жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отбасым және математика
«Меңдіқара ауданы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гиназиясы»
МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА
сыныптан тыс іс-шара
7 сынып
Жүргізген: Зайырбаева Бибожан Кадыржановна
2019 ж
Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, математика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып математикалық сауаттылықтарын дамыту. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.
Команда құрамында: әкесі, шешесі, баласы.
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мұғалімдер
Сайыс барысы:
Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы танысамыз.
Әр отбасы бір топ. Қатысушылар:
Есенгелді Нұрсұлтан ата- әжесімен
Арыстаноа Санжар ата-әжесімен.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді , рецепт бойынша ас әзірлейді.
Отбасы деген сөз орыс тілінде «семья» деп аударылады.
«Семь» дегеніміз «жеті», «Я» дегеніміз «мен». Сонымен «семья» деген сөз мен жетеумін деген мағынаны білдіреді. Бірақ қазіргі заманда жеті адамнан тұратын отбасы көп емес, сондықтан біз әр сыныптан көмекші ретінде 4 оқушыдан алдық.
Жоспар: 1) Сергіту.
2) Математика дүкенде.
3) Математика тұрмаста.
4) Логикалық есептер.
5) «Бір әріптен» сайыс
6) Жұмбақтар сайысы
Сергіту: әр отбасының бір баласы айтады.
Сана:
бірінші құс, бірінші жылан, екінші
құс,…
Дұрыс
санаса 1 ұпай, берілетін уақыт 30 секунд.
«Математика дүкенде»
Қ
арбыздың,
орамжапырақтың және ұнның массасын
анықтау.
Қарбыз – 5 кг
Орамжапырақ – 3 кг
Ұн – 2 кг
Ж
иһаздар
дүкенінен үйге диван мен үстел сатып
алуға 75000 тг жұмсалды.Үстелдің бағасы
диванға қарағанда 2 есе арзан, диван
қанша тұрады?
Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы
9200
тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе
қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады?
Қ
ысқа
жеміс сусынын даярлау үшін анам базардан
1260 теңгеге шие және өрік сатып алды.
Шиенің
бағасы өрікке қарағанда 2 есе қымбат
болса, шие қанша тұрады?
«Математика тұрмыста»
М
енің
жанұямның айлық кірісі 96 000 теңге. Ал
бір айлық шығысы: тамаққа коммуналдық
қызметке қарағанда 2 есе артық жұмсалады,
ал киім-кешекке 3 есе артық кетеді. Ал
банкке коммуналдық қызметке қарағанда
5 000 теңге артық салынады. Банкке қанша
ақша салынады?
Менің бөлмемнің еденін сырлау керек. Бөлмемнің ұзыны енінен 3 есе артық, периметрі 16м. Егер 1м2 жерге 200г сыр жұмсалса, онда еденді сырлауға қанша сыр керек?
А
птасына
біздің жанұяда 7кг картоп пен сәбіз
қолданылады. Егер
картопты сәбізге қарағанда 3кг артық
жұмсаса, онда 1 жылға қанша картоп, қанша
сәбіз дайындау керек?
«Логикалық есептер»
Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Егер команда жауап бере алмаса , жанкүйерлер көмектеседі – онда жарты ұпай беріледі. (0,5 ұпай)
Есептер:
Ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар
қанша жаста болады? (18)
Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Үш ұлымның және әр ұлымның бір бір қарындасы бар»- депті. Бұл отбасында неше бала? (6)
Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар?
(3) ата , әке , немере
Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын , бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені? (қызымсың дегені)
Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4)
«Бәрі бір әріптен» сайысы
Командалар «П» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп термин жазған команда- 5 ұпай, келесі- 4 ұпай , үшінші- 3 ұпай
«Жұмбақтар» сайысы
Өзі қарбызға ұқсас
Геометриялық дене
Біз онда өмір сүреміз
( шар)
3. Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
1 сынып сонымен басталады
11 сынып сонымен аяқталады
(емтихан)
4. Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді
Онымен банк несие береді
Санның жүзден бірі.
( процент)
5. Жақшадан кейін орындалатын бір амал
Оның кестесі де бар
Ал байлыққа байлық қосылса
(көбейту )
6. Бөлмеде ол төртеу
Бұзықтарды сонда қояды
Транспортирмен өлшенеді.
(бұрыш)
7. Бір, үш, бес, он
Жиырма, елу
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсысының құны бар.
( теңгелер)
8. Сабақ арасындағы
Мектептегі ең жағымды сәт
Өзі тез аяқталады.
(үзіліс)
9. Үздіктер оны сирек жасайды
Содан сабақ алады
Ол үшін баға кемітіледі
( Қате)
10. Әр есепте бар
Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады
Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл».
(жауап)
«Команда мүшелерінің сайысы»
Команда мүшелері жеке-жеке тапсырмалар алады.
Отбасының балалары. Адам суретін салу.
( геометриялық фигуралар, цифрлар, математикалық символдар, таңбаларды пайдалану керек)
Ата-анаға тапсырма.
6 шырпыдан сегіз үшбұрыш шығару.
Әділқазы мүшелері қорытындылағанша «Отбасылық викторина» ойнатылады.
1. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)
2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)
3. Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр?
( бірдей )
4. Тауық бір аяқпен тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша? ( 5 кг )
5. Бес бұтақты теректе
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер берікке
Қалады сонда қанша алма?
( Теректе алма өспейді )
6. Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу .
Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек? ( 5)
7. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды? ( 3 )
Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген