Материалдар / "Менің отбасым". "У дыбысы мен əрпі"

"Менің отбасым". "У дыбысы мен əрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешілеріне арналған
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі


Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Хыдырова Баян

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап береді.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. У дыбысы – кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс. У дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі у дыбысының орнын ажыратады.

У əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:



Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы у дыбысының орнын ажыратады. У дыбысына сөз ойлайды.

У дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша əңгіме құрайды, өз ойын толық жеткізеді. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

У дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Отбасы

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде.

Бұл отбасында кім үлкен, кім кіші?

Өз отбасыңда сенен кім үлкен? Таяқшаны қалай пайдаланасың?

Өткен ҰОҚ-

дан алған білім


Отбасы туралы əңгімелейді. Таныс əріптерді тауып, сөз, сөйлем құрайды. Сөздерді буынға бөледі?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

  • Кəне, балалар барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!

  • Ата-анам ауырмасын!

  • Үлкендерді сыйлайық!

  • Анамызды ардайық!

(Ұ)Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту мақсатында балалармен «Отбасым – берекем!» қимылды ойынын ойнатады.

Барлық балалар шеңбер жасап тұрады.

Педагогтің белгісімен отбасы мүшелерін айтып, бір қолымен екінші қолының саусақтарын бір-бірлеп жұмады. Егер саусақтары жетпей қалса, артқа қарай адымдап, қалған отбасыларын атайды. Көп адымдаған балаға «Үлкен отбасы» деген атақ беріледі. Ол бала қалған балаларды бақылаушы болады.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 –20 мин.

Тапсырма орындамас бұрын педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Əліппе-дəптер.



Маған да, саған да, Жақын туыс бес адам. Үш əріптен тұратын. Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан.

Бəрі де өз жұртың

Айтады, кəне, кім атын? (Ана, апа, аға, іні, ата).

Балалар жұмбақтың жауабын айтады.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Педагог: Балалар жұмбақтың жауабында аталған отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысы естіле ме?

Қайталап айтайықшы!

1.Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде.

Суретте берілген отбасы мүшелері туралы əңгімелейді. Педагогтің көмегімен отбасы мүшелерінің аттарымен атайды.

Отбасы мүшелерінің атауларының сызбасына қарап буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Отбасы мүшелерінің үлкенін, кішісін анықтайды. Балалар өз отбасылары туралы əңгіме құрады.

2-тапсырма. Педагог өлең жолдарын оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.

Балаларға педагог үлкендерді сыйлау, олардың тілін алу, үлкендердің жолын кеспеу туралы əңгімелеп береді.

У – бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.

Педагог У дыбысының дауысты дыбыстан кейін тұрса, дауыссыз болатынын, көк түсті дөңгелекпен, ал дауыссыз дыбыстан кейін естілсе, дауысты болып, қызыл түсті дөңгелекпен белгілейтіндерін айтып түсіндіреді.


Сөздердің сызбасы жазылған плакат.





Əліппе-дəптер.



























Тау, су сөздерінің дыбыстық


Балалар «Тау» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады.

Сөздің неше буыннан тұрғанын айтады. У дыбысының мұнда дауыссыз дыбысының рөлін атқарып тұрғанын біледі.

«Су» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады. Су сөзінде У дыбысының дауысты дыбыс рөлін атқарып тұрғанын біледі.

3-тапсырма. У əрпімен танысайық.

Күз бейнеленген суретке қарап отырып, балалар күз мезгілі тұралы əңгімелеседі. Күз мезгілінде жапырақтар түсіп ағаштардың бұтақтары көрініп тұрғанын байқайды.

Педагог У əрпінің суретін көрсетіп, бұтақтың суретіне назар аудартып, ұқсастықты айтады.

Балалар бұтақты саусақ ұшымен бастыра салып, сосын ауада салып көрсетеді.

Педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Балалар өлең жолын қайталай отырып, у дыбысының анық айтылуына жаттығу жасатады.

(Ұ) Сергіту сəті

Шеңбер болып тұрамыз,

Керегені құрамыз, Уықтарды көтеріп,

Шаңыраққа тірейміз. Жоғары біздің шаңырақ, Күн сəулесін шашады.

Киіз үйде жиналып,

Отбасымыз бақытты!

Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

4-тапсырма

Педагог У əрпінің баспа түрін көрсетеді.

Балалар өздеріне берілген моншақты сымға тізіп, У əрпіне ұқсатып жасайды.

5-тапсырма

Педагог балаларға У дыбысын жасау үшін таяқшаларды қолдануға болатынын айтады.

Балаларға ой тастайды.Балалар У дыбысының бейнесіне қарап отырып, өздеріне қанша таяқша керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі.

У əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады.

белгімен жазылған плакаты.








Əліппе-дəптер.



















У әрпінің баспа түрі жазылған плакат








Әліппе дәптер

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия.

20-25 мин.

Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылап, мадақтайды. Оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайлик арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер






Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі