Тақырыбы:Бұл кім? | Мектебі: №1 Затобол орта мектебі |
Күні,айы: 13.11.2016 жыл | Мұғалімнің аты-жөні: Тулепова Алима Алимхановна |
1 сынып | Сабаққа қатысқан оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну1.1.4.1. Мұғалімнің көмегіммен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
|
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар:Отбасы мүшелерін атай алады.Отбасындағы адамдардың атын айта алады. |
| Оқушылардың басым бөлігі: Отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы ақпарат бере алады.(суреттегі кім екенін және оның атын айту) Қарындас/сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсінеді. |
| Кейбір оқушылар:Кез-келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алад, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар |
Сабақтың басы(2-5 минут)
| (МК – мұғалімнің көрсетуі) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына ықпал ететін жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру |
|
Сабақтың ортасы(5-35 минут)
| (МК – мұғалімнің көрсету. Ұ-ұжымдық жұмыс) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар отбасы мүшелері атауларымен танысады(ата, әже,әке,ана,аға,әпке, іні, қарындас/сіңлі) Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қарындас және сіңлі сөздерінің кімге қатысты қолданылатыны туралы түсіндіреді. Яғни ұл балалар өздерінен кіші қыз бала туралы қарындас сөзін, ал қыз балалар сіңлі сөзін қолданатыны туралы айтылады. Оқушыларға түсінікті болу үшін сыныпта қарындасы/сіңліссі бар ұл бала мен қыз баланы ортаға шығарып, сол балалардың тәжербиесінде қарындас/сіңлі сөздерінің мағынасын түсіндіруге болады. (МК) Есте сақта айдары бойынша мұғалім оқушыларға отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауының 1 жағында қолданылумен / тек құрылымдық үлгіде/ таныстырады. Менің деген сөзбен ата сөзі атам түрінде қолданылатыны түсіндіріліп, солай жаттықтырылады.(МК – мұғалімнің көрсету. Ұ-ұжымдық жұмыс) 2- тапсырмада берілген үлгі бойынша толықтырып айту арқылы тәуелдік жалғауының қолданысы бекітіле түседі (Үлгі: ата-менің атам, әже-менің әжем)(МК – мұғалімнің көрсету. Ұ-ұжымдық жұмыс) 3- тапсырмада оқушылар өз отбасы мүшелерінің атын айта алуды үйренеді.(Бұл-менің анам.Оның аты-....)(ОТ) Оқушылар өз отбасының суретін сала алады. Сол сурет бойынша отбасы мүшелерін атап, олардың атын айтуға жаттығады.(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі.Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өздерінің отбасы суретін пайдалана алады. Бірінші бала екінші баланың суретін (3-тапсырманы орныдау кезінде салған отбасы суреті) қарап, ішінен біреуді көрсетеді және оның кім екенін /Бұл кім?/ жжәне /Оның аты кім?/ сұрайды.Екінші бала бірінші баланың сұрақтарына жауап береді Сонда диалог шынайы болып шығады. Отбасы суретін сақтап қою керек, себебі келесі сабақта оқушылар оны қайтадан пайдалана алады.( МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы, оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.( Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. |
Оқулық
Аудиодиск:2.6.1. 2.6.4
|
Сабақтың соңы35-40 минут | (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады |
|
Қосымша ақпарат |
Қорытындылау | Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға олданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жа бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз |
|
1. Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?Неге?2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
|
|
Дескриптор |
отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы ақпарат бере алады.(суреттегі кім екенін және оның атын айту) Қарындас/сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсінеді.кез-келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алады, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады. |
Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нәрсе не?1:2:Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?1:2:
|