400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдеріне сабақ жоспары үлгі ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1

Мұғалімнің есімі:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1. 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/ мәтін құрастыру.

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

- мәтіннің иллюстрациясы бойынша сұрақ қояды;

- иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

- сөйлемдерді сәйкес суреттермен/ сызбалармен/белгілермен/ тірек сөздермен толықтырады;

- сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Дескриптор:

- тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/ мәтін құрастыра аламын;

- мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білемін немесе қойылған сұраққа жауап беремін;

- жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза аламын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Өткен сабақтарды пысықтау жұмысы.

Ойын: ( бас әріптер мен кіші әріптер жұптарын табу.)

А у

Ы н

Н с

Р т

Т ш

С ы

Ш р

У а


Шаттық шеңбері











Сабақтың ортасы

8 минут



  1. Қар жауғанда орманға барсаң, қардың беті толған жазу. Ол жазуды кез-келген адам оқи алмайды. Ол жазуды ормандағы аңдар мен құстар жазады. Ол не жазу? (Із)

Алыстан түлкі кетіп бара жатыр еді, кенет жоқ болып кетті. Ол қайда кіріп кетті екен? (ініне кірді)

  • Із,ін сөздерінде қандай дыбыс естіп тұрмыз?

  • І і дыбысын дыбыстап көрейік. «і» дыбысын әндетіп айтып көрейік. А-а-а-а-а-а-а

Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә

О-о-о-о-о-о

І-і-і-і-і-і-і-і-і

Ендеше дауыстылар қатарына тағы бір дыбыс қосып, оған қызыл көйлек кигіземіз.

Дыбыс пен әріп айырмашылығын еске түсіру.

Дыбысты айтамыз,естиміз.

Әріпті жазамыз,көреміз.

Ендеше , І і дыбысының әріп таңбасымен танысайық. («І і»әрпін көрсету.)

-Оқушылар, і әрпіне л,ш,т,с,н әріптерін қосып, сөз құрайық.

Іш, іс, тіс, іні, ін, тіл

№1 Оқылым. 65-беттегі сөздерді оқу.

Ін іс іл ірі

Іні тіс шіл тіл


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Аяқталуы

16 минут

№2 Сурет бойынша әңгімелеу. (Ормандағы аңдар ізі)

Picture 1 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

№3 Жазылым. Дәптермен жұмыс 40-бет.

Picture 5


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі