Осы сабақ арқылы жүзеге
асатын оқу мақсаттары
Ж2сипаттама эссесінің құрылымын сақтай отырып,
адамды сипаттап жазу;
ТБ2лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін,
түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу,
жазбаша/ауызша жұмыстарда қолдану;
О4мәтіннің тақырыбын, мазмұндық құрылымын
салыстыру
Сабақтыңмақсаттары
Барлық
оқушылар: эссенің құрылымын
сақтайды,адамды сипаттай біледі.
Көпшілігі:сын
есімдерді ауызша,жазбаша жұмыстарда талдайды,
қолданады;
Кейбірі: мәтіннің тақырыбын,құрылымын
салыстырады
Бағалаукритерийлері
1.Эссенің құрылымын
сақтап,отбасы мүшелерін сипаттап жазады.
2.Сын есімдерді
ажыратып,жазбаша/ауызша жұмыстарда
қолданады.
3.Мәтін тақырыбын
түсінеді,мазмұндық құрылымын салыстырады.
Ойлаудағдылары
Білу, түсіну, талдау,
қолдану, жинақтау, бағалау
Оқытуәдіс-тәсілдері
Жеке,
топтық
Пәнаралықбайланыс
Әдебиет,
халықпедагогикасы
Сабақтыңбарысы
(7
минут)
Психологиялық
тренинг:«Шаңырақ» шаттық шеңбері н құрғызып,
ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға: Балалар, сендер
қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер
айтасыңдар?
Осыған дейін меңгерілген
білім
Алдыңғы білімді
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы тексеремін. (Қонақтарды қарсы
аламыз)
Алыстан үйге келген адамды
кім дейміз? (қонақ)
Үйге қонақ келген жағдайда
не істейміз? (қарсы алу)
Оларды қалай қарсы аламыз?
(амандасу, төрге шығару)
Сабақтыңортасы
(33
минут)
Оқушылардың жаңа сабаққа деген
қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып,
«отбасы» сөзіне ассоциограмма
құру.
1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөзбен
таныстырып,аудармасын айтамын. Оқимын оқушыларға
қайталатамын.
Топтық тапсырма. Мәтін
таратылады «Қабырғадағы
рөл»әдісі. Оқушыларға сұлба
беріледі.
1-тапсырма
Шарты:Дайын сұлбаға
кейіпкер туралы не білгендерін жазып, сыртына кейіпкер туралы нені
білгісі келетіні туралы сұрақтар жазады. Постер
қорғайды.
1-топ Әке отбасындағы
барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан
бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс. Қазақ
отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.Әке -
әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы,
қамқоршысы. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені
тыңдайды.Әке – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана
да, балалар да құрметтейді, сыйлайды.

2-топ Ана әкені сыйлау
арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін
де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.Ана – отбасының
беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады,
ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана –
отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де,
балалар да ананы сыйлайды.

3-топ Отбасының ең үлкен
байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»
-,дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие
болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі -
әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші
баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге
үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке,
мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа
баулыған.

КБ: «Басбармақ» тәсілі
арқылы баға береді.
2-тапсырма.Эссе
«Менің отбасым»тақырыбында әр топ оз мүшесі туралы сипаттап
жазады.Сын есімдерді қолданады.(30-40 сөз) (жазылым.)Төменде
ұсынылған тірек сөздерді қолданады:асыл
жандар,сабырлы,ренжітпеймін,көмекші,өте
тату
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------