400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің отбасым" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"менің отбасым" тақырыбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі



САБАҚ:  Сауат ашу


Күні:


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:  Менің отбасым.

 Қ дыбысы мен әрпі.



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

1.1.9.2. дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

1.1.8.1. берілген сюжетті сурет бойыншашағын әңгіме құрап айту.

Ойлау деңгейлері

Білу және түсіну

Бағалау критерийлері

*Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады;

*Сюжетті суреттерді сипаттайды.

* Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме

құрастырып айтады.

Тілдік мақсат


Пәндік лексика және терминдер

Отбасы –семья-family

Қоян-заяц- hare

Қуыршақ-кукла-doll

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қ дыбысы қандай дыбыс?

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, видео

Бұған дейінгі меңгерген білім

Менің отбасым. Қ дыбысы және әрпі

Жоспар

Жоспарланған

уақыт есебі

Жоспарланған тапсырмалар

Дерек

көздер

ресурстар



Басы

6 мин






























































Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару

Психологиялық ахуал

 Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Ой қозғау

Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

-Балалар дыбыстардан не құраймыз?

-Буын.

-Буыннан не құраймыз?

-Сөз.

-Сөзден не құраймыз?

-Сөйлем.

Ал ,балалар! Біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық.

-Қ дыбысы

-Қ дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз

-Қане тыңдап көрейік.

-Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?

         Кел,тыңдайық ертегі,

         Ертегі сыр шертеді.

         Талай ғажап оқиға

         Естіген жан елтеді.

-Ерте,ерте ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп,құстар сайрап,аңдар тіршілік етіпті.Түн болып,орман да,ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің

барлығы мүлгіп ұйқыға кетіпті.Тым-тырыс.Сәлден соң тау арасынан күн де

сығалады.Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні орманды жап-жақсы жаңғыртып жібереді.

-Ол қандай құс?

-Тоқылдақ

-Тоқылдақты,орман емшісі дейді.Себебі ол ағаштағы құрт-құмырсқаларды

жеп емдейді екен.

Сонымен,тоқылдақ «Ерте тұрып,еңбек етсін» деген оймен теректің басына қонып айғай салады.

Тоқылдақ: Тоқ-тоқ-тоқ

                      Күн шықты енді ұйқы жоқ ,-деп теректің қабығын қаққылап жатады.Тоқылдақтың айғайына ызаланып,ұйқысы қанбаған аңдар

ояна бастайды.Кейбір аңдар тоқылдақтың айғайын елемей,ұйықтап жата береді.

-Ол қандай аңдар екен?

       Жұмбақ

Қалқиған екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

                         (Қоян)

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

                         (Қонжық)

Аузы бейне шалғы,орақ,

Шөп емес,бірақ мал орады.

                          (Қасқыр)

-Балалар! Қ дыбысы буынның басында, буынның ортасында және буынның аяғында берілеген сөздерді атайық.

Бұл аңдар да оянып,ашуға булығып,ызалана бастайды.Аңдардың барлығын ашуландырып алған тоқылдақ,енді олармен достасудың амалын іздейді.

Балалар ол бізден көмек сұрайды.Бізге тоқылдақ бірнеше тапсырма береді.

Сол тапсырмаларды орындасақ,тоқылдақ аңдармен қайта достасады екен. Қане балалаh қандай тапсырма екен көрейік.

1 тапсырма:   Оқулықпен жұмыс.

№1.Оқылым

№2.Айтылым

Оқы.

Анам тамақ дайындады. Ол  қасық, шанышқы алды. Мен атамды тамаққа шақырдым. Тамақ пісті. Тамақтан кейін ыстық шай іштік.



















слайд

АКТ



суреттер





























Электрон-ды оқулық

























































Ойыншықтар, қоян,қуыршақ

слайд
























Дескриптор:




-сөздерді буындап немесе тұтас оқиды

-түсінгендерін баяндайды;

2 тапсырма:


Оқулық







Оқулық

Ширату жаттығуы

Би


Дәптермен жұмыс

3 тапсырма:

№3. Жазылым


Жұптық жұмыс













Қалыптастырушы бағалау




4 тапсырма.

1-топ

Түсіп қалған әріпті жазу

2-топ

Берілген сөзге сөйлем құра







Қосымша  ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қиналатын оқушылардың қасына барып, сұрақтар қою, бағыт беру  арқылы көмек көрсету. Жұмысты жылдам орындайтын қабілеті жоғары оқушыларға конверт сыртына сурет салуды ұсыну.

Оқушылардың жұмыс жасау  барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау.

Сергіту  сәтін  өткізу.


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Жұлдызшалар тарату.

Қызыл жұлдыз- «өте жақсы»

Жасыл жұлдыз- «жақсы»

Сары жұлдыз-«орташа»

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 Рефлексия

Сабақ  мақсаттары / оқу  мақсаттары  дұрыс  қойылған  ба? Оқушылардың   барлығы  ОМ  қол  жеткізді  ме?

Жеткізбесе,неліктен?

Сабақта  саралау  дұрыс  жүргізілді  ме?

Сабақтың  уақыттық  кезеңдері  сақталды  ма?



+

+

+

+

+



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі