жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің отбасым
|
Пән:дүниетану Сынып: 1 |
Мектеп: Абай ЖОМИ |
|||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Абдуллаева Гульнар |
|||||||||||||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің отбасым |
|||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу Бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттеу
негізінде «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін
түсіндіру; |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: Отбасы ұғымын түсінеді және отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды айтады, қатынасты ажыратады. Көптеген оқушылар: Дереккөздер арқылы отбасы ұғымының мағынасын ажыратады және сұраққа қатысты туыстық атауларды атайды. Кейбір оқушылар: Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық қатынастарда өз орнын сипаттайды |
|||||||||||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология:
отбасы,туыс,
қарым қатынас -Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? -Олардың атқаратын қызметтері қандай? |
|||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мәңгілік Ел патриоттық актісі. 4 Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. |
|||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, көркем еңбек. |
|||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолданудағдылары |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде «Отбасы» ұғымын түсіну мәнін түсіндіру. |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Түймедақ гүлі арқылы өткен сабаққа шолу жасау. Түймедақтың ортасына "отбасы" сөзін жазып қоямын.Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазады. (әке, ана, аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас, ата, әже) -Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? -Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болама? Суреттерде берілген отбасы мүшелері мен олардың арасындағы туыстық қатынастар жөнінде пікір алмасу. Оқушыларға туыстық қатынастар жайлы мағлұмат беру Қонақжайлық ойыны.Сынып оқушыларын 4-топқа бөлінеді.Әр топ өзара ата, әже, әке, ана, балалар,қонақтар рөлдерін бөліп алады. Рөлдерді бөліскеннен кейін айтады, өзара талқылайды. |
Түймедақ суреті |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ ортасы
|
1-тапсырма (ЖЖ). Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Отбасы – ол ата-ана, Отбасы – ол балалар. Отбасы – ол туыстар, Отбасы үлкен шаңырақ
Өлеңге қатысты суретті тауып, белгілеңіз. «Отбасы» дегенді қалай түсінесіз? Жұпта ой бөлісіңіз.
1 2 Дескриптор: - өлеңге сәйкес келетін суреттің нөмірін көрсетеді; - дереккөздерге сүйеніп «отбасы» ұғымын сипаттайды. ҚБ: смайликтер
Сұрақтарға жауап бер және тиісті сөздерді жаз. -Әкеңнің анасы саған кім болады?------------ -Әкеңнің әкесі ше?-------------------- -Өзіңнен үлкен бауырыңды қалай атайсың?---------------- Дескриптор: -Сұраққа қатысты туыстық атауларды (әже) дұрыс жазады. -Сұраққа қатысты туыстық атауларды (ата) дұрыс жазады. -Сұраққа қатысты туыстық атауларды (аға,әпке) дұрыс жазады.
ҚБ. смайликтер
3-тапсырма (ҰЖ) Сызбаны өзіңізге қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жазыңыз.
Дескриптор: Туыстық атауларды дұрыс жазады(ата); Туыстық атауларды дұрыс жазады(нағашы әже); Туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады(немере);
ҚБ: мадақтау, мақтау
4-тапсырма: "Галерея" әдісі. (ТЖ) Мақсаты: суреттер арқылы отбасы мүшелерін атау және туыстық қатынасты анықтау, туыстық байланысты көрсету. Оқушылар туыстарының және өзінің суреттерін жабыстырып шығады.Постер қорғайды.
Дескриптор: - суреттер арқылы отбасы мүшелерін атайды және туыстық қарым қатынасты көрсетеді. ҚБ: смайликтер
|
|
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
"Ыстық орындық" әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Мақсаты: Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау. Топтық бағалау. Бағалау парақшасы арқылы оқушылармен пікірлесе отырып топтарды бағалау. Мұғалімнің кері байланысы
|
|
||||||||||||||||||||||
|
Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||
|
Менің отбасым анкетасы. Жеке жұмыс Әрбір оқушы өзі туралы және отбасы мен туыстарының аттарын жазады, Туыстық қарым қатынасты ажыратады.
Менің атым………………….. Менің нағашы апамның аты……. Менің нағашы атамның аты…….
Дискриптор: Туыстық қарым қанасты ажыратады, отбасы мүшелерінің атын атай, жазады
|
Смайликтер арқылы Мадақтау Бас бармақ Смайлик |
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды
орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына,
штекерге тиісуге тыйым салынады. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||||||||||||||
Мәңгілік Ел патриоттық актісі
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
1 Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
2 Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
3 Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
4 Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
5 Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
6 Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.
7 Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламызэ.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген