жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Сауат ашу |
||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым |
|
|||
|
КҮНІ: |
Мұғалімнің аты жөні: |
Джакипова Ж.Т. |
||
|
СЫНЫП: |
Қатысқандар |
Қатыспағандар |
||
|
Сабақтың тақырыбы: 61-сабақ. Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі |
|
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу. 1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылар М м әріпін таниды, ажырата алады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді, берілген сөйлемдерді оқиды. Кейбір оқушылар орындай алады: Қарама –қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||
|
Тілдік мақсат |
Отбасы – семья – family Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өзіне деген, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту; |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану 1.2.3.2 |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудио тыңдалым, слайд,электронды оқулық |
|||
|
Бастапқы білім |
А,Н,Л,Р,О,Т,У,Ш,С,Д,Ы әріптерін таниды, ажыратады және оларды дыбыспен сәйкестендіреді |
|||
|
Сабақ барысы |
|
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың барысы
3-минут
3-минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық: «Ақ тілек»
Керемет (қолдарын көтеру)
Тамаша
О-0-0 (бас бармақтарын көрсету)
Топқа біріктіру: Отбасының суреттері арқылы топтарға бөлу.
«Миға шабуыл»әдісі Ұжымдық жұмыс.
Сурет бойынша өз ойларын айтады, суреттегі адамдар сендер үшін кім? - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз. - Дұрыс айтасыңдар. - Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ. - Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік. Өзі жап – жас, мұрты бар Ет пен сүтке ұмтылар Тастамайды жылы үйде Түкті тоны шұп шұбар (Мысық)
Мы – сық, сөз басында М м дыбысы естіліп тұр. Олай болса, біз бүгін Менің отбасым және М м дыбысымен танысамыз.
Дескриптор: -Сурет бойынша әңгімелейді. - Сұрақтарға жауап береді Қ.Б. «Жарайсың!» |
суреттер
youtube.com
суреттер
Оқулық 59-бет
|
||
|
Сабақтың ортасы
15-минут
8-минут
|
1-тапсырма «Сәйкестендіру» әдісі. (МК)Оқушылардың сөйлем сызбасын «оқуын» жүзеге асырамын. (Ж.Ж) 1 - тапсырма. сұрақты оқи отырып, берілген сөзді сәйкестендіру арқылы суретпен жұмыс жүргізу. Сөздегі жасырынған дыбыстарды тауып,сөйлемдегі көп нүктенің орнына қойып оқиды.
Дескриптор: - сөздерді мағынасына қарай суретпен сәйкестендіреді -көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқиды
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
(МК) 2- тапсырма. Тыңдалым. Ең үлкен ата, Атын ата. Ескен Елубай (Т.Ж) «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі. Оқушылар берілген «Ата» сөзінің мағынасын сұраққа жауап бере отырып ажыратады және «Үлкен»сөзіне қарсы мағыналы сөзді табады.(Ойлан). Одан соң олар өз идеяларын тобымен біріктіреді(Бірік ) және соңында бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды.(Бөліс). 1– 2 топ:«Ата» сөзінің мағынасынажыратады. 3-4 топ:«Үлкен» сөзіне қарсы мағыналы сөзді табады. Дескриптор -«Ата» сөзінің мағынасын ажыратады. -берілген сөзге қарсы мағыналы сөзді табады. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі. Сергіту жаттығуы. «Бармақтар отбасы» -Балалар, «Бар - мақ» сөзін буынға бөлейік, екінші буынның басында қандай дыбыс естіліп тұр? (М) дыбысы Оның дауыссыз дыбыс екендігі. әріппен таңбаланатындығы, баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп түрлерін көрсетіп, түсіндіремін. Кәне,қолайнамызды алып бәріміз бірге «м» деп айтайық. «М»дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай:ерін бір-біріне қатты тиеді.Тіл дауыс қуысында еркін жатады. «М»дыбысы кішкене тілге төмен түсіп,демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады. «м» дыбысын ауада жазып көрсету. (МК, Ұ.Ж) Суреттер бойынша жұмыс. Сөз құрамында М дыбысының орнын анықтау. «М» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
3-тапсырма Жазылым. «Кім жылдам»әдісі (Ө.Ж) Дәптермен жұмыс. Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.
Дескриптор -жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтап, көркем жазады. -М дыбысының орнын анықтап жазады. Қ.Б: Жұптық бағалау. Смайлик
4-тапсырма.Жұптық жұмыс «Фишбоун» әдісі. М дыбысы сөз басында кездесетін сөздер. м дыбысы сөз ортасында кездесетін сөздер. м дыбысы аяғында кездесетін сөздер. дауысты дыбыстарды. дауыссыз дыбыстарды жаз.
Дескриптор: - м дыбысын сөз арасынан анықтайды. - дауысты және дауыссыз дыбыстарды топтап жазады. Қ.Б:«бес жұлдыз» |
Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықпен жұмыс 59-бет
Оқулық 59 - бет
youtube.com бармақтар отбасы
Қазақша әліппе пойызы youtube.com Электронды жазу үлгісі
дәптері 31-бет
|
|
Сабақтың соңы 6- минут
|
рефлексия «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс. |
|
|
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік, техникасының сақталуы |
|
1.Білім деңгейіне сай тапсырмалар беремін. Оқушыларға ашық сұрақтар және көрнекіліктерді пайдалану арқылы,дәптермен жұмыс жасауын қадағалап отыруды жоспарлаймын. 2.Дереккөздер. Кейбір оқушыларға басқа сыныптастарына қарағанда күрделі тапсырма қарастырамын. 3.Қарқын. Негізгі тапсырманы түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыға біршама уақыт беремін. Әр тапсырманың соңында мадақтау әдісін қолданамын.
4. Диалог және қолдау көрсету.
«Ойлан,бірік,бөліс» әдісі бойынша тапсырманы орындау барысындасөзбен қолдау көрсетемін және ынталандырамын.
5.Қорытынды.
Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады. «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс жасай отырып қолдау көрсетемін.
|
Смайликтер, «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс, ҚБ: «Жарайсың!»
Оқушылардың отбасы құрамын ажарата білулері, м әрпін сөздің ішінен тауып,дыбыспен сәйкестендіруі, «Ата» сөзінің мағыналарын түсіндіре алуы бағаланады.
|
Жазу барысында қаламсаппеп дұрыс жұмыс жасау ережесін сақтау. Бір – бірлерінің пікірлерін тыңдау, өз пікірін ашық білдіру |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалй өтті?Қандай кедергілер болды?Не сәтті өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|

1-топ «Ата»
2- топ:Әже
3-топ:Әке
4- топ: Ана











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген