400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің отбасым- сыйластық орнаған ортам" ата-аналарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әр түрлі деңгейдегі тәрбие сабақтар өткізуге көмегі бар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг

«Менің отбасым – сыйластық орнаған ортам»

Мақсаты: отбасындағы тәрбие- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар: ата-аналар.
Құрал — жабдықтар: түрлі- түсті бояу, желім, плакат, интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу рәсімі
2. «Жанұя бақыты» жаттығу.
3. «Сиқырлы жүрек» ой – түйін

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы ол ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

І. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытгүлмін;
Мен көңілді – Қуанышпын;
Мен дарынды – Дидармын.

Түрлі түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлеміз: «Сыйластық», «Татулық », «Мейірімділік», «Сүйіспеншілік».

2. «Жанұя бақыты» жаттығуы. Жаттығуымыздың шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
— сыйластық
-мейірімділік
-өзара түсінушілік
— татулық
— сүйіспеншілік
— денсаулық
— салауатты өмір салты
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.

3.«Сиқырлы конверт»
Нұсқау: Ал, енді мына конвертке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді жаза отырып, үлкен жүрекке жапсырайық. Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады.

Қорытынды.
Жан Жак . Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қазан
920
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі