№
2 ҰОҚ
Білім беру
саласы: Әлеумет.
Бөлімі:
Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
балалардың туыстық
қатынастар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Балалардың отбасы мүшелері бейнеленген
суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара
қарым-қатынасқа түсу дағдыларын меңгерту.
-
Отбасы туралы әңгімелеу
дағдыларын қалыптастыру.
-
Өз отбасын құрметтеп
сыйлауға үйрету.
Күтілетін
нәтижелер:
Орындайды:
әр отбасы мүшесінің не
істейтінін;
Түсінеді:
отбасы мүшелерінің атқаратан
рөлдерін;
Қолданады:
алған ақпараттарын жүйелеп
қорытындылай білу дағдыларын. Қолданылатын көрнекі құралдар:
үйдің суреті,
қуыршақ, отбасы суреты, балалардың отбасылық суреттері, үлестірмелі
материалдар.
Сөздік жұмыс:
отбасы.
Билингвалды
компонент:
отбасы – семья.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру
кезеңі Таңғажайіп сәт
Тақтаға жақындап келіп
балалардың назарын тақтадағы үйдің суретіне аударады.
–
Бұл не деген үй?
Кім тұрады екен бұл
үйде?
– Үйде кім тұратынын білу
үшін есікті қағайық. Айсұлу қуыршағы шығады.
-
Негізгі
кезең
Әңгіме
откізу
–
Сәлеметсің бе! Сенің атың
кім?
А: – Сәлеметсіз бе! Менің
атым – Айсұлу.
-Айсұлу, сен бұл үйде кіммен
тұрасың?
А: – Мен жалғыз
тұрамын.
–Балалар үйде жалғыз тұра
ала ма? Олар кіммен тұрады? (Анасымен, әкесімен, әжесімен,
атасымен, ағасымен т.б.) бір үйе тұрған адамдардың барлығын бір
сөзбен қалай атаймыз? Отбасылық суреттерді қарастыру.
– Әрине, Айсұлу да өз үйінде жалғыз тұрмайды. Айсұлудың отбасылық
фотоларын қарастырайық.
Балаларға отбасының суретін
көрсетіп, отбасы мүшелерін атауға ұсынады. Билингвалды компонент:
отбасы – семья Сергіту сәті
Басбармағым –
атам,
Балалы үйрек –
әжем,
Ортан терек –
әкем,
Шылдыр шүмек –
анам,
Кішкене бөбек –
мен.
Міне, менің барлық
отбасым.
Балалардың отбасылық
фотоларын қарастыру.
– Бүгінгі сабаққа сендер де
отбасылық фотоларыңды әкелдіңдер. Оларды да
қарастырайық.
2-3 бала өз отбасылық
фотоларың көрсетіп, отбасы мүшелерін атайды.
Отбасы туралы
жұмбақтар Айтары
мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам, Әкесі
ол әкеңнің Білер оны сұраған.
Ол кім? (Ата)
11
Атаңның баласы,
Кей кезде
таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады
кәдеге.
Ол кім? (Әке)
Бала бала, бала
деп,
Түнде шошып
оянған
Түн ұйқысын төрт
бөліп,
Түнде бесік
таянған.
Қолын қатты
тигізбей,
Кірлі көйлек
кигізбей.
Иісін жұпар
аңқытқан.
Бұл кім? (Ана)
Дегенімді
жасайтын,
Қалған тамағымды
асайтын,
Ертіп алып
жетектеп
«Немерем», – деп атайтын?
(Әже)
– Отбасы мүшелерін сыйлау
керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз. Үлкенге ізет,
кішіге қамқорлық көрсетеміз.
Үлестірмелі
материалдармен жұмыс
Тапсырманы қалай орындауын
түсіндіреді.
3.Рефлексия
Сұрақ-жауап арқылы әдісі
арқылы оқу қызметінде алған білімдері қорытындыланады.