жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.
|
Пәні: Сауат ашу |
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы |
|||||||||||
|
Күні:02.03.2018 |
|
|
||||||||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. |
|||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1Оқушыларға Қ қ дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту,сөздерді оқу мен жазуға үйрету. 1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін(дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау |
|||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
|||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
|||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ұқыптылыққа,таза,әдемі жазуға,дұрыс оқуға тәрбиелеу. |
|||||||||||
|
Кіріктірілген сабақ |
Жаратылыстану, дене шынықтыру |
|||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , интербелсенді тақта |
|||||||||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Қ дыбысы мен әрпі. |
|||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
– Балалар, шеңбер болып тұрамыз: Қайырлы күн! Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз білім алу Міндетіміз еңбектену Еңбектену арқылы Жақсыға қолды жеткізу! |
Ширату |
||||||||||
|
Білу деңгейі: Алдыңғы оқылым Сабақтың ортасы 10 минут Түсіну деңгейі Қолдану деңгейі 8 минут |
Топқа бөліну. Балалар шеңбер болып тұрған орындарында жасыл, сары, қызыл түске боялған асықтар арқылы үш топқа бөлінеді. Жасыл-зеленый-green Сары-желтый-yellow Қызыл-красный-red - Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. Әріп дегеніміз не? Дыбыстың таңбасы Дыбыс? Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз Біз өткен дауысты дыбыстарды атайықшы -Аа, Оо, Уу, Ыы Ал, дауыссыз дыбыстар Нн, Лл, Тт, Шш, Рр, Сс, Мм. Дескриптор: -білім алушы дыбыс пен әріп ережесін айтып, талдайды -білім алушы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтып, еске түсіреді. Алдыңғы оқылым Сөздерге дыбыстық талдау жаса: 1-топ: Ырысты 2-топ: Мысық 3-топ: Шарлар Балалар біз жаңа топқа не арқылы бөліндік? Асық таңдау арқылы Ендеше, осы «асық» сөзіне қарайықшы неше дыбыстан құралған? Бізге таныс емес қандай дыбысты естіп тұрмыз? -Ққ дыбысы Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Ққ дыбысы сөздің басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады. Бейнеролик «Әріптер әлемі» -Қандай сөздерді естідік? Дескриптор: -білім алушы сөздерге дыбыстық талдау жасайды -білім алушы Ққ дыбысы мен танысып оның айтылу, жазылу ерекшеліктерін меңгереді. Бағалау: -оқушылар бір-бірін бағдаршам түстерін таңдау әдісі арқылы бағалайды №1 Тыңдалым. Бұл ненің суреті? (Жеміс) Қандай жеміс? Қарақат смородина currant 1-топ: Қарақат сөзінде қанша дыбыс бар? Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз? 2-топ: Қарақат сөзін буынға бөледі. Ққ дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр? 3-топ: Қарақат сөзіне сөйлем құрайды. Суретпен жұмыс: Дастарқан басында кімдер отыр? Осы суретте Ққ дыбысы кездесетін қандай заттар бар? Қасық, құман, тақтай, қарт кісі ата, Қанат. Дескриптор: -білім алушы сөздерді буынға бөледі және сөздерге сөйлемдер құрайды -суретпен жұмыс жасай отырып, сөздерді талдайды. Бағалау: -оқушылар әр топты шапалақтау әдісі арқылы бағалайды №2 Оқылым Қарамен жазылған сөздерді топқа бөліп оқу Соңғы бағандағы сөзді әр топтан бір оқушыдан оқиды. |
Асықтар
Тақтамен жұмыс
Топтық жұмыс Бейнеролик АКТ қолдану Белсенді оқу
|
||||||||||
|
Ширату жаттығуы 1 минут |
Ойын ойнау «Кім жылдам?». Белсенді оқу Тақтаға екі оқушы шығады. А дыбысынан келетін сөз айтса қолымызды шапалақтаймыз Қ дыбысынан келетін сөз айтса аяғымызды тарсылдатамыз |
Ширату жаттығуы |
||||||||||
|
8 минут Талдау деңгейі Қызықты тапсырма 8 минут Жинақтау деңгейі |
№3 Жазылым Ққ дыбысының баспа жазба түрін көрсету Ауада жазу Тақтаға жазып көрсету Оқушылар дәптерге жазады Дескриптор: -білім алушы дәптермен жұмыс жасайды -білім алушы Ққ дыбысының жазылу емлесін меңгереді №4 Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап. Сәйкестендіру әдісі
|
Оқулық, дәптерлер.
Оқу диалогтері Жұптық жұмыс |
||||||||||
|
Сабақтың соңы
5 минут
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Рефлексия.
Кері байланыс Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді, алған әсерімізді микрофон әдісі арқылы қорытындылаймыз
Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға қатысты) 1: Сабақта бірлескен оқу және оқу диалогтері әдіс-тәсілдерін тиімді қолдандым 2: Қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданып, оқушыларды бағаладым Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Жазылым дағдысы бойынша көбірек тапсырмалар беру 2: оқушылар арасында жұптық жұмысты тиімді ұйымдастыру Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Жаңа өткен әріп бойынша сөздік диктант жүргізу 2: Топтық тапсырмаларды көбірек ұйымдастыру
|
Е |
||||||||||




ркін
микрофон

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген