Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсінісу және мәнін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану

Сынып: 1


Мектеп: Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп

Аты-жөні: Қалиева Нұрлыгүл

Бөлім

Бөлімше

Мен және қоғам

Мен және менің отбасым

Тақырыбы

Менің отбасым

Оқу мақсаты

1.1.1.1.Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсінісу және мәнін түсіндіру.

1.1.1.2.Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

Сабақ мақсаты

1. Өз отбасы, отбасы мүшелері туралы әңгімелейді.

2. Отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын бағалайды.

3. Отбасылық дәстүрлердің маңызын түсінеді.

Бағалау критерийі

1. Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды.

2. «Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды.

3. Отбасылық дәстүр түрлерін біледі.

Тілдік мақсаты:

Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрайды.Мысалы: отбасы, шежіре, отбасылық дәстүр.

Диалогтық оқыту, ашық сұрақтар.

1.Отбасы деген не?

2.Қандай туыстық атауларды білесің?

3.Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің?

4.Отбасында қандай мерекелер атап өтіледі?

Құндылықтарды дарыту

  • Ата-анасын құрметтеу, отбасын сыйлау.

  • Дәстүр, әулет шежіресін үйрену.

  • Халықаралық отбасы күні туралы білу.

  • Өзара сыйластық, ынтымақтастық, туыстық құндылықтар қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

  1. Көркем еңбек. Жұмыс дәптеріндегі 18-жұмыс парағын орындатуда оқушылардан үйден әкелінген фотосуреттерді желімдету.

  2. Музыка. Оқулықтағы 31-беттегі дәстүрлер бойынша наурызға байланысты ән тыңдалады.

  3. Сауат ашу: «Шеңбердегі доп » атты сергіту ойнатуда сөйлемдер құрастырады.

АКТ қолдану

Фотосуреттер, сурет, оқулық,

«Тақырыптық түйінді суреттер» әдісі.

«Шеңбердегі доп » ойыны арқылы сергіту сәті.

«Тату- тәтті отбасы» әдісі.

Интернет желісін қолдану.



Алдыңғы меңгерілген білім



Балалар отбасы және оның мүшелері туралы ата- анадан, балабақшадан алған білімдеріне сүйеніп, оны одан әрі кеңейтеді.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар.

Сабақтың басы

(4 мин)

1.(Ұ) Мотивациялық кезең.

1)Суреттер арқылы топқа бөлу.

2)Суреттер қандай ортақ тақырыппен байланысты?

3)Ширату тапсырмасы.

Отбасы – ол ата-ана

Отбасы – ол балалар.

Отбасы – ол туыстар

Отбасы – үлкен шаңырақ.

ҚБ: «Шапалақ» әдісі

Оқулық, суреттер,өлең

Сабақтың ортасы

(4 мин)












(4мин)
















4 – мин


































5 мин


















4 – мин


















5 мин

2. (ТЖ). Оқулықпен жұмыс

Кел, талқылайық!

1-топ: 30-беттегі сурет бойынша әңгімелеу.Ашық сұрақтар:

1).Суретте кімдер бейнеленген?

2).Отбасыңның үлкені кім?

Саралау:

3).Бұл адамдарды не біріктіреді?

4).Өз отбасың туралы әңгімеле.

5).Оған отбасы мүшелері қалай қарайды?



2-топ: 31-беттегі сурет бойынша әңгімелеу.


  • Қандай дәстүрлер бар?

  • Ол туралы не білесің?

  • Мереке күндерді білесің бе?

  • Отбасыңда қандай мерекелер атап өтіледі?

Саралау:

  • Отбасыңда Наурыз мерекесі қалай өткізіледі?

  • Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден қандай ерекшелігі бар?

3-топ: 31-беттегі 2-сурет бойынша әңгімелеу.

1). «Тұсау кесу» рәсімі туралы не білесің?

2). Әңгімелеп көр.


Саралау:

3).Әулет, шежіре деген сөздер сендерге таныс па?

4). Қазақстанда «Отбасы күні» қашан тойланады?

5). Отбасындағы қандай мереке қатты әсер қалдырды?


Дескриптор:

1. Отбасы туралы біледі.

2. Өз отбасы туралы әңгімелейді.

3.Дәстүрлерді ажыратады.

4.Әулет, шежіре туралы ұғым қалыптасады.

5.Наурыз мерекесінің ерекшелігін байқайды.

6.Отбасы күні туралы біледі.


ҚБ. «Басбармақ» арқылы.

  • Жоғары қарай – мен түсіндім.

  • Көлденең – мен түсінгендеймін.

  • Төмен – мен түсінбедім.


«Қош келдің, Наурыз» әні тыңдалады.




3.(ЖЖ) Дәптермен жұмыс.

.

  1. 17-жұмыс парағы. Бос уақытыңда бауырыңмен не істегенді ұнатасың? (суреттен белгілейді).

  2. 18-жұмыс парағы. (Үйден әкелінген фотосуреттерді «Мәуелі ағашқа» желімдейді.)


ҚБ: «Смайликтер»


Дескриптор:

  1. Дәптермен жұмыс жүргізеді.

  2. Мәуелі ағаш туралы біледі.


