|
Әр адамның
өмірінде отбасының маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру,
қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір өзі өз табыстарына
қуана алмайды. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы
алғашқы ізгі ниеттермен байланысты.
Әр отбасында өз
дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр– ұрпақтан-ұрпаққа берілетін
әдет-ғұрып және көзқарастар жиынтығы. Дәстүрлерге сонымен бірге
отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан
тарайтын ұрпақтар ағашы»,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Қазақстан-2050» Жолдауында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық мерекелер
де жатады. Отбасылық мерекелерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл
етіп, қуаныш сыйлайды.
Кейбір
отбасыларында дастарқан басында бірге ас ішу, жоспарларды бірге
талқылау, мәселелерді бірлесе шешу, киноға, табиғатқа бірге бару
сияқты дәстүрлер қалыптасқан.
Қазақ
отбасыларында балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бала дүниеге
келгеннен бастап («Шілдехана тойы», «Қырқынан шығару», «Тұсау
кесер», «Тілашар» және т.б.) бүкіл өмір бойы баланың барлық
қуаныштары аталып отырады.
Тұсаукесер
дәстүрінің пайда болу тарихы. Бұл дәстүр өте ертеде пайда болған
және тек
қазақтарда ғана
емес, сонымен бірге басқа да туыстас халықтарда да (қырғыз,
алтайлықтар, хакастар) кездеседі. Ерте заманда әлемді жер үсті, жер
асты және аспан әлемі деп үш бөлікке бөлген екен. Адам бұл әлемнің
барлығында болып қайтуы тиіс екен. Нәрестенің жерасты әлемімен
байланысы мықты болғаны сондай, оны өз бетімен үзе алмаған. Оған
көмектесу қажет болған. Сол кезеңнен бастап тұсау кесуді жігерлі,
рухы мықты адамға сеніп тапсырған. Тұсауды кесе отырып, ол жерасты
әлемімен баланы байланыстырып тұратын соңғы жіпті кескендей болады.
Бала содан кейін біздің әлемге алғашқы қадам жасайды!
БҰҰ Бас
Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні деп
жариялады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім әлем жұртшылығындағы
көптеген отбасылық мәселелерге назар аудару үшін
қабылданды.
1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлыққа қол
қойды. Бұл күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде
мерекеленеді.
|
Сабақты
«Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады. Түймедақтың ортасына
«отбасы» сөзін жазып қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге
қатысты сөздерді жазуы тиіс.
Атасы
Анасы
Отбасы Әкесі
Әжесі
Балалар
«Отбасы»
тақырыбына әңгіме өткізу. Адам өміріндегі ең қымбат жандар кім?
Адам өміріндегі ең қымбатты жандар – бұл отбасы мүшелері. Отбасы –
бұл ата мен әже, әке мен ана, аға мен әпке, іні мен сіңлі.
Отбасында барлығы бірін- бірі жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді,
көмектеседі. Сабақтан кейін өзіміздің жылы, жайлы үйімізге
қайтамыз. Үйде бізді әрқашан қуана қарсы алады.
Сұрақтар қою
арқылы:«Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің
сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?»
№ Кел,
талқылайық!
Суретте кімдер
бейнеленген?
Бұл адамдарды
біріктіретін не?
Отбасы – ең жақын және
туыс адамдар.Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін
Отбасылық дәстүрлер
біріктіреді.

Менің
отбасым. Оқушылардан өз
отбасы,отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын
сұрау. Мыс:Мен анама үйді жинауға
көмектесемін.Менің оқуыма ағам мен
ата-анам көмектеседі. Біз тату –тәтті отбасымыз
.Менің киімдерім шкафта тұрады. Ал ойыншықтар бәрімізге
ортақ.
Менің
атам
Жүзі жарқын, жаны
ізгі
Жан бар ма екен атамдай,
Бірақ бала тәрізді
Тұрады әкем бата алмай
Мәнді және маңызды,
Толған ылғи ой басы,
Ертегі мен аңыздың
Таусылмайтын қоймасы.
Дескриптор: Отбасы
мүшелерін айта алады.Олардың өзі үшін ең маңызды адамдар екенін
түсінеді.Олар бір-бірімен жақын қарым қатынаста тату-тәтті екенін
түсінеді.Ең үлкені кім екенін түсінеді.Оған отбасы мүшелері қалай
қарайтынын түсінеді Үлкенді құрметтеп тыңдауды біледі.
Бағалау:Смайлик тарату
арқылы.
№ «Қонақжайлылық» ойынын өткізу. Сынып оқушыларын 3-4 топқа
бөлу. Әр топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар рөлдерін
бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны
талқылайды. Әр топтың жақсы жақтарын айту: үлкендерге, қонақтарға
құрмет көрсете алды ма, отбасы мүшелеріне назар аударды
ма?
Дескриптор:Отбасылық
мерекелерде қонақтарды қарсы алу,оларға құрмет көркетуді
үйренеді
Бағалау: Геометриялық
фигуралар арқылы бағалау.
№ Дәстүрлер. Оқушылардан
өздеріне таныс суретті таңдауын сұраңыз («Шашу», «Бата», «Тұсау
кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды
әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.
Дескриптор:
Салт-дәстүрлерді түрлі дерек көздерден зерттей алады Бала 1 жастан
асып жаңадан жүре бастағанда тез жүріп кетсін деп тұсау
кесетінін,қақақ халқының ұлттық мерекесі Наурыз мерекесін біледі.
Салт-дәстүрлер жайында ойын толық жеткізе алады.Өмірмен байланыс
орната отырып, мысал келтіре алады. .
Бағалау:
«Отбасылық
шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашу. Оқушылардың
назарын ағаштың суретіне аударып. «Шежірені неліктен ағашпен
салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын
білу.
Сен білесің
бе? Оқушылардың пікірін сұрау.Адамның
өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы
түсінік беру. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық
отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып
өтіледі.
Анықта. Бұл тапсырманы
үйде орындауға беремін.Оқушылар үшін өз ата-аналарының балалық шағы
туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау
нәтижелерін сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар
суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай
көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде
оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын
көрсетеді.
Орындап
көр. Оқушыларға ашықхат жасау үшін
үлгілер таратып беремін. Өз жақын туыстарына тілек жазуды сұраймын.
Ашық хаттың арғы бетіне үй мекен жайын жазады. Бұл келесі сабаққа
арнап алдын ала берілген тапсырма болады. Дәптермен жұмыс:
«Отбасылық
шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімдейді.
Дескриптор:Әр әулеттің өз тарихы бар.
Ата-бабаңның тарихин шежіре деп атайтынын біледі өз отбасының
шежіресін жасауды үйренеді.
Бағалау:қол шапалақтау арқылы
|
|
Зертте. Оқушылардан Наурыз мерекесі туралы
әңгімелеп беруді сұрау. Олар өз отбасында бұл мерекені қалай атап
өтетіні туралы естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс. Олардың
әңгімесін тойда айтылатын тілектер, ұлттық тағам, киіз үй және т.б.
туралы қосымша ақпаратпен толықтырып. Наурыз мерекесінің тарихы
туралы қысқаша түсінік беремін.
|
Жұмыс
дәптеріндегі тапсырма тілдік мақсатты іске асыруды
көздейді.
Оқушылар
«ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі» сөздерін
үш тілде айта алады.
|
|
Өнер.
Оқушыларға өз отбасына қатысы бар заттардың суретін салуды
ұсыныңыз.Олар күннің, кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің және т.б.
суретін
салуы мүмкін. Әр суретке атау
беруге болады. Мысалы, «Анам, әкем және мен – тату-тәтті
отбасымыз», «Отбасымыз – қорғанымыз», «Біріміз бәріміз үшін,
бәріміз біріміз үшін!», «Әрқашан біргеміз» және т.б.
АКТ. Қабілетті оқушыларға өз
отбасы туралы шағын таныстырылым жасауды ұсынамын. Онда отбасы мүшелерінің суреттерін
орналастыруға болады. Оқушылар суретке өз шежіре ағашын сала
алады.
Жауабы: Жеті күннен кейін
|
Оқушыларға
әшекейлі тізбек көмегімен өз отбасын бейнелеуді ұсынамын. Оқушылар
түрлі-түсті қағаз жолақшаларына өз есімін, анасының, әкесінің,
атасының, әжесінің, ағасының, әпкесінің есімдерін жазады. Әр
жолақты сақина етіп бекітеді де барлық әшекейлі тізбектерді
біріктіреді. Нәтижесінде отбасы шежіресі шығады. Әрқайсында
қайталанбас өз отбасы бар екенін байқайды. Оқушылар бір-бірінің
әшекейлі тізбектерін біріктіре алады. Оқушылардан барлық әшекейлі
тізбектерді біріктірсе, не болатыны туралы тұжырым жасауды
сұрау.
|