Материалдар / "Менің отбасым және математика" атты ойын-сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің отбасым және математика" атты ойын-сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің отбасым және математика" атты ойын-сайысы отбасы мүшелерімен орындалатын сайыс. Бұл сайыста әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
899
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп












Тақырыбы: «Менің отбасым және математика» атты ойын-сайыс

(сыныптан тыс жұмыс)








Пән мұғалімі: Әбішбаева Қ.С.

Қатысушы сыныптар: 5,6,7











Тараз 2018 ж.



Тақырыбы:  «Менің отбасым және математика» атты ойын-сайыс.

Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Танымдық ойын-сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: безендірілген зал,  нақыл  сөздер, карточкалық  тапсырмалар, логикалық  есептер, әр топқа  даярланған  үстел.

Команда құрамында: әр сыныптан екі оқушы ата-анасымен

Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.

Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер


Сайыс барысы:

1-жүргізуші:

Уа халайық, халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі кеш төріне,

Математика тілінде.

Жанұялар жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салады.

Көңілді кеш жасаймыз.


2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім , терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады-деп әділқазылар алқасымен таныстырайын:


1. ----------
2. ----------
3. ----------


1-   жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

Әр отбасыны ортаға шақырамыз.


«___________» - отбасы
«___________» - отбасы
«___________» - отбасы

«___________» - отбасы


Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!

  Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес,  ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика - барлық  ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде куә боламыз, себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады.

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін тереңдету, алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда логикалық есептер, ертегі есептер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сиқырлы фигуралар беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, әділқазылар алқасы бағалап отырады. Сонымен сайысымызды бастаймыз.


Бүгінгі сайысымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1- кезең. Таныстыру (топтың аты, ұраны, төс белгісі)
2-кезең. «Менен сұрақ, сізден жауап» (логикалық сұрақтар)
3-кезең. «Команда мүшелерінің сайысы»

а) «Ұшқыр ой» ойыны (балалары математикалық термин сөздерді табады)

ә) «Мақал-мәтелдер» жарысы (аналары сандарға байланысты мақал-мәтелдер айтады)

б) «Шырпы» есептері (әкелері шырпы есептерін шешеді)

«Жұмбақтар шешу» (көрермендер көзайымы)
4-кезең. «Құпия конверт» ойыны

5-кезең. Үй тапсырмасы «Менің отбасым» суретін салу
6-кезең. «Кім жүйрік?» (Топ басшылар жарысы)

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды) «Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі.» Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды отбасымен топтасып шешейік.


1 кезең. «Таныстыру» Сәлемдесу /аты, ұраны, төс белгісі/ 10 ұпай

Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.

Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер!


2 кезең. «Менен сұрақ, сізден жауап» (логикалық сұрақтар)
Әр топқа 6 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет. (Әр дұрыс жауап 5 ұпай)

«_________» - тобы
1. 30 минутты сағатқа айналдыр. /0,5сағат/
2. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
3. 1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
4. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтті? /40 км/
5. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/

«__________» тобы
1. Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өрмелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді? /7 күнде/
2. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? /5/
3. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? /мүмкін емес, себебі түнгі уақыт болады/
4. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды?

/15 бөлік/

5.Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
6. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма бар? /еменде алма өспейді/

«___________» - тобы
1. 8-наурызда екі анасымен екі қызына, әжесімен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжесі, анасы, қызы/
2. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды./
3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? /алмұрт ауыр/
4. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? /4 сағат /
5. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым? /Әл-Фараби/
6.
20 метр матаны 10 бөлікке 2 м - ден бөлу үшін, неше рет кесу керек? (9)


«___________»-тобы

1. 4 жұмыртқа 10 минут піссе, 10 жұмыртқа неше минут піседі? /10 минут/

2. Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? /2/

3. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? /ата, әке, немере/

4. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? /30/

5. Әйел адам сыныптағы балалардың біріне «Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің»-дейді. Ол не дегені? /қызымсың дегені/

6. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр сүтті қалай бөліп алуға болады? /6-4=2/


2-жүргізуші:

Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.


3-кезең. «Команда мүшелерінің сайысы»

Команда мүшелері жеке-жеке тапсырмалар алады.

 

а) «Ұшқыр ой» ойыны (балалары математикалық термин сөздерді табады)

Шарты: Кестеден математикалық термин сөздер шығару (әр терминге 5 ұпай)


І топ ІІ топ

п

е

р

т

е

р

т

и

б

м

у

е

м

б

о

а

қ

ы

ұ

р

р

і

т

б

ы

е

к

ұ

ш

ш



т

е

е

у

қ

қ

ң

д

т

ы

а

ш

ы

қ

с

м

и

л

л

и

о

қ

к

у

о

с

у

т

б

н


ІІІ топ ІV топ

м

е

н

а

т

б

т

р

с

ы

б

ұ

у

а

қ

п

р

ы

ш

а

а

р

а

л

л

е

с

ь

л

е



ш

е

а

б

ұ

ы

ң

б

е

р

ш

р

ж

ш

ы

ш

а

ы

л

д

з

у

д

м

а

ү

т

ы

қ

с


Жауаптары: І топ (периметр, бұрыш, метр, екі, тікбұрыш, уақыт)

ІІ топ (теңдеу, он, қосу, тең, куб, миллион, қашықтық)

ІІІ топ (бұрыш, метр, параллель, уақыт, бұру, сан)

ІV топ (шеңбер, бұрыш, шар, түзу, шаршы, жылдамдық)

 

 ә) «Мақал-мәтелдер» жарысы.

Аналары сандарға байланысты мақал-мәтелдер айтады. Әр мақал-мәтелге 5 ұпай беріледі


б) «Шырпы» есептері .

Әкелері шырпы есептерін шығарады. Әр тапқан дұрыс теңдікке 10 ұпайдан беріледі.

  Жауабы:


Жауабы:

ІІІ

Жауабы:

ІV. Бір шырпыны қозғап 0 санын шығар Бір шырпыны қозғап 0 санын шығар

Жауабы:


«Жұмбақтар» шешу. (Көрермендер көзайымы)

  1. Нәрселерді санағанда,
    Керек ол бізге ауадай,
    Айтыңдаршы ол қандай сан.
    Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)


  1. Бес бұтақты ағашта
    Бұтақ сайын бес алма
    Біреуін бер алашқа
    Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24)

3. Он бір түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)


4. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қай сан бар достарым. (Бөлшек сан)

5. Бүтін бөлшек бөліктерден,
Үтір ажыратып тұрады.
Осы санды кім біледі,
Аты қандай болады (ондық бөлшек)


6. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

4 кезең. «Құпия конверт» ойыны.

Ойын алаңы: тақтада 1-ден 3 дейінгі сандар, яғни 12 ұяшықтар мен 5 конверт: жасыл, сары, қызыл, көк, ақ. Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

Ойын шарты:

«Қара мысық» түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

«От» келсе, жинаған ұпайларыңыздың 5 ұпайы күйіп кетеді.

«Лоторея билеті» керісінше 5 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз, қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы аудио-сұрақ болады.

«Алтын сандық»-олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» түссеңіз, бейне-сұраққа ие боласыз. Сұрақтың жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.


Қызыл конверт-«Логика»

1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды, поезда неше вагон болған? (13)


2. «От». Сіздің 5 ұпайыңыз күйіп кетеді.


3. «Үш бай»

Бір жиында Қарабай, Сарыбай, Қызылбай атты үш бай кездесіп қалады. Біреуі қара, екіншісі қызыл, үшіншісі сары ат мініп келіпті. Сонда сары ат мінген бай қарабайға былай депті: «Бізге аттарымызды ауыстырып міну керек. Сонда мінген атымыздың түсі мен өз атымыз сәйкес келеді екен». Әр байдың мінген атының түсі қандай?(Қарабай қызыл, Сарыбай қара, Қызылбай сары)



Жасыл конверт- «Әлем халықтарының есебі»

1. «Өрмекші торы». Бейне-сұрақ «Болгар халықтарының есебі»


Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?

Шешуі: Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.

2. «Лоторея билеті» 5 ұпай сыйлыққа беріледі.


3. Египет есебі
Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?
Шешуі:


Көк конверт-«Сиқырлы фигуралар»

1. «Қара мысық» жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.





2. Суретте неше шаршы бар?























Жауабы: 22 шаршы, сыртында-1 шаршы, ортасынды-5 шаршы, ішінде-16 шаршы бар.


3. Суретте неше үшбұрыш бар?








Жауабы: 16 үшбұрыш, ішінде-8 үшбұрыш, ортасында-4 үшбұрыш, сыртында-4 үшбұрыш бар.


Қызылт конверт-«Жұмбақтар»

1. «Алтын сандық». Сыйлық


2. Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп кейде аламыз. (Цифрлар)


3. Бүтін бөлшек бөліктерден,
Үтір ажыратып тұрады.
Осы санды кім біледі,
Аты қандай болады (ондық бөлшек)


Сары конверт- Сандар сыры

1. Дүниенің төрт бұрышын ата (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)


2. Үш жұртты ата. (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)


3. «Қамал». Аудио-сұрақ. Жеті қазынаны ата. (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)



Сергіту сәті: «Функция» биі.


5-кезең. Үй тапсырмасы «Менің отбасым»

  Геометриялық фигуралар, цифрлар, математикалық символдар, таңбаларды  пайдаланып жанұяның суретін салу.

6-кезең. «Кім жүйрік?» (топ басшылар жарысы).

Әр топ 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер. (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

1 топ

1. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

  1. 7 майшам жанып тұр 4-ін сөндірсек неше майшам қалады (7)

  2. Үш кесіндіден пайда болған фигура? (үшбұрыш)

  3. санының кері саны (10)

  4. Үштің үш дәрежесі (27)

  5. Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр)

  6. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? (4)

  7. Жай сан дегеніміз не? (өзіне және бірге бөлінетін сан)

  8. 15 минут сағаттың қандай бөлігі ( )

  9. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

  10. Ең кіші жай сан (2)

  11. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

  12. Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)

  13. Бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігі үтірмен ажыратылатын бөлшек (ондық бөлшек)

  14. Ең үлкен үштаңбалы сан (999)


ІІ топ

  1. 45 минут сағаттың қандай бөлігі ( бөлігі)

  2. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

  3. Шаманың – бөлігі (процент)

  4. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

  5. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3 стақан)

  6. Нанды 3 бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек. (2 рет)

  7. - нің кері саны ( )

  8. Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш (доғал бұрыш)

  9. Теріс санның модулі (оң сан)

  10. Екінің бесінші дәрежесі (32)

  11. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0)

  12. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  13. Жараста 7 таяқша бар еді, ол біреуін 2-ге бөліп алды. Жараста неше таяқша қалды? (8)

13. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)

14. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы сандар)

15. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)


1- жүргізуші:
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де
Математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да сол ғылымның тілін біл.


Ән: Жолшыбек Әлішердің орындауында «Асыл ана» әні.
"Менің отбасым және математика" атты ойын сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз топты анықтап, марапатталады.
Назарларыңызға рақмет, сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!