4.(С) Сергіту сәті

«Шеңбердегі доп»ойыны Мақсаты:Оқушылардың жаңа сабақ бойынша білігін, тіл байлығын дамыту.

Оқушылар шеңберлене тұрады. Бір-біріне сағат тілі бағытында допты ұсынады. Доп қолына тиген оқушы сабаққа қатысты бір сөйлем айтады.

Мыс: Атам мен әжемді жақсы көремін.Ағам әскерден келді. Анамды туған күнімен кұттықтаймын. Бауырымның шілдехана тойы болады.



5.(С)«Тату-тәтті отбасы» әдісі.

  • Сенің анаңның анасы саған кім болады?

(нағашы әже)

  • Менің анамның қызы, бірақ мен емес.

(әпке, сіңлі)

  • Сенің әкеңнің әкесі.

(ата)

  • Мен анама – (қызымын).

  • Мен атама – (немересімін).

  • Мен ағама – (қарындаспын).

  • Мен ініме – (апамын).


Керібайланыс: Отбасы сөзін қалай түсіндік?


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы

қызыл – түсінбедім

сары – толық емес

жасыл – түсіндім.




Оқулық

суреттер.































































Жұмыс дәптері.



Мәуелі ағаш – отбасының ны-

шаны.





Сергіту сәті,

доп














«Тату-тәтті отбасы» ойыны сұрақтары,


«Бағдаршам» түстері














Сабақтың

соңы


(5 мин)














6.(Ұ)«Тақырыптың түйінді суреттері» әдісі.

Суреттердің қайсысы қайда тиісті?).

Суреттер банкісі Біздің тақырып

Овал 2 Овал 3

Стрелка вправо 1


Әке, отбасы, жанұя, кітап, себет, дәстүр, қала, жиырма, маусым.

Мақсаты:Оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу мақсатында тақырыпқа қатысы бар және қатысы жоқ суреттерді ажыратады.

ҚБ. «Менің көңіл- күйім» баспалдағы

(Керемет, Жақсы, Нашар)

Дескриптор: Тақырыпқа байланысты суреттерді таба біледі.



Әдіс, сызба, суреттер.










Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Ұжымдық

Топтық

Жеке




Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Смайлик, бағдаршам, шапалақ,көңіл күй баспалдағы, басбармақ.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Дәптермен жұмыс кезінде партада отыру ережесін сақтауды қадағалау. Сергіту сәті кезінде бір- біріне партаның кедергі келтірмеуіне көңіл бөлу.

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Сабақ мақсаты мен міндеттері орындалды.


Оқушылар бүгінгі сабақта жоспарланған белсенді оқу әрекеттерді жоғары деңгейде өтті.


Жоспарланған саралау іске асты, себебі берілген тапсырмалар оқушының жас ерекшелігінесәйкес болды.


Уақытты тиімді пайдаландым, себебі жоспарда қамтылған.



Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз.

1.Ширату жаттығуы .

Тақырыбы: «Отбасы» өлеңі

2.Дәптермен жұмыс. «Мәуелі ағаш»


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

  1. «Тату- тәтті отбасы» әдісі

  2. «Шеңбердегі доп» ойыны.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?


Белсенді оқу әрекеттерін орынды ұйымдастырып қолдануды ұқтым.





















































Республикалық қашықтық байқауға қатысу өтінімі

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы шеңберінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Ашық сабақ» педагогикалық инновациялар байқауы



1.Байқауға қатысушы туралы ақпарат

Тегі,аты-жөні, (толық)

Калиева Нурлыгул Жоламановна

Қызметі

Бастауыш сынып мұғалімі

Білімі

Жоғары

Санаты

Жоғары

Педагогикалық өтілі

20 жыл

Атауы (облыс,аудан,мектеп)

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп

Е-mail

Nurlygyl2018@yandex.ru

Байланыс телефондары

87785915070

Қосымша ақпарат

Жаңашыл білім мазмұны бойынша жұмыстануда



ІІ. Байқау жұмысы туралы ақпарат



Білім беру саласы

Бастауыш білім беру

Сабақ тақырыбы

Менің отбасым

Сынып

1 сынып



ІІІ. Байқау жұмысына қысқаша аннотация (тақырыбы,мақсат,мазмұны) (50 сөзден аспауы тиіс)

ІІІ. Аннотация

«Менің отбасым»тақырыбындағы сабақтың мақсаты оқушылар өз отбасы ,отбасы мүшелері туралы әңгімелейді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағалайды. Отбасылық дәстүрлердің маңызын түсінеді.Әулет шежіресін үйренеді.Отбасы күні туралы біледі,өзара сыйластық,ынтымақтастық ,туыстық құндылықтар қалыптасады.

Дүниетану пәні сабағы көркем еңбек ,музыка,сауат ашу пәндерімен байланысты.

Сабақ барысында «Тақырыптың түйінді суреттер», әдісі,«Тату-тәтті отбасы» әдістері қолоданылды. «Шеңбердегі доп» ойыны арқылы сергіту сәті ұйымдастырылады. Оқушылар «бесбармақ», «шапалақ», «бағдаршам» , «Менің көңіл-күйім» арқылы білімдері анықталды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12