(Әже)
-
Көзінде көзілдірігі бар, көп
кітап оқиды,
Әжеге көмектеседі, немерелерді
ренжітпейді
Бұл
кім?
(Ата)
-
Жер бетіндегі ең
әдемі,
Сен үшін қымбат
адам.
Бізге тамақ пісіреді, кір
жуады.
Бұл
кім?
(Ана)
-
Өзі
қатал,
Бос уақытын балалармен бірге
өткізеді,
Отын шабады, шөп
жинайды.
(Әке)
Ғажайып сәт: Отбасы мүшелері
қонаққа келеді.
Тақпақ.(Кәусар, Айзере, Алуа,
Абылай, Аружан)
Мақал-мәтел:
-
Ағасы
бардың – жағасы бар, 5. Отан отбасынан
басталады
Інісі
бардың – тынысы
бар.
-
Ана сүті бай
өсіреді,
Ата тілі ой
өсіреді.
-
Бала
– ананың бауыр
еті.
-
Ана
– бұлақ,
Әке – асқар
тау,
Бала
– жапырақ.
Шығармашылық жумыс
интерактивті тактада;Бөрік пен орамалды
әшекелеу
Сергіту сәті: «Біз тәртіпті
баламыз»әнін айтып,жасаймыз.
Т:
- Балалар, қонаққа келген
ата-әжемізге арнап бөрік пен орамалды сыйға тартайық. Ол үшін
барлығымыз мұқият қарайық. Ұл балалар бөрік, қыз балалар орамал
әшекелейді.
Үлгі бойынша
түсіндіру.
Т:
- Орамал пішіні
қандай?
Б:
- Үш
бұрыш.
Т:
- Үш бұрыш орамалды алып
әшекелейік.
- Бөрік пішіні
сопақша
Түсі -
көк
Ойын: Тату-тәтті отбасы.
(Музыка арқылы жұптасады «Қара жорға»).1ден5-ке дейін
жұптасады
Интерактивті тақтадан (ата мен
апаның киімін ажырату)
Қорытынды:
Т:
- Балалар біз отбасын жылу
беретін күнге теңедік. Сол күннің шуағын шашып тақтадан өздерің
отбасы жайлы сипаттаңдар
(Балалар өз отбасы жайлы
сипаттай отыра тақтадан күн шуағын
шашады).
- Ата-әжеге сөз беру.(Бата
беру)
- Әжесі алып келген сыйлықты
таратады.
- Балалар жұмыстарын сыйға
береді.
- Отбасымен
қоштасады.
- Балаларды
мадақтау.