400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің отбасым - Отанға және халыққа қызмет етеді

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің отбасым – Отан мен халыққа қызмет етеді»

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Отбасын құру Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабы 1 тармағында, «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағы негізінде отбасын құру қарастырылған.

Отбасы - бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар.

Менің отбасым Қазақстанда өз туын тіккен, қарапайым қазақ отбасыларының бірі. «Отбасы - шағын мемлекет» демекші сол ту астында жеті адам тату-тәтті өмір сүреміз. «Ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» дегендей осы шағын мемлекеттің басында отбасы мүшелерінің барлығының басын қосып, амандығын тілеп, ұйытқы боп отырған ақ жаулықты Айшолпан анамыз бар. Анамыз ерінен ерте қалып, бір ұл, бір қызды жалғыз өзі асырап бағып, тәрбиелеп өсірген. Қазақстанның нағыз азаматы болып қалыптасуына бағыт - бағдар беріп, зор үлесін қосқан. Жұбайым Қуаныштың полиция мамандығын таңдап, еліне абыроймен адалқызмет етіп жүргеніне бірден бір себепші болған анасы.


Picture 1



Біз щаңырақ көтергенде Қуаныш еңбек жолын енді бастаған жас маман еді.


Picture 10


Жас үйленген болса да Қуаныш үшін оның қызметі басты орында тұрды.

Себебі отбасына қамқор болып отырған анасына сенді. Көп ұзамай Айыртау бөктерінде, Ақан серінің қаны тамған, Шоқандай ғұлама ғалымды тәрбиелеген Айғанымның, қойнауы тарихқа тұнған киелі Саумалкөл жерінде бірінің артынан бірі дүниеге алтын асықтай төрт ұлымыз келді.

Тұңғышымыз дүниеге келгенде есімін әжесі пайғамбардың елшісінің атымен Расул деп атады. Кейінгі перзенттеріміздің есімін қилы заманда қазақ халқының азаттығы, жарқын болашағы үшін өмірлерін бәске тіккен тарихи тұлғаларымызды есейе келе құрмет тұтсын, елін сүйген ұлтжанды азамат болсын деген ниетпен қазақтың бетке ұстар ұлт қайраткерлері Ораз бен Әлихан аталарымыздың есімдерін бердік. Кенжеміз Әмірханды қазақ елін билеген, жерін қорғаған атақты ханның құрметіне ырымдап қойдық. . Елбасы «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру»» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана».

Немерелері дүниеге келген күннен бастап анамыз бала тәрбиесіне өзі бас- көз болып, шілдеханадан бастап бесікке бөлеу, тұсау кесу, тоқымқағар, сүндетке отырғызу, тілашар сияқты балаға қатысты барлық салт-дәстүрлерді, жоралғыларды ұстанып, олардың жөн-жосықпен атқарады. Балаларымызды бесік жырымен тербетіп, немерелерінің тілі ана тілінде шығып, оларға қазақ тілінің жауһарларын құлақтарына құя отырып, тілге құрметін оятып, сусындата білді. Ертегі –жыр айтып, олардың саналарына ерлік, ұлтжандылық, адалдық ерге тән асыл қасиеттерді сіңіреді. Соның арқасында балалар өз ана тілінде таза қазақша сөйлеп, қазақ мектебінде білім алып жатыр.

«Бір әкенің берген тәрбиесін бере алмайды жүз мектеп» демекші ұлдар тәрбиесінде әкенің орнын ешкім алмастыра алмайды. Жұбайым үлкен балаларымыздың спорттық үйірмелерге қатысып, салауатты өмір салтына бейімдеп, олардың ерік-жігерін шыңдап, қайтпас қайсар жігіт болуына ықпал етеді. Балалардың қатысқан сайыстарына уақыт тауып,оларға қолдау жасап, әр жеткен жеңістеріне бірге қуанып, жетістікке жетелейтін әкесі.

Picture 1


«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Қазақ тарихында киелі отба­сының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны бөлек. Отбасында ананың орны бөлек баланы дүниеге әкелу әлпештеп, алақанда аялап, ана сүтімен бойына тәлім-тәрбиені дарыту, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүр­лерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу ананың еншісінде деп ойлаймын.

Мен өзім қазақ тілі мен әдебиетінің маманымын. Ұстаз маманы болуыма мені анам, одан кейін үлкен ағам жол көрсетті. Әр әйел затының бойындағы даналы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сыпайылық, қарапайымдылық ұстазға тән қасиет. Балаларды тәрбиелеуде әр ана бір ұстаз болу керек. Ұлдарды Отансүйгіштікке, елінің, жерінің алдында парызын орындауға, үлкендерді сыйлап, өзінен кейінгі іні-қарындастарына қамқор болуда әр күн сайын саналарына ұялататын ананың тәрбиесінің басты міндеті. Мен де балаларыма осы құндылықтарды бойларына дарытуға ат салысудамын. Әр баланың бойындағы жасырулы жатқан қабілеттерін аша отыра олардың әр жетістіктеріне де жеңілістерінде де бірге болуға тырысамын. Ұлдарыммен бірге спортта да, өнер жағынан да әрқашан қолдау көрсетемін. Ұлттық байқауларға қатысып әжелерімен бірге сайыстарға киім тігіп, би белесе де, ән айтса да бірге өнерлерін көрсетуге ат салысамын. Жан-жақты болу, өзіңді –өзің жетілдіру әр ұстаздың бойына дарыған қасиет деп білемін. Әз-Наурыз мерекесіндегі «Бақыты отбасы» сайысына қатысып аудан көлемінде екінші орынға ие болдық. Бұл сайысқа қатысудағы мақсатымыз - отбасы мүшелерінің ұйымшылдығын арттыру,өнерге баулу, балалардың қоғамдық өмірге бейімдеу, жауапкершілігін қалыптастыру және басқа отбасыларына өз өнерімізді, береке-бірлігімізді көрсете отыра үлгі болу. Полиция қызметкері мен педагогтің сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі отбасы болатынына көз жеткізу.

Picture 2

Жұбайым Қуаныштың қызмет барысында жетістіктері мен таққан шеніне жетуде талай қиыншылық пен тәртіпке төзіп, ерік-жігер танытып Отан алдында борышы мен парызын бойын тік ұстап абыроймен атқаруда.Мұндай қайсарлық, жауапкершілік пен бірбеткейлік қасиет Қуаныштың бойына арғы атасы Шоңнан дарыған десе де болады.

Шоң Рақымұлы Тайынша ауданы Амандық ауылының тумасы. Атасы Азамат соғысына қатысқан, Ұлы Отан соғысында Бауыржан Момышұлының қол астында борышын капитан шенінде өтеген ардагер және Жапон соғысының қатысушысы. Соғыстан кейін де елде атқамінер абыройлы азамат бPicture 3
олған.

Осы жолда полиция қызметкерінің зайыбы әрі ұрпақ тәрбиешісі ретінде менің де үлесім бар. «Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді» демекші жұбайымның өз жұмысын қалтқысыз, алаңсыз атқаруына жағдай жасап, жылы сөзіммен қолдау көрсетіп, оның мамандығына сыйластықпен, түсіністікпен қараймын. Жұбайым екеуіміз үнемі елде, жаһанда болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп, қанда да бір мәселе болса өзара кеңесіп, келісіп шешуге тырысамыз. Үйде жұбайын жұмыстан қарсы алатын жары, балаларымыздың анасы болсам, мектепте өз тәрбиеленушілеріме мұғалім-апай боламын. Осы жарлық қызмет пен ұстаздық қызметті алып жүру мен үшін өте маңызды қадам. Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің қолдауымен «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығында атап өткендей, әр әйел азаматына жұмыс жасап жетістіктерге жетуге қол үшін берді. жұмыспен бірге аа болып көптеген жетістікке жетуге көп күш саламын. осы жасаған еңбектерім де бағаланып жатыр.


Үйде балаларымыздың әкеге құрметі мен махаббатын арттыруда ата-анам мен енемнен көріп түйген қазақи тәрбиені ұстанамын. Әке-асқар тау, отағасы, отбасын асыраушы екенін әр сөзімде, іс-әрекетімде танытып отырамын. Демалыс күндері жанұямызбен бірге бас қосып дастархан басында отырып, балалардың бір апта бойы жасалған, қатысқан іс-шаралары туралы әңгіме-дүкен құрыламыз. Жанұямызда балалардың әкесімен өткізгенде шахмат, қыста сырғанаққа барып, ортақ кино қарап, күндерді қызық өткізу, ертең өсе келе өздері отбасын құрғанда балаларға уақыт бөлу маңыздылығын көрсетеді. Балалардың жан –жақты дамуына ат салысу. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет.  Білім жолында қазіргі таңда «Үш тілділік» мәселесі бойынша балаларды тіл білу маңыздылығына көп көңіл бөлудеміз. Сол себепті балаларды заман ағымына қарай дамуына байланысты әр түрлі үйірмелер, ағылшын тілін оқу бойынша қосымша сабақтарға, одан да басқа факультатив сағаттарына, өнерге жақын болуына байланысты ән-күй үйірмелеріне қатысуда.

Жұбайым өткен жылы Көші-қон полиция бөлімдерінің ішінен озып шығып 2017 жыл жоспарын орындау бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы ІІБ Көші-қон полиция топ бөлімі І орынды иеленді.

Picture 11

Осындай жетістіктерге жетіп, биіктерден көрінген әкесін үлгі тұта отырып, балаларымыздың жетістіктері көзге көрінуде. Расул мен Ораз «Ақбота» интеллектуалды сайысына қатысып ІІ және ІІІ орындарға ие болса, Әлихан би үйірмесіне қатысып, аудан ішінде әр түрлі сайыстарда өнерін шыңдауда.

Picture 3 Picture 4

Picture 5
Рухани жаңғырудың «Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» «Туған жер» бағдарламасы аясында балалары әкесі сияқты полиция қызметкерлері болуды алға мақсат қойған Расул мен Ораз қазіргі таңда спортқа қатысып салауатты өмір салтын ұстанып, сабақтарына ден қойып, жақсы оқуға тырысады. Әрдайым әкелерін мақтан тұтады. «Әке көрген оқ жонар» деп қазақ аталарымыз айтқандай әкесінің жолын қуу әр ер баланың арманы. Қылмыскерлерді құрықтап, әділдіктің жақтаушысы болып, шен тағып еліне адал қызмет етуді алдарына мақсат етеді.

Picture 6

Заман ағымымен жаһандану кезеңінің кері әсері елімізге келіп жатқан теріс ағымдағы топтар мен ғаламтор желісіндегі түрлі ақпараттар легі өскелең жеткіншектердің ой –санасына әсер етпей қоймайды. Бала тәрбиесіне дұрыс бағытта жетілуіне, тұлға ретінде дамуына жағымсыз факторлардан қорғау ата-аналар үшін оңай емес. Қоғамда қылмыстың өршуі, жеткіншектер арасындағы кикілжің, зиянды әдеттердің алды-алу әңгімесін жүргізу үнемі басты назарда. Осы орайда полиция және педагог қызметкерлерінің жұмысының сабақтастығы жанұя мен қоғамдық ортада ұштасып жатады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің қолдауымен «Жүз жаңа есім» бастамасы мен еліміздің бетке ұстар жас спортшылар, ғалымдардың, кәсіпкерлердің, еліне адал нәтижелі қызмет етіп жүрген азаматтардың есімдерін үлгі тұта отыра жас ұрпаққа жол бағыттау қазіргі кезде жақсы бастаманың бірі болып саналады. Әр дайым қоғамда полиция және педагогтар оң имиджін қалыптастыру күнделікті қарапайым істерден бастау алады.

Белгілі бір маман иесі атану оңай, алайда оны аяғына дейін абыроймен алып жүру тек нағыз азаматтың қолынан келеді. Қоғамдағы тәртіпті реттейтін полиция болса, сол тәртіпті бұзбауға тәрбиелейтін мамандар иесі педагогтар. Олардың орны бөлек және маңызы зор. Қазақстанның бай-қуатты, дамыған ел болуы қазіргі тәрбиелі, тәртіпті, салауатты, салиқалы жас ұрпақтың қолында. Сол жас ұрпақты сындарлы етіп тәрбиелеу – ата-ананың міндеті. «Бағыттан жаңылмау үшін өткенімізге зер салып, алдыңғы буынның тәжірибесінен тағылым ала білу маңызды. Олар аса ауыр кезеңде, ерекше күрделі мәселелердің шешімін таба білді» деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында көрсеткендей полицей қызметін, әкелік міндетімен ұштастыра білген, педагог мамандығын аналық қызметімен бірге алып жүрген отбасылардың жарасымдылығы көңілге қуаныш ұялатып, көз қуантады.




















Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Новоишим селосы













ЭССЕ

Тақырыбы: «Менің отбасым – Отанға және халыққа қызмет етеді»









Орындаған Новоишим қазақ орта мектебінің мұғалімі

Нурумова Замзагуль Алтаевна



















2019 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі