Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасы
«Алпамыс», «Ақбұлақ» шағын орталығы «Бәйтерек» мектепалды даярлық
тобының тәрбиешісі
Арзыкулова Роза
Ширенбаевна
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің тақырыбы:
«Менің
отбасым»
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы мүшелерін атап, міндеті
мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу.
Дамытушылық: Отбасындағы өзара тату
қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс
жасау.
Тәрбиелік: үлкендерді құрметтеу, оларға
ізет-қамқорлық жасау
Көрнекіліктер: отбасы мүшелері
салынған суреттер, үйдің суреті, слаид,
доп.
Сәлеметсіздер ме балалар,
бүгінгі күніміз қандай тамаша. Көңіл –күйлерің қалай?. Керемет.
Олай болса мен сендерге бір өлең оқып бергім келіп
тұр.
Біздің
отбасы
Алақаны
аялы,
Анам бар жаны
саялы.
Кешіре білген
кінәмді,
Әкем бар менің
шыдамды.
Шалғы тартқан
шалғында,
Ағам бар менің
алдымда.
Жақсылыққа
талпынған,
Інім бар менің
артымда
Б.
Кірісбаев
Балалар өлең кімдер
жайлы?
Дұрыс айтасыңдар, отбасы
мүшелері жайлы.
Балалар айтыңдаршы отбасы
деген не?
-отбасы деген үй
-отбасы дегеніміз әке -анамыз
,інім және мен
-жақын туыс
адамдар
-Дұрыс айтасыңдар балалар,
отбасы –туыстық қатынастағы және бірге тұратын адамдар тобы. Олар:
атасы, әжесі, әкесі, анасы, балалары
-Өз отбасыларың туралы
әңгімелеп беріңдерші
Әр бала өз отбасы жайлы
әңгімелейді.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Көптілділік:
Отбасы-семья-famyli
Балалар сөзді тыңдайды,
қайталайды.
Ал енді айтыңдаршы мына
суретте кімдер бейнеленген?
-Отбасы
мүшелері.
-Дұрыс,енді айтыңдаршы
суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Дұрыс, атасы, әжесі, әкесі,
анасы, әпкесі, ағасы және кішкене қызды.
Сендердің неше аға, әпкелерің
бар?
Олардың есімдері
кім?
Сендер ата-әжелеріңе қалай
көмектесесіңдер?
Үйде қандай жұмыстарды жасай
аласыңдар?
Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Қандай жақсы балалар,
сендердің жауаптарыңды тыңдап, риза болып отырмын. Отбасы үлкен де
шағын да болуы мүмкін. Ең бастысы – отбасымызда әрқашан да
тыныштық, достық, сыйластық, бір-бірлеріңе деген сүйіспеншілік
болуы керек.
Сергіту
сәті
Үйде нешеу
екенбіз?
Кел санайық
екеуміз
Бас бармағым –
әкем
Балаң үйрек
–анам
Ортан терек
–ағам
Шылдыр шүмек
–мен
Кішкене бөбек
–сен
Бір үйде біз
нешеуміз?
Бір үйде біз
бесеуміз.
Дидактикалық ойын: «Отбасы
мүшесіне жылы тілек»
Ортаға бір бала шығады. Ол
өзін отбасы мүшесінің бірі ретінде таныстырады. Мысалы: «Мен
атамын». Қолына допты алып лақтырады. Тосып алған бала атаға жылы
лебізін айтады. Мысалы: «Ата, ауырмаңыз»
Басқа балаларда өз кезегінде
атаға деген лебіздерін айтады.
Өте жақсы балалар, жеті атасы
туралы кім біледі?
Балаларға жеті ата туралы
түсінік беріледі: Жеті ата-қазақ халқының ата жағынан тегінің
таралуы. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т.б.., яғни жеті
атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі.
1-бала,2-әке,3-ата,4-арғы ата,5-баба,6-тек
ата.
Балалар сендер жеті атаның
ішінде кім екенсіңдер? (бала)
Үйге тапсырма: ересектердің
көмегімен жеті аталарыңның нақты есімдерін біліп
келу
Ал енді мақал
жаттайық
Әке- асқар
тау
Ана –ағып жатқан
бұлақ
Бала –жағадағы
құрақ.
Мақалдың мағынасы
түсіндіріледі. Әке –ол отбасыдағы қадірлі адам. Сондықтан оны асқар
тауға теңеген. Су –өмірде қандай қажет болса, ана да сондай қажет.
Баланы өсіп келе жатқан құраққа теңепті. Өйткені олар шөп сияқты
өседі.
Сонымен балалар бүгін біз не
жайлы әңгімелестік?
Сендерге оқу қызметі ұнады
ма?
Рефлексиялық бағалау. Балалар
енді мына смаиликтер арқылы көңіл-күйлеріңді белгілеңдерші. Қуанып
тұрған смаиликтер және ренжіп тұрған смаиликтер
ұсынылады.