400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып Сауат ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:20.11.2019

Сынып: 1 «Ә»

Мектеп: №143 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Аманатова Айнұр

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажыратады, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: шығармашылық ойлауын дамытуға негізделген сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша өзіндік ой қорыту жасай алады.

Жетістік критерийлері

  • тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.

  • шығармашылық ойлауын дамытуға негізделген сұрақтарға жауап береді.

  • тақырып бойынша өзіндік ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды жақсылық жасауға, қайырымдылық іспен айналысуға бағыттау. Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым- қатынас пен сынып ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру. Отбасының маңызы мен отбасы мүшелерінің арасындағы татулық мен сыйластықтың маңызын ұғындыру.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Әр түрлі суреттер,топтық жұмысқа арналған құрал – жабдықтар, сандықша, рефлексия, кері байланыс парақшалары, қиылған қағаздар, түрлі түсті қарандаштар, интерактивті тақта және видеожазбалар.

Өткен тақырып

М дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



























3 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру

  • Қайырлы таң, балалар!

  • Ксынып көңіл – күйлерің қалай!

  • Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

  • Сабағымызды бастамас бұрын, сынып ішінде жағымды атмосфера қалыптастырайық.

  • Ол үшін бәріміз тақтаға шығып, шаттық шеңберін құрайық.


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


(оқушылар шеңбер болып бір-біріне деген жылы лебіздерін айтады)


  • Бәрекелді, балалар!

  • Ал, енді «Түймедақ» әдісі арқылы топтарға біріксек. Әр оқушы жеке тақтаға келіп, түймедақ гүлінің бір күлтесін алып, артындағы суреттер бойынша өз 4 топқа бірігеміз.

  1. Отбасы тобы

  2. Бауырлар тобы

  3. Ағайындылар тобы

  4. Туысқандар тобы


Топқа біріктіру. Түймедақ гүлі


Ортаға түймедақ гүлі қойылады. Балалар, бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір-бір гүлін жұлып алады. Артындағы суреттер бойынша топтасады.



Өткен сабақты бекіту

«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: Допты лақтыру арқылы бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты сөздер тауып айту керек.

Бағалау:




Шаттық шебері







Топқа біріктіруге арналған түймедақ гүлдері

Сабақтың ортасы

  1. минут



Видеоролик тамашалау

  • Балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. Видеода не түсінгендеріңді, не айтылғанын айтып берулерің керек.

  • Балалар, отбасы дегеніміз не?

  • Отбасыны кімдер құрайды?

  • Отбасы мүшелерінатап бере аласыңдар ма?

  • Ал, енді осы сөздерді үш тілде кім атап бере алады?

Ана- мама – mommy

Әке – папа- daddy

Әже – бабушка –grandmother

Ата – дедушка -grandfather

Әпке – сестра – sister

Аға – брат - brother

Менің отбасым - моя семья – my family

Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын,адамгершілігін,мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы-алғашқы қадам. Отбасы-өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге келмейтін баспалдақ.

«Отан-отбасынан басталады» деген мақал-мәтелдерімізде осыдан шыққан.

  • Ал, енді, балалар, Сызбаның және сөздердің көмегімен өз аталарың туралы ойларыңды айтыңдар.

«Ыстық микрофон» әдісі

Мынау - ........ атам. Оның аты - ....... .Ол - ....... .

......... атамды ....... .......... .


Бағалау:

Топтық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі

Оқушылар алдына А3 форматтағы қағаз беріледі.Отбасы мүшелерінің және М әріпіне байланысты суреттерді сөздермен байланыстырады. Сол сөздермен сөйлемдер құрастырады.

  • Балалар, бұл топтық тапсырма. Бұл тапсырмада сендер отбасы мүшелерінің суреттерін М әрпінен басталатын сөздермен біріктірулерің керек. Сол сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құраңдар.

Дескриптор:

  • Берілген суреттерді атайды;

  • М әрпінен басталатын сөздермен сәйкестендіреді;

  • Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады.


  • Жарайсыңдар!

Бағалау:


Оқылым. Оқулықтағы қарамен жазылған сөздерді оқушыларды саралап оқыту.


Мата/ марал/ алма/ мал/ адам/ Аман/ ал/ отыр/ сула

Маса/ томар/шама/мол/ Марат/ Арман/ алма/ отырма/ сулама


Жазылым. «М» әріпінен басталатын сөздерді көркемдеп дәптерге жазу



Видеожазба















Микрафон

















Оқулық







Жұмыс дәптері

Сергіту сәті

3 минут

Видеожазба

Сергіту сәтіне арналған ән

Сабақтың соңы

2 минут


Өзіндік жұмыс.

Рефлексия. Бүгін мен...

  • Не білдім?

  • Не үйрендім?

  • Нені білгім келеді?

Кері байланыс. «Шаңырақ»




Өзіндік жұмыс тапсырмалары




Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі