жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отбасым
|
Пән: Дүниетану Сынып: 1 |
Мектеп: « Қаржан» жалпы орта мектебі |
|||||
|
Күні:04.10.2018 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Медетова Ұлбосын |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
||||
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.1.1.1. Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру. |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: « Отбасы» туралы біледі. Көпшілігі : «Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды. Кейбірі : Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды,отбасы шежіресін құрастырады. |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды . «Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды. |
|||||
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Оқушылар туыстық қатынас арасындағы сыйластық мағынасын ашады. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Отбасы,шежіре,отбасылық дәстүрлер. Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі Оқушылар отбасы мүшелері туралы айтады. Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан, оны нығайту керек.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Елдің» болашағын құра аламыз. |
|||||
|
Денсаулық, техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Сынып бөлмесінде, сабақ барысында, сергіту сәтінде жеке бастың жалпы қауіпсіздігін қатаң сақтау. |
|||||
|
Пән аралық байланыстар |
Сауат ашу |
|||||
|
АКТ қолдану дағдысы(сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) |
слайд |
|||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Отбасы ұғымының мағынасын біледі. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 5 -7 мин |
«Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.Қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Шаттық шеңбері. Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Біз үлкен отбасы. Топқа бөлу
1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» (ТЖ) «Ребус шешу» әдісі арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасаймын. Мақсаты: Оқушының белсенділігін,қызығушылығын арттыру.білім деңгейін анықтау Тапсырма: Отбасы ұғымының мағынасын түсіндіру Дескриптор: -Отбасы ұғымын әңгімелеу арқылы түсіндіреді. Қ.Б. «Басбармақ»
әдісі ,
|
Шеңбер
Ребус
|
||||
|
Сабақ ортасы
|
(МК) Слайд көрсетемін. Отбасы туралы түсінік беремін. Мақсаты: оқушылардың тыңдалым , айтылым дағдылырын қалыптастыру
Суретте кімдер бейнеленген? Бұл адамдарды біріктіретін не? Отбасы – ең жақын және туыс адамдар.Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін Отбасылық дәстүрлер біріктіреді. Оқушылардан өз отбасы,отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтады.. (ҰЖ) «Бізге қонақ келді» ойын әдісі арқылы өткізіледі. Мақсаты:ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастырады. Тапсырма: Бірлесе жұмыс атқару арқылы қонақ күту көрінісін сахналау. Әр топтан әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар алынады. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны талқылайды. Әр қатысушының жақсы жақтары айтылады: үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алды ма, отбасы мүшелеріне назар аударды ма? . Дескриптор:
ҚБ «Қолшапалақтау» әдісі арқылы қатысқан оқушыларға алғыс білдіріледі
(ТЖ) «Пазл» әдісі арқылы сурет құрастыру. Мақсаты: Оқушылардың бірлескен жұмыс арқылы ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу дағдыларын қалыптастыру. №1 Тапсырма:Сюжетті суреттерді құрастыру және сурет бойынша әңгімелеу.
Дескриптор: - Сюжетті суреттерді құрастырады - сурет бойынша әңгімелейді Қ.Б «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Сергіту сәті: «Көңілді әуен» биі
(Т.Ж)
« Ой —
шақыру»
әдісі арқылы оқулықпен жұмыс
жасау. №2Тапсырма: «Бұл қандай салт-дәстүр?» тақырыбындағы суретке назар аудару. («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б
Дескриптор : - -суретке қарап дәстүрді ажырата алады -берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді - Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді Қ.Б «Жұлдызшалар» арқылы бағалау (М.К) «Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашамын. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аударамын Мақсаты:. «Шежірені неліктен ағашпен
салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын
білу.
(ЖЖ) «Тапсырма арқылы саралау» тәсілі бойынша оқушылардың деңгейіне қарай тапсырма беру №3 Тапсырма: « Шежіре ағашын» толтыру. Мақсаты: Әр оқушының деңгейіне қарай қолдау көрсету,өз бетінше оқу, жазылым дағдыларын қалыптастыру. Дескриптор: Барлығы: Отбасы мүшелерін жазады Көпшілігі: Отбасы мүшелерінің есімдерін толық жазады. Кейбірі: Отбасы шежіресін жазады. ҚБ. «Смайлик» әдісі (Жұптық жұмыс) «Сен маған,мен саған» әдісі арқылы жұпта ой бөлісу. Мақсаты: дереккөздерге сүйеніп «отбасы» ұғымын сипаттап,тыңдалым.айтылым дағдысын қалыптастыру. 4-тапсырма Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Отбасы – ол ата-ана, Отбасы – ол балалар. Отбасы – ол туыстар, Отбасы үлкен шаңырақ. Өлеңге қатысты суретті тауып, белгілеңіз. «Отбасы» дегенді қалай түсінесіз? Жұпта ой бөлісіңіз.
Дескриптор: Білім алушы - өлеңге сәйкес келетін суреттің нөмірін көрсетеді; - дереккөздерге сүйеніп «отбасы» ұғымын сипаттайды. Қ.Б «Көңілді күн» арқылы |
Жұлдызша смайликтер
|
||||
|
Сабақтың соңы |
«Элективтік тест» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Мақсаты: Сұрақтарға дұрыс жауап беріп.туыстық атауларды нақты анықтайды.Өз бетінше оқу дағдысы қалыптасады. Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын анықтаңыз және белгілеңіз. 1) Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? А) жиен, нағашы, құда В) әке, ана, бауыр С) дос, аға, әпке D) көрші, ата, әже 2) «Отағасы» деп кімді атайды? А) анасын В) әкесін С) ағасын D) інісін 3) Отбасының ең үлкен байлығы: А) бала В) ақша С) үй D) машина Дескриптор: Білім алушы - сұрақтардың жауаптарын дұрыс анықтайды ҚБ.« Жүрекше» арқылы бағалау
|
|
||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға отбасы шежіресі «жеті атасын» жазып беруді жоспарлаймын. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
ҚБ-« Жүрекше» арқылы ҚБ: « Көңіл күн» смайликтері» арқылы ҚБ«Жұлдызшалар» арқылы ҚБ. «Шапалақтау» әдісі Қ.Б «Отшашу» әдісі
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||||
|
Жалпы баға Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуда да, оқуда да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да, оқуда да ескеріңіз)? Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не ? |
||||||












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген