400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің отбасым» тақырыбында ортаңғы топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға ұсыным «Менің отбасым» тақырыбында ортаңғы топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу,бұл балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасы мүшелерін тануға, оларды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас маманға ұсыным

«Менің отбасым» тақырыбында ортаңғы топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу,бұл балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасы мүшелерін тануға, оларды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

Мақсаты:

- Балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін ояту.

- Отбасы мүшелерінің атауларын ажыратуға үйрету.

- Сөйлеу, ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту.

Қолдануға болатын әдіс-тәсілдер:

- Суретпен жұмыс (отбасы мүшелерінің суреттері).

- Дидактикалық ойындар: «Кім қалай аталады?», «Отбасын құрастыр».

- Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар енгізу.

- Сергіту сәті – қимылды жаттығу.

- Шығармашылық тапсырма – «Менің отбасым» суретін салу.

Күтілетін нәтиже:

- Балалар отбасы туралы түсінік алады.

- Сөздік қоры мен байланыстырып сөйлеу дағдысы дамиды.

- Эмоциялық жақындық, қамқорлық сезімі қалыптасады.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізудің бір нұсқасы.

Балаларды отырғызып ыңғайлап алу.Әуен қосу: Бота Бейсенова. «Ақ дидарлы, анашым!» (үзінді тыңдату)

Тәрбиеші: Балалар әуен әдемі ме?Кім туралы айтып жатыр?

Балалардың жауабы.(ана туралы)

Тәрбиеші :Балалар, бүгін біз «Менің отбасым» деген тақырыпта әңгімелесеміз.Отбасы деген –бір үйде бірге өмір сүретін жақын туыс адамдар.Олар –Ата,әже,әке,ана,бала сен сонымен қатар апа-ағаларың болуы мүмкін немесе сендерден кішкентай бөпелерің болса,бәріңіз бір отбасысыздар!Ал,Ясмин айта қойшы сенің үйіңде кімдер тұрады?

Сөйтіп кезекпен екі-үш баладан сұрау немесе өзі айтқысы келіп сұранып отырған балалардан сұрау.Жетелеуші сұрақтар қоя отырып,балалармен әңгімелесу.

Сергіту сәті:

Бас бармағым – әкем,

Балан үйрек – анам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – әпкем,

Кішкентай бөбек – мен,

Біз бақытты отбасымыз – дер ем!



Шығармашылық жұмыс:

«Менің отбасым» тақырыбында сурет салу немесе отбасы мүшелерін жапсыру.

ҰІӘ-тін қорытындылау :

— Бүгін біз кімдер туралы әңгімелестік?

— Отбасы бізге не үшін керек деп ойлайсыңдар?

(Балалардың жауабы тыңдалып, мадақталады.)

– Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

– «Бүгін бәрің тамаша жұмыс жасадыңдар!»

Ұсыным :

Іс-әрекет барысында балалармен еркін, мейірімді қарым-қатынас орнатып, әр баланың қызығушылығын ескеріп жұмыс жасау ұсынылады. Белсенділік пен шығармашылық элементтерді көбірек пайдалану – іс-әрекетті қызықты етеді.



Балабақша әдіскері :

____ /қолы/

Күні: «_» ___ 202_ ж.



Таныстым: Тәрбиеші.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 қыркүйек
109
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі