400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Сауат ашу Мектеп:№271 орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар: Менің отбасым


Күні: 07.06.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Сарбасова М


Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін

каллиграфиялық талаптарға сай жазу


Сабақ мақсаттары


Барлық окушылар: І әрпін таниды ажыраты дыбыспен сәйкестендіре алады. Буындап оқиды, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.сөздегі дыбыстың орнын табады ,тұтас оқиды.

Көптеген оқушылар: І дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Буыннан жаңа сөз құрайды, Сөз мағынасын түсіндіреді.Дыбыстық сызбаға сәйкес сөздер ойлап құрастырады.

Бағалау критерийлері

• Әріптерді таниды, ажыратады.

• Сөз мағынасын түсінеді.Буындап оқиды.

• Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.


Құндылықтарды дарыту

Сын тұрғысынан ойлау. Топтық жұмыс барысында оқушылар бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Еңбек-қайшымен жұмыс.

Бастапқы білім

Әріптер мен дыбыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосфера

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап,

Біз білімді боламыз.

-Балалар, көңіл-күйлерін қалай?

-Тамаша!

-Сабаққа дайындымыз қалай?

-Тамаша!

-Ендеше, сабағымызды бастайық

Ширату

Жұмбақ шешу.

Кірпіде бар,

Құста жоқ.

Түлкіде бар,

Мысықта жоқ. (І)

«Кірпі» сөзін буынға бөліп, кірпі сөзіндегі і дыбысының орны тапқызу

- Ол қандай дыбыс?

- І дыбысы

- І дыбысымен таныстыру.

Топқа бөлу.

Суреттер таңдау арқылы топқа бөлу.

І топ: «Кітап » тобы

ІІ топ: «Білім» тобы

ІІІ топ: «Кілт» тобы


















Ұжымдық жұмыс

Электорды оқулықтан І әрпі туралы көрсету.

І әрпінің баспа ,жазба түрімен таныстыру.

Ал әріптің жазба түрі бізге қандай кезде қажет?

-Жазу жазғанда.

-Олай болса дәптерімізге бүгінгі І әрпін әдемі  етіп жазайық.

І әрпінің жазба түрімен, әріп элементтерімен таныстыру.

ә)дәптермен жұмыс

Жазу үлгісіннің  бірінші бетін жазу

Ауада жазу   Тақтада жазу

Топтық жұмыс.

«Мозаика» әдісі

1-топ. І әрпін қолжетімді ресурстардан құрастырады. (Фетр матадан,қарындаштардан,моншақтан)

2-топ. Қима әріптерден сөз құрастырып оларды суретпен сәйкестендіреді.


Кілт, кітап, піл. ( қыстырғыштағы әріптер)

3-топ. Суретте І әрпі бар сөздерді тауып сөйлем құрайды және буынға бөледі.

Кері байланыс

Әрі топ басшы өз жұмысымен таныстырады.

1. Топта жұмыс жасағанда қандай қиыншылық болды.

2.Өзге топ жұмысымен келісесіздерме неліктен?

Сергіту сәті.

«Көңілді қоян»

«Сөзді тап»

Жұптық жұмыс.

Жасырынған дыбысды табыңыз.

...рімшік к...лт п...л т...л

Әріп: і

Қб: «Бас бармақ» арқылы бағалау.

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы

Тапсырма 1.

Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады?Сол әріпті қоршап сызыңыз.




Дескриптор: Білім алушы

- сөздерді дұрыс оқиды;

- көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және белгілейді.










оқулық



Бағалау мұғалім мадақтау.









AutoShape 4



AutoShape 5

AutoShape 6




























Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығы сәтті орындаған болса, Сары түске

-Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестерген болса, ақ түске

-Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса, жасыл түске смайликті жабыстыру керек.



Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жосарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Белсенділігін арттыру.




Оқушыларды қажеттіліктеріне қарай топқа бөлгенде талаптары әртүрлі оқушылардан аралас топ құрдым.

Топтық жұмысты сыни тұрғыдан ойлай білу, шығармашылықпен жұмыс жасай алу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырдым.

Кейбір оқушылардың басқаларға қарағанда анағұрлым күрделі тапсырмамен жұмыс істей алатынын саралай отырып, тапсырманы пайдаландым.

Жұптық жұмыс жасауда кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып, оқушыны жұмыс жасауға ынталандырамын.


Топтық және жұптық жұмыстарды орындата отырып, нәтижесінді «Сөзді тап», «Ойлан-жұптас-бөліс», әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіздім. Ал жеке жұмыс ретінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды бағалау критерилеріне қарай отырып, қай оқушының қаншалықты білім алғанын біліп, келесі сабаққа берілетін тапсырманы жоспарлауға пайдаланамын.

· Сыныпта орынсыз қозғалыс жасамау;

· Қаламсапты дұрыс ұстау; · Қалам ұшынан сақтану;

· Электр көздеріне жақындамау









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі