400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым. Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардан өз отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын сұраймын. «Қонақжайлылық» ойыны арқылы 2 топқа рөлдерге бөліп, қонақ күтеді. Әр топ өзара әке,ата, ана, әже, балалар, қонақтар рөлін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және талқылайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Пәні: Жаратылыстану


Мектеп: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым

Мұғалімнің есімі: Рахметхан Тойлан

Сынып: 1


Қатысқандар: қатыспағандар:

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру.

1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау.

1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының мәселелерін қарастыруды, мерекелерді суреттеуді, «шежіре», «отбасылық дәстүрлер» сөздерінің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Мереке күндері туралы әңгімелеп бере алады.

Кейбір оқушылар: Отбасы туралы мақал-мәтелдер айта алады.

Бағалау критерийлері

1.Отбасы мүшелерін атайды және анықтайды.

2. Отбасы ұғымын түсіндіреді.

3.Салт-дәстүрлерді түрлі дереккөздерден зерттейді.

Құндықтарды дарыту

Отбасы ұғымын түсіндіреді

Пәнаралық байланыс

Салт-дәстүрлерді түрлі дерек көздерден зерттейді

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар балабақшада үйренген отбасы туралы білімдерін еске түсіреді.

Тілдік құзыреттілік

отбасы – cемья – family;

Ресурстар:

Рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар, түрлі-түсті қағаз, желім.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Өткен сабаққа шолу

«Иә, жоқ» стратегиясы

Мектепте білім аласың .

  • Кітапханашы дәрі береді.

  • Егер жаяу келе жатсаң, сен жаяу жүргіншісің.

  • Мектепте асхана, кітапхана, шаштараз бар.

  • Әңгімелесу кезінде адамның сөзін бөлуге болмайды.

  • Сабаққа кешігіп келуге болмайды. (иә, жоқ деп жауап берулері керек)



Сабақтың ортасы


1. Сабақты «Түймедақ» ойынымен бастаймын. Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қоямын. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» тақырыбынаәңгіме өткізу.

  • Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде?

  • Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?»

  • Кел, талқылайық! Оқушыларға отбасы суретін мұқият қарап, жұпта талқылауды және өз ойын айтуды ұсынамын.

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Бұл адамдарды біріктіретін не?

  • Отбасы – ең жақын және туыс адамдар.

  • Әр отбасында жақсы қарым-қатынас  болуы өте маңызды. 

Оқулықтағы мәтінді оқып шығуын сұраймын.

Бағалау критерийлері:

  1. «Отбасы» ұғымын түсінеді.

Дескриптор:

- Отбасы мүшелерін біледі, ажырата алады .

- Өз отбасы туралы әңгімелеп бере алады.


ҚБ


2. Менің отбасым. Оқушылардан өз отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын сұраймын. «Қонақжайлылық» ойыны арқылы 2

топқа рөлдерге бөліп, қонақ күтеді. Әр топ өзара әке,ата, ана, әже, балалар, қонақтар рөлін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және талқылайды.

Дескриптор: - Ойын бойынша рөлге бөлініп, сахналап көрсете алады.

ҚБ «Фервекр» әдісі арқылы марапаттау.



3. Сен білесің бе?

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні.

Анықта. Ата аналарының балалық шағы туралы сұраймын.

Ізден: Наурыз мерекесі туралы әңгіметемін.

Бағалау критерийлері: 1.Туыстық атауларды ажыратады.

2.Сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор: - Туыстық атауларды атай біледі.

- Отбасындағы дәстүрлер туралы айта алады.

Кері байланыс «Серпілмелі доп»


Аудио жазба

Сергіту сәті


1 минут

Бәрі оянады

Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды

Түн, түн, түн.


Сабақтың соңы

Рефлексия


Кеменің суреттері









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі