400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің отбасым"тәрбие сағаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің отбасым" тақырыбына жазылған тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары.Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал болары сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Тәрбие сағаты

Бөлім

«9 айдағы 9 іс-шара» жобасы

Педагогтың Т.А.Ә

Калкаева Р.К.

Күні:

27.11.2023ж

Сынып: 1 «Г»

Қатысушылар саны 29

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Менің отбасым» Шығарма жазу,әңгімелеу

Оқу мақсаттары

Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.


Сабақ мақсаттары:

- Отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым-қатынасқа үйренту;

- Туыстарына, жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.


Құндылықтарды дарыту


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Бастал

уы

1. Шаттық шеңбері

(оқушылар өлеңді жатқа үйреніп, қимылмен көрсетеді. Екі рет қайталанады).

Үлкенге де сіз,                                 (оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз.                                    (сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп,                (екі қолын кеудеге қояды)

Бас иеміз біз.                                    (бас иеді)


Қане, балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!

                         

                   Жұмбақ:

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім?

– Отбасы.

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Олай болса,бүгінгі сабағымыз отбасы туралы болмақ.


Сұрақтарға жауап береді




Ортасы

2 Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің "Анау не? Мынау не?", - деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін

Мұғалім: 1.
Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. «Әке - асқар тау» дейді халқымыз.
Әке туралы мақал - мәтелдер айту.
Ана туралы мақал - мәтел айту.
Мұғалім: «Ана - сая бағың,
Әке - асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі - әлпештеген ә
ке мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.

Ойын: «Менің отбасым»

Оң жақта берілген сурет бойынша отбасы мүшелерін дастархан басына бағдар арқылы орналастырыңдар.

Төрге кімді орналастырар едің?

Есік жаққа кім отырады?

Қонақ келсе қайда отырады? – деген сияқты сұрақтар қоя отырып, әңгімені құрастыру. Балалардың жауабын тыңдау. Балалар, сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?

Келесі тапсырма «Кім не істейді?» деп аталады. Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып  сөйлем құрайды:

Анам тамақ пісіреді.

Әкем кітап оқиды.

Атам теледидар көреді.

Ағам сурет салады.

Інім текшемен ойнайды.

Әпкем сабақ оқиды.









тыңдайды





































































Аяқталуы


Қорытынды. « Жүректен- жүрекке»

Бір сәт көзімізді жұмып, әрқайсысымыз өз отбасымызды көз алдымызға елестетіп көрейік. Енді әрқайсысымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсылық тілегімізді іштей айтайық. Сәл тыныштықтан соң мұғалім:

Көзімізді ашайық. Отбасыларыды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар

Отбасыларыңа қандай жақсы тілек тіледіңдер?

Үйлеріңе қайтқыларың келгендері бар ма?

Кімді сағындыңдар?

Ендеше, сендердің барлығың отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Сол үшін сағынасыңдар. Бұл сендердің отбасыларыңа деген сүйіспеншіліктеріңді білдіреді.
Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
02.06.2024
377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі