Материалдар / «Менің отбасым – менің байлығым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің отбасым – менің байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы – тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігін дәлелдеу, пікірлесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3731
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің отбасым – менің байлығым»


Мақсаты: Отбасы – тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігін дәлелдеу, пікірлесу.

Қажетті құрал-жабдықтар: маркер, плакат, магнит тақталар, интерактивті тақта.

Сәлемдесу.

Тренингтің тақырыбымен таныстыру. Тренингтің не екенін, оның ережелерін, мақсатын еске түсіріп кету. (слайд)

Танысу тренингі (3 минут)

Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз есіміміздің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.

Мысалы: Мен жайдары Жұмакүлмін.

Топқа бөлу.

Күн және жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлінеді.

Тренинг.

1-бөлім.

Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. А.С.Макаренко. (слайд)

Тапсырма: Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?

Жауапты сызба түрінде беру керек.

Дайындалу уақыты: 5 минут.

Екі топтан екі кісі шығып қорғайды.

Қорытынды (слайд) 2 – бөлім. (слайд)

Бала – ата-аналар өмірінің жалғасы.

Тапсырма: Балаңыздың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие беруіңіз керек? (5 минут)

Екі топ сызба түрінде жауап береді.

Қорытынды.

Энерджайзер.

Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін.

Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз.

Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан-жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің күндеріңіз ұлыңыз немесе қыздарыңыздың есімін жазып, сипаттап беріңіз. (3 минут)

Қорытынды. Балаларыңызға жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар!

Тренингтің жалғасы.

3-бөлім. «Отан отбасынан басталады»

Тапсырма: Отбасының қоғамдағы ролін қалай түсінесіз? (5 минут)

Екі топтан қорғайды.

Қорытынды.

Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, отбасының ар – намысын сақтауға, сырын шашпауға, бір-біріне адалдыққа тәрбиелеген.

Бүгінгі тренингті Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келіп тұр.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

«Тренингтен алған әсерім»

Қорытындылау. (5 минут)

Құрметті қонақтар, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, мына «Тілек ағашына» ілулеріңзді сұраймын.

Өз тілектерін оқып, ағашқа іледі.

Сіздердің тілектеріңіз үшін көп рахмет! Отбасыларыңызға аманшылық, сүйіспеншілік, бақыт тілеймін.

Адамның ең басты шаттығы болып саналатын – бала.

Әр бала бір жұлдыз.

Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін – сіздерсіздер!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!