400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзім жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім:

Менің отбасым және достарым

Мектеп: №25

Мұғалімнің аты-жөні: Каратауова Г.Н.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 Зейін қойып тыңдау.

Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.

1.1.2.1 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

1.1.4.1 Әдеби тіл нормасын түсіну.

Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбірі: Сөздермен қарапайым сөйлемдер құрастырады. Сұрақтарға жауап бере алады.

Суреттерді атай алады. Мұғалімнің көмегімен сөздерді қайталайдды.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады.

Қазақ тіліне тән дыбыстар мен сөздерді дұрыс айта алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Отбасы, ата, әже, әке, ана, әпке, аға;

менің отбасым, мынау әкем, мынау ағам, менің үйім.

Менің ағам бар. Оның аты…. Менің әжем бар. Оның есімі….

Әә – Аа- дауысты дыбыс

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

«Менің отбасым» аудиожазба

Бастапқы білім

1-тоқсанда өткен тақырыптарға шолу жасау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ертеңгілік шеңбері

Фонетикалық жаттығу.

Әә – Аа- дауысты дыбыс

Әтеш, ән, әріп, әліппе т.б. қалған сөздерді оқушылар өздері мысылдар келтіреді.

Ана, апа, аға т.б. қалған сөздерді оқушылар өздері мысылдар келтіреді.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінемін»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Тақта, суреттер

Сабақтың ортасы
































(МК) Оқушыларға отбасы мүшелерінің суреттерін көрсету және оларды атау. Мысалы: ата, әже, әке, ана, әпке, аға – отбасы.

(Ұ) Оқушылар отбасы мүшелерін атайды.


(МК) Үлгі ретінде бір отбасының мүшелері туралы айту. Мысалы: Менің ағам бар. Оның аты… .


СЕРГІТУ СӘТІ.

Көңілді күн


(Ж) Оқушылар жұппен отбасы мүшесі туралы мұғалімнің айтқанын қайталап айтады.


(Ө) Оқушылар таңдап алған отбасы мүшесінің суретін салады және үлгіден бір жай сөйлем айтады.

Мысалы: Менің әжем бар. Оның есімі….


(ҚБ) Оқушыларға мәтіндегі кездесетін сөздердің суреттерін таратып беріп, таныс сөзді естіген кезде суретін көрсетуді өтіну.


Жетістік критерийі:

  • Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады.

Дифференцация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: суретке сәйкес жай сөйлемдерді құрайды.


Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: оқушылар өз отбасы мүшелері туралы сөз орамдарын айтады.













Отбасы мүшелерін сурет арқылы атап береді















Отбасы мүшесінің суретін салады, атайды

Суреттер


















Видео






Түрлі –түсті қарындаштар

Сабақтың соңы


Рефлексия

(МК) «Бағдаршам» арқылы өздеріінің сабақтағы жұмысына баға беру.



Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім


Түстер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсету

Қабілеті жоғары оқушылар суретке сәйкес жай сөйлемдерді құрайды.

Оқушылар отбасы мүшелері туралы қарапайым сөйлемдер айта алады.

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі