жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отбасым .Қ дыбысы мен әрпі
|
Пәні: Сауат ашу Күні: Сынып: 1 «ә» |
Мектеп: №73 ЖББОМ Мұғалімнің аты-жөні: Алданазарова Г.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. |
||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау. |
||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Қ дыбысы мен әрпі. |
||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
|||||||
|
Сабақтың ортасы 8 минут |
Әр сабақта, балалар,
дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. Қане, кім айтады дыбыс дегеніміз не? «Қ» дыбысы және әрпімен таныстырылады. «Қ»-ның дауыссыз екені, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіледі. Таңбасы үйретіледі. Қарақат сөзіне дыбыстық талдау жасатылады. Оқулықта берілген сюжетті суретті басшылыққа алып әңгіме құратылады. №1 Оқылым. Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, бір дыбыстың өзгеруінен жаңа сөздің пайда болу құбылысын байқату. Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалауды жүзеге асыру. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|||||||
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|||||||
|
Қызықты тапсырма 8 минут Аяқталуы 16 минут |
Шығармашылық жұмыс: Арома шай ішіп болды., кім айтады? Тимур, сен ішкен шай не татиды? Қарақат па, Құлпынай ма, лимон ба, бүлдірген ба? Ал балалар шаршағанымызды, шөлімізді бастық, арома (иіс сезу) қимылына қарап дамиды, сондықтан келесі жасар жаттығуымыз ұсақ қол маторикасына арналған жаттығу еңбек терапиясы (трудотерапиясын) жасаймыз, яғни күз мезгілі келіп, егін бітік шығып, табиғат - ана бізге молшылық сыйлап, байытты. Енді жасап, өзімізді қуанышқа бөлейік. Стол үстіндегі картон қағазға желім жағып, оған тұқымды желімдеп келген қонақтарға сыйлық жасап беріп, оларды өнерімізбен таң қалдырайық, балалар! Кім айтады, жасаған жұмыстарыңды сыйламас бұрын түсіндіріңдер, ненің тұқымынан жасалғанын айтыңдар? Дұрыс, Тимур сен не жасадың қоян, неден жасадың? Шемішкенің тұқымынан. Айгерім, сен не жасадың? Шар, бұршақтың тұқымынан. Міне, балалар, Табиғат - ананың бізге берген сыйынан неше алуан нәрсе жасап, кәдеге асыруға болады. №2 Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап. Әкесінің заттары: балға, ара, шеге, қалақ. Шешесінің заттары: қасық, табақ, қазан, шанышқы. Қыздың заттары: қуыршақ, ойыншық тышқан, ойыншық тауық.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Отбасы мүшелеріне қатысты заттарды оқушылардың дұрыс табуына және бұл заттарды үш топқа бөліп көрсетуіне мүмкіндік жасаңыз. Осы заттар ыдыстар, ойыншықтар, жұмыс құралдары болып топтастырылады. Оқушылар әкесінің заттары – жұмыс құралдары, шешесінің заттары – ыдыстар, қыздың заттары ойыншықтар екенін табады. Оқушылардың Ққ әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.
|
Бас бармақтар |
|||||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Дыбыстарды ажырату, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алу білігін бағалау. Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау. Сюжетті суреттер бойынша қойылған сұраққа жауап беру білігін бағалау Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау. |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|||||||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген