400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің отбасым-менің бақытым" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды басқа мұғалімдермен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым-менің бақытым

Сабақтың мақсаты:Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Білімділігі:Оқушылардың өз ортасы,отбасына деген сүйіспеншілік,мейірімділік сезімін ояту.

Дамытушылығы:Оқушылардың мәнерлеп оқу,сөйлеу мәнері,ән-би арқылы ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелілігі:Өз елінінің қамынын ойлайтын,ата-анасын,жолдастарын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау.

Түрі: Ашық тәрбие сағаты

Көрнекілігі:мақал-мәтелдер,отбасы суреттері,жүрекшелер,нақыл сөздер.

Психологиялық дайындық.

Алдымен сүй ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімімен ата-ананың жасалады.

Мұғалім:Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар.Бүгін біз ғажайып әлем туралы сөйлесеміз.Қалай ойлайсыңдар,ол қандай әлем болуы мүмкін?Ол отбасы,жанұя әлемі.

Қызығушылығын ояту.

Шаттық шеңбері:Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды.

Атамнан басталар.

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған әпкем бар,

Еркелеймін еремін.

Оқушылармен әңгімелесу.

Отбасын кімдер құрайды?

Shape1 ата

Shape2 Shape4 Shape3

Отбасы

әже әке

аShape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 на аға


әпке іні

қарындас

Мағынаны тану.

Мұғалім:Отбасы-шағын мемлекет.Ол тәләм тәрбиенің,үлгі өнегенің,мейірімділікпен адамгершіліктің ортасы.Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілі отбасында өтеді.Отбасы-алтын ұя ,киелі шаңырақ болса,сол шаңырақтың мұрагері,ұрпақ жалғасы балалар болып табылады..Қай ұлттың баласы болса да оның өз отбасы болады.Біздің балалар қазіргі заман талабына сай жан-жақты болуы тиіс.

-Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді? (ата,әже,әке,бала,ана)

Әке –ұл-қыздың сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Ол отбасының ең басты мүшесі,яғни,отағасы. «Әкегеқарап,ұл өсер» дегендей,әкенің балаға үйретері көп.Әкесі жақсы болса,баласы соған еліктейді..Әке асқар тау деп бекер айтылмаған. (тау суретін ілу).

Нұрай:Әке – деген биік шың адамның,

Әке-деген тірегі ғой ғаламның.

Шыққан тегің,ол негізің,жаныңда.

Не десең де әке жолы бір бөлек.

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

Нағыз әке ақылғөй де,асқар жан.

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Мейіржан:

Қандай қымбат сөз еді «әке» деген.

Әке емеспе өсіріп мәпелеген.

Ақылмен терең ойлап қарасақ.

Әке деген алдыңдағы парасат.

Өміріңнің өшпей мәңгі іздері,

Артыңыздан ере берсін болашақ.

Нұртас:Әке – асқар тауым! Дегендей,Әке деген қандай жақын,қандай ыстық десеңші!Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар,өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой.Менің өмірдегі ең қымбат адамым-сіз,менің сүйікті әкешім.

Сізсіз әке-ең ақылды,ең шыншыл,

Сізсіз әке –ең жақыным,ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың,қамқорымсың білемін.

Қабыл алған бала жүрек тілегін.

Ұлмекен:Әке баласының сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу керек,өйткені,ол- отбасының ең басты мүшесі,яғни отағасы

Өсірген баптап баласын,

Әкелер әркез жарайсың

Бар өнерін үйреткен,

Оздырғанда жүйріктен

Әке деген-ардақты ат.

Ән: «Әке»

Мұғалім:Ана отбасының жүрегі,отбасының өзегі.Балаға анадан артық жан жоқ.Әрбір ана отының өшпеуін,бақытының көшпеуін,шаңырағының құламауын,сәбидің жыламауын тілейді.Ана деген- тіршіліктің шұғылалы шуағы.(Күннің көзі шығады.

Саят:Ана деген-өмірдің кәусар бұлағы,

Ана деген тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық.

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Мұхаммедәли:

Ана жанын ана болсаң ұғарсың.

Балаң үшін биіктен де құларсың.

Ана мейірімі күн көзімен пара-пар.

Өміріме шуақ шашып тұрасың!

Ән: «Анашым»

Мұғалім:Ата-ананың үміт-арманы баласымен жасайды.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.

Бүгінгі қыз-ертеңгі ана,ол шешесіне қарап бой түзейді.Ата-ана баласына үлгі өнеге көрсете алмаса,онда тәрбиелі бала өсіруі екі талай.Бала ересектерге еліктегіш келеді.Жақсыны да,жаманыда солардан үйренеді.

Ән: «Қос бәйтерегім»

Көрініс: «Кемшілік кімнен?»

Қатысатындар:анасы,баласы Берік ,қызы Айнұр.

Мұғалім: Ендігі кезекті ата-аналар балаларына деген ықыластарын өлеңмен жеткізсін.

Аналардың балаларға арнауы.

Мұғалім:Қазақта «Ұлың – қымбат,немерең-ыстық» деген нақылсөз бар.Немере үшін ең мейірімді жандар- ата мен әже.Олардың аялы алақаны,мөлдір мейірі,жылы жүрегі,кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет.

Мүхаммед:

Әжемнің саясында ержетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген.

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен.

Алина:Ержетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы.

Иіскеп маңдайынан сипалайтын

Қымбат қой аталардың алақаны.

Көрініс: «Ата мен немере»

Ән: «Ата мен әже»

Қазір оқушылар арасында шағын жарыс өтпекші.

1.Мақал-мәтелдердің жалғасын айту

1.Ата,әке туралы

1.Атадан бала туса игі

Ата жолын қуса игі

2.Әкеге қарап ұл өсер

Шешеге қарап қыз өсер

3.Әке көрген оқ жонар.

4.Әкенің ізін ұл басар.

5.Әкесі бардың ырысы бар

2.Ана туралы

1.Ананың сүті бал

Баланың тілі бар

2.Күннің шуағы жылы

Ананың құшағы жылы

3.Ана ізін қыз басар.

4.Ана алдындағы- құрмет.

5.Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды.

3. Бала туралы

1.Балалы үй-базар,

Баласыз үй-қу мазар.

2.Әдепті бала –арлы бала

Әдепсіз бала- сорлы бала.

3.Баланың бас ұстазы ата-ана.

4 Балалы үйдің сыры жатпайды

5.Үй баласымен базарлы,

Қонағымен ажарлы.

Ата-аналармен ойын: «Балаңызды жақсы танисыз ба?»

Мұғалім:Әр отбасы бірдей болуы мүмкін бе? Жоқ,әр отбасының өз дәстүрі,ерекшелігі,

тәрбиесі болады.Балаларында әртүрлі тәрбиелейді.Өкінішке орай,балаларын тастап кететін ата-аналар да,ата-аналарын қартайған шағында қарттар үйіне өткізетін балалар да кездеседі.Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшыл Жүсіп Баласағұн былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде.

Өнерімен қуантады түбінде.

Өле-өлгенше соны таныр қиядан,

Өнер білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы,жаман болса,бала солардан.»

Балалар-ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.Баланы нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы ,жеке шаңырағы көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып,,өмір айдынында жүзген қайыққа теңесек,оның қос ескегі әке мен шеше дер едік.Тәрбие болған жерде отбасы да бақытты болады.

-Балалар,қалай ойлайсыңдар,отбасы бақытына не кедергі болуы мүмкін?

(бұлттар арқылы сөздер ілінеді)

-Ал отбасы бақытты,жайдары өмір сүру үшін не қажет деп ойлаймыңдар?

(күн шуақтары ретінде бейнелейді

Мұғалім:Балалар,сендердің қолдарыңда жүрекшелер бар,соның қызыл жағына өз отбасында болсын деген жақсы қасиетті және қара жағына түзеткің келетін қасиетті жазып отбасы суреттерінің жанына іле қойыңдар.

Отбасы –ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы,адам бойындағы асыл қасиеттерді

Қалыптастыруда рухани адамгершілік бастауы.Отбасында сенім мен сезім,сүйіспен-шілік пен сыйластықболса,өмірдің суығы мен ыстығын,қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.Қоғамның діңгегі де берік болады.

Мұхаммедәли:

Ата-ана бақытымсың барымсың

Тірегімсің сүйенішім бағымсың

Жалғасындай ата-ананың балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын.

Нұрай :

Жыр арнап ,ой қозғадық кең көлемде,

Балаларың бейім ғой әр өнерге

Бас иіп ата-анаға алғыс айтып,

Қосамыз біз сіздерді енді әнге.

Ән: «Анашым қартаймашы»

Қорытынды:Өзін өмірге келтірген,тіршілігіне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Ананың ақ сүтін,әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау. Ата-аналарымызды сыйлайық,қастерлейік. Осымен «Менің отбасым-менің бақытым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
3359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі