400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Сауат ашу

Күні:

Сынып: 1 «ә»

Мектеп: №73

Мұғалімнің аты-жөні: Алданазарова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік құзыреттілік

Қ дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

8 минут



(МК; Ө; Қ)

№1 Оқылым.

Оқушылардың «Анам ас үйде. Ол қасық, шанышқы алды. Мен атамды тамаққа шақырдым. Қуырдақ жедік. Артынан ыстық шай іштік» мәтінін сөздер мен сызбалар арқылы оқуы ұйымдастырылады.

№2 Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

Әр суретке назар аудартылып, оның не екені (стақан, кесе, үстел) таптырылады. Суреттердің астында жазылған сөздер (суық, астында) оқытылады. Ол сөздерге дыбыстық талдау жасатып, оған мағынасы қарама-қарсы сөзді табу жұмысы ұйымдастырылады.

Мысалы: суық – ыстық;

астында – үстінде.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Аяқталуы

16 минут


№ 3 Ізденуді ұйымдастыр.Тобыңмен бірге суреттегі отбасы мүшелерін өз орындарына отырғыз. Неліктен солай отырғызғандарыңды дәлелдеңдер.

Оқушылардың суреттегі отбасы мүшелерін дастарқан басына дұрыс отырғызуына және не үшін олай отырғызғанын дәлелдеуіне мүмкіндік жасау. Бұл тапсырма «Кім қайда отыруы тиіс?» ойыны арқылы орындалады. Ойынның шарты: отбасы мүшелерін тиісті орындарына отырғызып, не үшін олай отырғызғанын дәлелдеуі тиіс. Мысалы, Атам мен әжем төрде отырады. Өйткені, олар – отбасының үлкендері, т.с.с.


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Өтіліп жатқан тақырып төңірегінде өзіндік ой-тұжырым, қорытынды шығарады. Оқушылар топта ортақ шешімге келіп, жұмыстарын топта жариялайды. Қойылған проблемалық сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып, көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» тәсілі арқылы өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалау.

Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып, ажырата алу, қолдану білігін бағалау.

Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беру, әңгіме құрау, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасау білігін бағалау.

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі